Білім берудегі жаңарту жолдары

Маемырова Мейрамкуль

Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалаудың басты мәселесі білім мазмұнын толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда.

Солардың бірі: — Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.
— Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту.
— Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс-тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін түсініп, оны үнемі жолға қоярымыз анық. Колледжде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Мектептегі мұғалім тәжірибесін бағалау: жоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, оқытудың сапасына баға беру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған курстан түйгенім:
оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел — уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір — көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер: мұнда «Оқыту және оқу» және «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны — оқушылардың әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуі, ақпарат алмасуы, сабақта белсенділік танытуы; есте сақтау қабілетінің дамуы; дағдылануы;оқуға қызығушылықтарының артуы;
    «Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға:

— білім міндетін қоятын талаптарды түсінуге;

— жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаларын зерттеуге;

— міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:

— нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

-кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
— күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
— үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдануда білім алушының белсенділігін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, зерттеуге икемділігін дамыту,білім алушылар бір — бірімен қарым — қатынас жасай біледі, басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға бағытталған.Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.

  1. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс — әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі тағы басқалары да бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.
4.Білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық — коммуникациялық технологияның тиімділігі — келешек ұрпақтың жан — жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық — психологиялық жағдай жасауында.Сондай — ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

  1. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету — оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе жеке жұмыс барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану — бұл мұғалімнің жан — жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін: заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыруда  жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық,  ойлау қабілеттерін жетілдіру, алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білетін және өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білетін ұрпақты тәрбиелеу мақсатын қойдым.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Қорытындылай келіп, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *