Балаларды патриоттыққа тәрбиелеудің кезеңдері, түрлері және әдістері

Омарахунов Ерболат Абдуллаевич

Балаларды патриоттыққа тәрбиелеудің кезеңдері,

 түрлері және әдістері

 

Баланың өз елінің мәдениетіне қатынасы арқылы өзі тұратын елді мақтан тұтып, отанын қадірлей білуге  үйретеміз. Сондықтан балалар ата-бабалардың мәдениетімен танысып, білуі керек. Мектепке дейінгі мекемедегі басты міндеттердің бірі балаларды адамшылдық-патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Патриоттық тәрбиенің кезеңдері:

  • Негіздік (тұлғаның адамшылдық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік мінез-құлық пен басқа адамдармен өзара қарым-қатынас тәжірибесін жинақтау, адамгершілік қасиеттерін дамыту);
  • Көркемдік-таныстырмалы(ұлттық дәстүрмен, ұлттық өнермен таныстыру);
  • Когнитивті-эмоциональды(өз еліне деген қызығушылығын дамтыу);
  • Эмоциональды-әрекетті (қиялдау және тәжірибелік әрекетке білімдерін және де қатынастарын шыңдау және қалыптастыру).

Патриоттық  тәрбиенің құралдары:

  • Қоршаған орта;
  • Көркем әдебиет және өнер,
  • Фольклор;
  • Тәжірибелік әрекет.

Құралдарды таңдағанда, ол отаншылдық тәрбиенің әр кезеңіне сәйкес болуы қажет.

 Патриоттық тәрбиенің әдістері балалармен жұмыс кезеңдеріне және олардың жасына сәйкес болады:

  • Танымдық белсенділікті жоғарылатушы
  • Баланың эмоционалды қабылдауы.

Бұл әдістер балалардың Отан туралы қалыптасқан түсініктерін түзетуге көмектеседі және де патриоттық тәрбиеге байланысты әртүрлі әрекеттердің түрлерін бағыттайды.

Патриоттық тәрбиенің түрлері:

— сабақ;

— ойын;

—  әңгіме.

Патриоттық тәрбиенің міндеттері:

— баланы қалаға, көшесіне, балабақшасына, үйіне, отбасына деген бауырмалдыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

—    табиғатқа қамқорлық қатынастарын тудыру.

—    еңбекке сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

—    ұлттық салт-дәстүрге қызығушылығын тудыру.

—    адам құқығы туралы қарапайым білімді қалыптастыру.

— Қазақстанның қалалары туралы  түсініктерін кеңейту;

— ҚР рәміздерімен ( елтаңба, ту, әнұран).

— басқа ұлттарға, олардың дәстүріне құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.        Бұл міндеттер балалар әрекеттерінің барлық түрінде көрсетіледі: сабақ кезінде, ойында, тұрмыста – яғни, бұл арқылы біз балаға тек қана патриоттық тәрбие ғана беріп қоймай, сонымен  қатар ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасын қалыптастырамыз.

Баланы адамгершілік-патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу – күрделі процесс. Оның негізінде адамгершілік қасиеттерді дамыту жатыр.

Отан – отбасынан басталды дейді, яғни баланың отбасына, жақын адамдарына – анасына, әкесіне, ата-әжесіне деген қатынасынан басталады.  Бұлар баланы қоршаған ортасымен және туған үйімен байланыстырушы тамыр.  Әр елдің өз ертегілері бар, және олар ұрпақтан ұрпаққа негізгі адамгершілік құндылықтарды жеткізіп отырады, олар: жақсылық, достық, көмек, еңбексүйгіштік. У каждого народа свои сказки, и все они передают от поколения к поколению основные нравственные ценности: добро, дружбу, взаимопомощь, трудолюбие. Халық ауыз әдебиетіндегі шығармалар өз елінің дәстүріне сүйіспеншілікті тудырып ғана қоймай, сонымен қатар, жеке тұлғаның патриоттық сезімінің дамуына әсер етеді.

Патриоттық тәрбиемен жұмыс кезіндегі тәрбиешінің міндеті-берілген тақырыптардың ішінен балаға түсініктісін таңдау керек: туған жердің табиғаты мен жануарлар әлемі; ересектердің еңбегі; салт-дәстүр, қоғамдық мерекелер, т. б. Балаларға көрсетілетін көрнекіліктер, эпизодтар ашық түсті, балалардың қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Сондықтан да, балалармен патриоттық тәрбие бойынша жұмысты бастамас бұрын тәрбиеші оны өзі жақсы білуі керек. Ол балаға өздеріңе таныс жерлерге сай жұмыстарды көрсетіп, дұрыстап ретке келтіріп, дұрыс мақсатын құрып айтуы керек.

Туған жері жайлы айтқанда, балаға туған жерінің тарихын, ескеркіштерін, салт-дәстүрін, құрметті адамдарын айта отырып таныстыру қажет.

Туған ауылы жайлы балада қандай ақпараттар және түсініктер қалыптасуы қажет?

Төрт жастағы бала өзінің тұратын көшесінің және балабақшасы орналасқан көшенің атауын білуі керек.

Ересек балалардың назарын жақын маңдағы көшелерде орналасқан объектілерге аудару қажет: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріхана және т.б.

Мектепалды даярлық топтың балаларын ауқымдырақ объектілермен таныстырады, олар аудан, қала және олардың тарихи жерлері мен ескерткіштері. Бұл жастағы бала өзінің тұратын ауылының, көшесінің атауын және көшенің кімнің құрметіне берлігенін білуі қажет.

Патриоттық тәрбие беруде ересектердің үлгі көрсетуі аса маңызды. Мысалы, арғы ата-бабаларының  соғыстағы ерліктері туралы айту. Сонымен қатар, «Отан алдында борышын өтеу», «Отанға деген сүйіспеншілік», «ерлік  жасау» және т.б. ұғымдарды баланың санасына сіңіру қажет.

Сондай – ақ, балаларды Қазақстанның басқа қалаларымен таныстырып, Отанымыздың астанасымен, әнұранымен, туымен және елтаңбасымен таныстырылуы қажет.

Баланы өзінің ауылына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы,  өз ауылдарының Отанның бір бөлшегі екенін түсіндіреміз. Бір Отанда ортақ заттың көп екендігі айқындалады, мысалы:

  • Барлық жерде адамдар бәрі үшін еңбек етеді (мұғалімдер балаларды оқытады, дәрігерлер науқастарды емдейді, т.б.);
  • Барлық жерде салт – дәстүр сақталады: Отан өзін жаудан қорғаған батырларды ұмытпайды;
  • Барлық жерде әр түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді, бірігіп еңбек етеді және бір-біріне көмектеседі.
  • Адамдар табиғатты қорғайды және сақтайды;
  • Ортақ кәсіби және қоғамдық мерекелер бар, және т.б.

Жылдың соңында бала біздің елде өзге ұлттар да өмір сүретінін, әр ұлттың өз тілі, салт-дәстүрі, өнері мен құрылысы бар екенін білуі тиіс.

Патриоттық тәрбие беруде педагог келесі принциптерге сүйене отырып, баланың жас ерекшелігіне сай жоспар құрады:

  • «Позитивті орталық» (баланың жасына сай білімдерді жинақтау);
  • Педагогикалық үрдістің үзілмеуі;
  • Әр баланың мүмкіншіліктерін, психологиялық ерекшеліктерін табу;

Туған өлкенің табиғатын, тарихын балаға түсіндіре отырып Отанға деген сүйіспенішілігін тудыру патриоттық тәрбиенің негізі болып табылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *