Адами қарым-қатынас ізгіліктері (баяндама)

Галешова Насип Ержанқызы

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                                     С.А.Назарбаева.

 

Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Бұл орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» рухаи-адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында оқушыларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар  аударылады. Оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының ерекшелігі оқушылардың үнемі қарым –қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген  іс- әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Мектептегі құрбыларымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең болғандықтан, жоғарыда айтылғандай жарасымды қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады.

Алматы қаласындағы АҮД институтының ғылыми қызметкері Р.О.Ізғұттынованың берген анықтамасы бойынша, қарым-қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңе, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу;  басқа адамға ғашық болу; әлемді, әр түрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген-өмір.

Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Адамға қатысты қандайда бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-қатынаспен астасатыны белгілі.Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиетті құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешқауытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі адамгершілік белгісін танытады.

Қарым-қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез-келген адам сізбен қарым-қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55%  ақпаратты сөз емес,іскерлік қарым- қатынастан, 38%  ақпаратты дыбыстардың (тембр, ырғақтан т.б.), 70% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым-қатынаста адам саналы түрде дамиды, жетіледі.

“Адамға қалай болса, қашан да болса, пайда келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу , жамандықтан безу-адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе”  Мағжан Жұмабаев.

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы  мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қасиеттерімен қабілеттерін аша алады.  Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айырылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек қана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады.  Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінің барлық адамгершілік, психикалық мінез-құлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.

Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлылық, қатігездік, тұрпайылық, сыйласымсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұқсамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы: ол-дәрігер, ол-сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны  бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көрінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді.Қарым-қатынас басқа да іс- әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады. Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: шешуші фактор-баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады.  Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.  Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар  өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағаттандырады. «Өзін-өзі тану» және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты.

Адам баласының ой-өрісі, сөздік қоры, сенімділік қасиеттері жылдан-жылға кеміп барады десек, қателесеміз. Кез-келген адамның жұртшылықпен байланысы, пікір алмасушымен ой бөлісу, әңгіменің анық та, тартымды болуына негізделеді. Сондай-ақ, адамзат табиғатынан көркем сөз бен өнерге құштар болып келеді, шынайылыққа тікелей қарайтын болсақ, осындай құштарлық бүгінгі күні көпшіліктің назарынан тыс, керісінше техника төңірегінде тіршілік етіп, жансыз дүниеге құмармыз.

Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекет адам өзге адамдармен қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек.

Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинақтауға болады, жаңа әртүрлі нәрселерді білуге болады. «Кісі болар кісінінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің кісіменен несі бар» деген екен Ақсуат би.

Өзін-өзі тану пәнінің негізгі бағыт бағдары осы қарым- қатынасты дұрыс жолға қойып,адамгершілік қасиетті дамыту жолдары барлық сыныптың бағдарламасында қарастырылған. Осы бағытта мен өзім дәріс беретін мектепте оқушыларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста тәрбиелеу жолында  жұмыстар жүргізудемін. Сол жұмыстармен таныстырып өтсем.

6-сынып оқушыларымен «Қарым-қатынас мәдениеті»тарауы бойынша «Бауырмалдық және кеңпейілділік» тақырыбында өткізген сабақ жүрісімен таныстырып өтсем:

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: бауырмалдық, татулық, кеңпейілділік.

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Білімділігі: Оқушыларды  адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық қасиеттерін түсіндіріп, оларға осы ұғымдар туралы мағлұматтар беріп, оны меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушыларды  айналасындағыларға түсіністікпен қарап,олардың қамқорлық сезімін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды  бауырмалдыққа, татулыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеу.

       Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, бейнетаспа, плакат, түрлі түсті қарындаштар, жүрекшелер, слайд.

      

І.Сабақ   барысы: Ұйымдастыру кезеңi ( 5«Т»сақтау)

Тыныштық сәтi.  Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мағауин «Бір атаның балалары» повесін түсініп оқу.

Мазмұны  бойынша сұрақтар:

  1. Басқарма халықты не үшін жинады?
  2. Ахмет ата неліктен немістің баласын таңдады?
  3. Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?
  4. Ахмет атаның сүйіспеншілікпен жасаған жақсылықтарын айтып беріңдер?
  5. Сендерге жақындарың мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Қорытынды: балалар байқағанымыздай, бұл әңгімеден қазақ халқының бар          ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік          танытқанын көруге болады.

ІІІ.Дәйексөз.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Абай Құнанбаев

Дәйексөзді топқа бөліп оқиды.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәйексөзді дәптерлеріне көшіріп жазады.

ІҮ.Әңгімелеу

«Алма ағашы» өсиет әңгіме

Жарық дүниеде Алма ағашы өмір сүріпті.Ол кішкентай бір баланы жақсы көріпті. Бала күн сайын Алмаағашқа келіп жапырақ жинап, орман королін ойнау үшін, олардан шеңбер өреді.  Ол оның діңімен өрмелеп, оның бұтақтарында тербеледі… және алмасын жейді. Алма ағашпен тығылмақ ойнайды. Ойнап болып шаршаған соң Алма ағаштың бұтақтарының көлеңкесінде ұйықтайды. Бала алма ағашты өте жақсы көреді. Алма ағашыда бақытты болады. Уақыт өтіп жатты. Бала ер жетті. Бірде бала алма ағашқа келді. Оның жүзі мұңды болатын. Ағаш балаға: «Менімен бірге ойнашы», — деп тіл қатты. Бала: «Мен енді бала емеспін. Мен енді ағаштың айналасында ойнамаймын, маған ақша керек.Сен ақша бере аласың ба?

«Кешір, менің ақшам жоқ. Бірақ, менің алмаларымды алып, сатсаң болады. Сонда ақша табасың», — деді алма ағашы. Бала өте қобалжулы еді. Ол ағаштағы алмалардың бәрін алып, қуанышы қойнына сыймай кете берді. Ол сол алмаларды әкеткеннен ұзақ уақыт келген жоқ. Алма ағашы мұңайып, жабырқаулы күйде болды. Бір күні бала қайта келді. Сонда ағаш оны қуанышпен қарсы алып: «Менімен ойнашы», — деп өтініш жасады. Ал, бала: «Менің ойнайтын уақытым жоқ. Отбасымды асырау үшін жұмыс істеуім керек. Бізге баспана керек. Сен маған көмектесе аласың ба?» — деді. Менің саған берер үйім жоқ. Бірақ, үй салу үшін менің бұтақтарымды кесіп алып, өзіңе үй салып алуыңа болады.

-Бала өзіне үй салып алу үшін Алма ағаштың бұтақтарын кесіп алды.

Ағаш оның қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзін көріп, риза болып қала берді. Бірақ, ол адам содан кейін ұзақ уақытқа дейін келмей қойды. Алма ағашы тағы да жалғыздықтың зардабын тартып, мұңаюмен болды. Ал бала қайта оралғанда Алма ағаш бақыттан әрең сөйледі.

-Бала, бері келіп ойна, -деп сыбырлады ол.

-Мен ойнау үшін өте кәрімін және қасіреттімін,-деп жауап берді бала. Маған алысқа жүзіп кету үшін қайық керек. Сен маған қайық бере аласың ба?

-Менің діңімді кесіп алып, өзіңе қайық жасап ал,-деп жауап берді Алма ағашы.  Сонда сен алысқа жүзіп кете аласың да, бақытты боласың.

Бала Алма ағаштың діңін кесіп алып,өзіне қайық жасап алды да, алысқа жүзіп кетті. Алма ағаш бақытты еді, өйткенмен…

Тағы да көп уақыт өтті, бала Алма ағашқа қайтып оралды.

-Кешір, бала,-деді Алма ағашы, енді саған берер ештеңем жоқ, менде еш нәрсе қалған жоқ. Саған берер алмам жоқ…», — деді.

-Алма жейтін тісім жоқ, — деп жауап берді.

-Менде бұтақтар қалған жоқ,-деді Алма ағашы, сен оларда тербеле алмайсың.

-Бұтақтармен тербелуге мен өте кәріммін,-деп жауап берді бала.

-Кешір,-деп демін ішіне алды Алма ағашы,-мен саған бір нәрсе болса да бергім келеді…ибірақ менде ештеңе қалмады. Мен енді тек кәрі түбірмін. Кешір…

-Ал енді маған көп нәрсе керек емес. Тек тынығып, бой жазатын жер қажет. Осыншама жылдардан бері әбден титықтадым», — деп жауап берді. «Жақсы! Ағаштың ескі тамыры дем алуға өте ыңғайлы. Отыр, жаныма тізе бүгіп, тынығып ал». Бала отырғанда, ағаштың қуанғаннан көз жасы жерге тамып, күлімсірей берді…Алма ағашы бақытты болды.

 

1.Бала алма ағаштың кеңпейілділігін бағалай алды ма?

2.Кеңпейілділіктің шегі бар ма?

3.Бала ағаштың кеңпейілділігіне сай ниет танытса, не болар еді?

4.Балаға қандай тілек айтар едіңдер?

Қорытынды:

Бұл әңгіме біздің баршамызға қатысты. Алма ағашы – біздің ата-анамыз. Біз кішкентай болғанда Әкемізбен, Анамызбен ойнаған бізге ұнайтын. Есейгенде олардан жыраққа кетеміз. Оларды анда-санда ғана еске алып, қиналғанда көмек сұрап, сая іздеп келеміз. Біз хабарсыз кетіп, қал-жағдайын білмесекте, қайтып келіп не сұрасақта әке-шешеміз тек біздің бақытты жүзімізді көру үшін қолдарындағы барын бізге береді. Не жұбай, не бала, не достар ешқайсы бізді ата-анамыздай жақсы көріп, біз үшін өздерін құрбан ете алмайды. Сол себепті де «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында» екенін естін шығармайық. Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, сыныптастарыңызды әрдайым бағалай, сыйлай, қадірлей және сүйіспеншілікке бөлей біліңіздер.

Ү.Шығармашылық жұмыс.

Әртістер тобы:

Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.

Ақындар тобы:

Бауырмалдық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, бір шумақ өлең құрастыру.

Жазушылар тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына эссе жазу.

Ойын: Газет беті

ҮІ.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр

Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр күнін,

Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың,

Қанаты самғаған,

Балалық құштарым,

Өзіңе арналған.

 

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

 

Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ме ай, күнін,

Қолыма түспеді.

 

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

Өз бойыңыздағы жағымды қасиеттеріңізді жазып келіңіздер және оқушы дәптеріндегі тапсырманы орындап келу.

ҮІІІ.Соңғы тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады.

Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді екі тілек бір жұлдыз бағаны бойынша тақтаға жазып жапсырайық.

Сабақпен қатар оқушылармен өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс шаралар да  жоспар бойынша өткізіліп отырады. Дұрыс әрекет құндылығына байланысты 8-сынып оқушылармен  өткізілген қайырымдылық  іс-шара    жұмысымен таныстырсам: Тақырып: «Қайырымды болу-адамгершілік бастауы»

Мақсаты: оқушылармен қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, әлеуметтік көмек көрсету.

Міндеттері:

-оқушыларға қайырымдылықтың маңызын ұғындыру арқылы ізгілік туралы түсініктерін кеңейту.

-оқушыларды қайырымдылық іс жасауға баули отырып, адамгершілігі мол, үлкенге ілтипат көрсете білуге үйрету

-оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Оқудан тыс іс әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1.Іс-шараны өткізетін орынды таңдау, мерзімін белгілеу. Ардагер ұстаз Гүлжамал апайдың үйіне барып, қайырымдылық жасау ұйғарылды. Күні  бұрын әжейдің үйіне барып, жағдайын біліп, оқушылармен, ата-аналармен кездесуге рұқсат алынды.

  1. Іс-шараны өткізетін орынды таңдау, мерзімін белгілеу. Оқушылар мен ата-аналар осы кездесудің мақсатымен таныстырылды. Қарт әжеге көмек қолын созу сүйіспеншілік білдіру, қызмет ету біздің басты міндетіміз екені түсіндірілді.

3.Жүргізілетін іс-шараның жоспарын жасақтау.

Іс-шараны қалай өткізетінімізді қадамдарын ойластырып жоспар құрылды.

Әдеби –музыкалық монтаж бағдарламасы әзірлеу  жоспарланды.

  1. Жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген «Үлкендерді құрметтейік» атты әдеби-музыкалық монтаж әзірлеу.

Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген «Үлкендерді құрметтейік» атты әдеби- музыкалық монтаж дайындау үшін ән мен күй, билер орындауды ойластырып, дайындық жасады.

Іс-шараны өткізудің жоспары

1.Қариямен оқушыларды таныстыру.

2.Қарияға көмектесу (ұлдар ауласын тазалайды, қыздар үй ішіне көмектесу)

3.Қорытындылау.

(қарияға сөз беру. Алғыс білдіру)

Құрметті оқушылар ардагер ұстаз  Гүлжамал апай достық көмек көрсетіп, жылы лебіз білдіруге келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Осы жұмыстарды талдай келе  «Өзін-өзі тану»рухани –адамгершілік білім бағдарламасы деңгейі бойынша мұғалімдер курсынан алған теориялық білімімді практика жүзінде қолданудамын. Курс заман талабына сай әр түрлі әдістермен өзін-өзі тану пәнін жаңаша бағытта қызықты және жоғары дәрежеде жүрізу жолдарын үйретті. Осы курстың жүргізілуі менің жұмыс істеу қабілетіме және әдіс-тәсілдерді жан-жақты меңгеруіме зор ықпалын тигізді. Себебі курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты топтық, шығармашылық жұмыстар жасауда,  сыныптан тыс өткізілетін іс – шараларды  топпен орындау арқылы өзімді толғандырып жүрген мәселемнің шешімін таптым. Мысалға алсам, «Сананы сумен тазарту» (тренинг), «Жалғыз адамның қолынан не келеді?» (сахналау), «Рухани адамгершілік туралы » көрініс, «, «Әдептілік» (көрініс), «Ең құдіретті мұғалім» (сахналық қойылым),  т.б.көрген- білген ақпараттарды қазіргі кезде өз тәжірибемде пайдаланудамын.

Сондықтанда  баланың  бойына  жастайынан мейірім, ізгілік, қайырымдылыққа толы құнды қасиеттерді сіңіру, ойы мен ісі сөзі бір жерден  шығатын адам тәрбиелеу- менің  басты міндетім.Осы міндеттерді негізге алу жолдарын деңгей бойынша мұғалімдер курсынан дәріс алған кездегі тренерім Айжан Сейсенқызының бір-біріне ұқсамайтын әдіс-тәсілдегі сабақтары мен көрсетілімдері менің жаңаша сабақтар өткізуіме негіз болды. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болатынына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жете отырып, жоспарлы сабақтарды жан-жақты ізденіспен өткізу менің басты мақсат-міндеттерім болып қалыптасты.

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1.Өзін-өзі тану  КZ журналы  №1.13-бет.

  1. О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012
  2. Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш мектеп № 2. 2004

4.Б.Қ.Игенбаева Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.

5. Интернет материалдары

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *