Атқарылған жұмыстар туралы рефлексивті есеп

Қарабекова Рыскүл Сейдахметқызы

Бірінші  (ілгері) деңгейлі курс бойынша  кәсіби біліктілігімді  жетілдіру барысында  мектеп  өміріндегі  өз  іс-тәжірибемде оңды өзгерістер болды.

Алғашқы қадамды мектеп ұжымымен бірлескен  оқулар мен іс-тәжірибе алмасу жұмыстарынан бастадым. Деңгейлік курсқа де дейінгі және курстан кейінгі  менің  көзқарастарым  өзгерді. Мен қандай да, бір   оқу процесіне қатысты  жаңашыл  әдістердің тиімділігін   сезінсем оны ұжымыммен бөлісуге дайын болдым. Бірлескен  ұжымдық жоспарларымыздың бастауы, мектеп директорының өндірістік жоспарынан бастау алады. Мектеп басшылығы желі ішінде жұмыс жасауға барынша қолдау көрсетіп отыр. Бұл мен және менің әріптестеріме  ынтымақтастықпен жұмыла  жұмыс жасауға мол мүмкіндіктер беруде. Мектептің даму жоспарына  өз үлесімді қосу барысында , 1 жылдық даму жоспарын жоспарладым. МДЖ негізгі басымдықтар: желілік қауымдастық ауқымын кеңейту, оқушыға қолайлы жағдай қалыптастыра отырып, сапалы  оқу үдерісіне қол жеткізу, көшбасшы мұғалімдер мен көшбасшы оқушылардың белсенділіктерін оқу мен оқыту үдерісінде тиімді пайдалану, ата-аналарды мектеп өміріне  белсенді араластыру, мектеп тәжірибесінің онды тұстары мен кемшіліктерін зерттеу, талдау жұмыстарын жетілдіру.

Осы аталған іс-әрекеттерге талдау жасайтын болсақ, бірінші кезекте желі ішіндегі  жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып өтейін. Желі ауқымын  кеңейту мақсатында,  аудан мектептері мен ата-аналарға арналған  коучинг сессиялар  жоспарға сәйкес ұйымдастырдым.  Ата-аналарға арналған  аудан көлемінде  шақырулар ұйымдастырылды. Осы ата-аналар жиналысын жаңа бір қырынан көрсету үшін және ата-аналарды да, осы жиын барысында белсенді  араластыру  мақсатында » Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны»  тақырыбы бойынша  коучинг сессия өткіздім. Іс-әрекет барысына бірнеше ата-аналар тартылды. Басқа жиналыстан айырмашылығы ата-аналар тек тыңдарман емес, белсенді  әрекет етуші,  мектеп өмірінің  маңызды құрамды бөліктері екендігін  сезінгендей болды. Жиналыс соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы  «өз деңгейінде өткен жиналыс болды» деп баға берді.

Мектептер арасындағы іс-тәжірибе алмасулар бірін-бірінің сабақтарын талдау мен концерттік бағдарлама аясында өтетін. Бәрі жаттанды сарынмен басталып, жаттанды  марапаттаулармен аяқталатын еді. Қазіргі таңда іс-тәжірибе алмасу  жоспарларының бір құрамдас бөлігі ретінде белгілі тақырыптар бойынша коучинг сессиялар ұйымдастырудамыз. Осы жуырда ғана,« Ш. Уалиханов», «Боралдай» атындағы жалпы орта мектептеріне тәжірибе алмасуға барып қайттық.

    

                   1-2 сурет. 11 сыныбында өткен қмж сабақ

Мектептің оқу үдерісіне араласып, арнайы әзірленген ашық сабақтарға қатыстық.  Және өзім де 11 сыныбына сабақ өттім. Мұғалімдеріне сын көзбен қарадық. Себебі, сабақ үдерісі  барысында  қабақтары  қатулы, жүздерінде  салқын қандылық орнағандай әсер алдым. Әрбір сыныпта 20-21 оқушыдан).  Жалпы сандары нақты осындай. Алайда, осы үш сабақ барысында 1-2 оқушының аты ғана аталды. Бірақ барлық оқушылар бірнеше рет тақтаға шығып, тапсырмалар орындады. Шыдамым жетпей бақылап отырған ең белсенді оқушының дәптерін алып аты жөнін жазып алдым. Неге оқушылардың аты аталмайды ? Мұғалімнің үстемдігі ме? Жоқ әлде атын білмейді ме ?  Жалпы мектептерінде деңгейлік курс бойынша III деңгейлі бір  мұғалімі бар екен. Жалпы ұжым ұйымшыл, алайда оқушы арасындағы байланыста мұғалімнің үстемдігі «қатулы» қабақтарынан байқалып тұрды. Сабақ берген мұғалімдер туралы  әртүрлі пікірді ойлап, тәжірибе алмасудың екінші бөлімі бойынша  біз әзірлеп барған   Lesson Study  зерттеу сабағына арналған коучинг сессиямызды  коуч екеуміз бастап кеттік. Мұғалімдер алғашқыда  тосырылып отырғаны мен  сабағымыздың  практикалық бөлімінде белсенді іс-әрекетке түсіп, өздерінің бойындағы  бар өнерлерімен тәнті етті. Жүздері жадыраңқы, шат-шадыман. Өздері әнші, суретші, өнерлі екен. Ноутбуктен басқа техникалық құралдарымыз болмаса да, коучингімізді жандандырып жіберді. Іс-тәжірибе алмасу соңында бір-бірімізге бауыр басып,  біздің мектептегі коучинг сесияларымызға қатысып тұратын болып, желі ішінде жұмыс жасайтын болып шештік. Алғашқы әсер мен  соңғы   сыни пікірлеріміздің арасы жер мен көктей еді. Бұл бірлесіп, бірге жұмыс жасаудың адамдарды жақсы тануыңа , ынтымақтастықпен жұмыс жасауыңа негіз  болары анық екенінің дәлелі еді. Сырттай бақылап, сынай қарағаннан,  бірлесіп  әрекет ету  жемісті болатынын жүрекпен сезініп, іспен дәлелдегеніміз болды.

 

                                    2-3 сурет.Коучинг сабақтар

Оқу мен оқыту үдерісіндегі өзгерістер жайы да, алғашқы жемістерін беруде. Жалпы мектептегі 89 мұғалімнің  15 -і  1,2,3 деңгейлі курстардан  өтті. Бұл мектептің 20 пайызға жуығы жаңаша ойлайды, жаңа өзгерістерге дайын екендігінің куәсі. Қазіргі таңда мектептің басшы кадрлары мен пән әдіс бірлестік жетекшілерімен негізгі желінің басқару тетіктерін жетілдіру, тәжірибені өзгертуге алғы қадамдар жасалуда. Менің тобымда мектептің көшбасшы ұстаздары өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіруде. Аптасына 3 сағат  коучинг сессия, 3 сағат  сабақтарына еніп,бақылау , қадағалау  жұмыстарын жүргізем және 3 сағат  зерттеу, талдау жұмыстарына арнаймын. Жұмыс жоспарыма сай, 3 деңгейлі бағдарлама бойынша жеті модульді игерту, жаңаша әдіс-тәсілдердің тиімділігін меңгертуге және зерттеу, талдау шараларын мектеп тәжірибесінде қалыптастыруға  бағыт ұстанам. Оқу мен оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауға дағды қалыптастыру, оқушыға қолайлы орта әзірлеу, топтық, жұптық жұмыстарды жетілдіру  тәсілдерін  өз тәжірибелеріне ендіру қажеттілігін  меңгертуге  қолдау көрсетіп келемін. Коучинг сессиянің құрамдас бөлігі ретінде кері байланыс алуды жолға қойғанбыз. Кері байланыс алудың бірнеше түрлерін жүйелі қолданып отырамын. Атап айтар болсам; рефлексивті шеңбер, нысана әдісі, рефлексивті эссе, смайлкті кері байланыс, сұрақ-жауап, кәсіби сұқбат алу т.б.  Кері байланыс оқу үдерісінің де, коучинг сессиялардың да  кемшіл тұстарын ұғынуға және алдағы жоспарыңды нақтылауға көмегі болады. Мұғалімдердің де, оқушылардың да  ұсыныс, пікірлері  аса құнды.Әрбір  кері байланыс  парақтарын саралап, талдау жасау өз  кемшілігімді ұғынуға және  сабағымды жетілдіруге септігін тигізеді. Кәсіби сұқбат барысында әріптестерімнің сынын жеңіл қабылдап, нәтиже шығаруға ден коямын.

Коучинг сессияға тартылған мұғалімдердің іс-әрекеттері бақылап, қадағаланады. Қазіргі таңда топтық жұмыстардың  сабақты жарыс түрінде ұйымдастыруға  емес,  оқушы үшін қолайлы әңгімегелесу, яғни диалогтық оқыту үдерісіне тарту немесе бірлескен оқудың тиімділігін  арттыру мақсатында ұйымдастыру шарт екендігін  мектеп педагогтары біледі. Яғни, мектепте жеке, топтық және жұптық жұмыстар жүйелі жасалып,жалғасын табуда.Оқушының қолайлы ортада дамуына жағдай жасалынған. Топтық жұмыстар  үлгерімі төмен оқушыларды оқу мен оқыту үдерісіне тартуда мол жетістіктер беруде. Үлгерімі төмен оқушылардың  өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыру үшін, топ басшылары жай сөйлемдерді игерте отырып, қазіргі таңда ережелерді жаттап, тақырып мәтіні бойынша өз ойланын толық жеткізе алатын дәрежеге дейін  көтерді. Алайда,   мұғалімдер  оқушыларды қатаң бақылауда  дауыстарын  көтертпей, тапсырма орындатуға машықтанып алған. Оқушы шуын көтере алмайды. Оқушылардың белсенді іс-әрекетке түсіп,  жұмыс жасау  дағдыларының  өз жетістігі екенін ұғындыру қиынға соғантын кездері де бар. Мектеп өмірінде  өз мәселелерімізді жетілдіруде қиындықтар да бар.

Мектеп тәжірибемдегі зерттеу жұмыстарына тоқталатын болсам,  оқу жылы барысында мектептегі бейімдеп-бағдарлап оқыту тұсындағы  кемшіліктерді саралап, талдау жасап, мектептің педагогикалық кеңесінде , қорытындысымен ұжымды  жалпы таныстырып өттім. Негізгі кемшіліктер таңдау шараларына оқушылардың тартылмауы, сыныпты бөліп болған соң ғана ата-аналарды хабардар етіп, оқушылардан ұсыныс жаздырып алуы болды. Оқушылар өздерінің қай бағыт бойынша оқитындықтарына жете көңіл бөле бермейді. Оқушылармен жүргізілген сауалнама барысында, оқушылардың бағдарлы-бейімдеп оқытуға дайын еместігі. Бұл бағдарлама аясында нақты ақпараттармен жете таныспағандығы және шын мәнінде жалпы сыныптарды қосып, қайта бөлу ісі де оларды қуанытпайтындарын айтып өтті. Бір оқушылар өз сыныптарын қимайтындықтарын айтса, екіншісі  мамандық таңдау  мәселесі әлі шешімін таптағандығын, енді бірі  «менің болашағымды неге сыртымнан шешеді ? — деп өз ренішін білдірді. Бейімдеп-бағдарлап оқыту тұжырымдамасын жетілдіруді қажет деп тапқан ұсыныс, пікірімді ұжыммен таныстырып өттім.  Таңдау және қолданбалы пәндердің оқушы талап, тілегіне сай орындалмауы да сөзге тиек болды. Бұл мәселе бойынша да, таңдау және қолданбалы курстар  мұғалімдердің  сағат жүктемелерін толықтыруға жұмсалатыны анықталды. Бұл әрекеттер оқушылардың ҰБТ -ке дайындығы барысында , төмен көрсеткіштерге иелік етуімен аяқталатыны мәлім болды. Себебі,  игеруі қиындық тудыратын математика, орыс тілі, физика пәндері бойынша  таңдау немесе қолданбалы курстар жоқ. Оқушыларға аса қажетті пәндерге қосымша сабақтар берілмеген, ал  оқушы сұранысы жоқ, алайда мұғалімнің сағат жүктемесін толықтыруды қажет ететін пәндер өтілетіні анықталды. Осындай олқылықтар әсерінен мектебіміз  ҰБТ көрсеткіші бойынша соңғы орындарда тұр. Сөз соңында, мектептің психолог мамандары, әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері бірлесе отырып   кемшіліктерді жою және  осы сала бойынша жетілдіру шаралары  атап көрсетілді.Осы аталған тақырып аясында  баяндама жасап, облыстық  семинарда  Шымкент қаласында  қорғап, баяндама құнды деп табылып, «Өрлеу» журналына  мақала етіп қайта өңдеп өткіздім.

Мектепті дамытудың басты  жетістігі, оның кемшіл тұстарын анықтап, жетілдіру шараларын  қарастыру. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болатыны  анық . Алайда,  деңгейлі курс бағдарламасы аясында  жемісті еңбек  жасауға кедергілер де жоқ емес. Мектебіміздегі жалпы мұғалімдердің  тәжірибеге деген көзқарастарының  түрлі бағыты, әлі де болса  бар. Ұстанымдары берік, көзқарастары  нақты , ұзақ жылғы мектеп тәжірибесі мол  ұстаздарымыздың көз қарастарын , тәжірибелерін өзгерту қиындық тудырады. Ол кісілер осы дәстүрлі әдістің нақты білім сапасын айқындайтынын тілге тиек етеді. Сендердің  топқа бөліп, оқушыға жағымды жағдай жасап жүргендеріңде уақыт өтіп кетеді, теорияны қай кезде  меңгертесіңдер ?-деп қарсы уәж айтатындары да бар. Шын мәнінде кейде ,45 минут  жылдам өтіп кетеді, сабақты түрлендіріп, көсіле алмай да қаламыз. Оқушылардың шабыттанып, шырқау шегіне жетуіне де уақыт керек. Ал, коучинг сессияға қатысатын әріптестеріміздің мәселелері ол бір бөлек әңгіме. Коучинг сессия барысына сабақ кестелері тура келмеуі  немесе сабақтың басына қатысып, аяғында өз сабақтарына кетеді. Бұл мәселені  мектеп басшыларына келесі оқу жылында реттеп беруді көздеп отырмыз.

Жалпы бір жылғы өз еңбегімді саралайтын болсам;

  1. Менің өз жан-дүниемнің өзгерісі. Менің іс-әрекетімде өзімшілдік қасиеттер басым болатын. Ал, қазіргі таңда «Ұжым» бірлік, ынтымақтастық қағидаларын ұстанам.

2.Оқу мен оқыту үдерісіндегі тәжірибемнің жаңа арнаға бұрылуы. Топтық, бірлескен оқу арқылы , аз уақыт ішінде , көп материалды игеру  мүмкіндігі және оқушыға жағымды орта әзірлеу, балалардың жүрегіне жол таба білу.

  1. Мектептің даму жұмыстары тек мектеп басшысының міндеті көзқарасынан, мектептің дамуы үшін өзіме жауапкершіліктің жүктелетінін ұғындым.

4.Оқып, білу аз, саралап, талдау ,жетілдіру қажет екендігі және сыни ойлауға дағды қалыптастыру қажеттілігін меңгердім.

  1. Мектептің қатардағы мұғалімі бола тұрып, мектептің жетілдіруді қажет ететін тұстарын жалпы ұжымға батыл таныстыруға мүмкіндік алдым.
  2. Өз тәжірибемді дамытып, жетілдірудемін.

Міне, бұл менің жаңа бір сатыға көтеріліп, дамудың жаңа үлгісіне аяқ басуымның  алғашқы жемістері

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *