Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі

Кусаинова Каракоз Сеитмагзумовна

Саммиттің тақырыбы: Дінаралық  қатынаста Тұңғыш  Президенттің рөлі

 Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда дінаралық келісімді қамтамасыз етеміз»

                                                                                                                 Н.Ә. Назарбаев.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың Елбасының дінаралық қатынаста сіңірген еңбегінің зор екендігін саналы түрде түсінуі, қазіргі бейбіт өмірдің ұлттар арасындағы татулықтың кепілі екендігін біліп, өткізіліп отырған мектептің кіші саммиті арқылы Елбасының дін мәселесіндегі атқарған жұмыстарының маңызын түсіну, бағалау, өзін сыйлау, құрметтеу арқылы өзгені де сыйлап, құрметтеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: өзін  және өзгелерді сыйлау, құрметтеу арқылы өзгені де сыйлап, құрметтеу дағдыларын дамыту, дініне деген сүйіспеншілігін арттыру, дінін, тілін, елін сүйетін   толерантты шәкірттерді тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың өз пікірін еркін жеткізуге, оны дәлелдей білуге, тұжырым жасай алуға , сөйлеу дағдысына дамыту.

Түрі: кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсіл: АКТ ,СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, зайырлылық және дінтану негіздері

Күтілетін нәтижелер:

  • Дін мәселесінде Елбасының атқарған еңбегінің рөлі туралы жан-жақты  саналы түрде айта алады;
  • Тақырып бойынша мәлімет жинақтап, айтылған мәселерге  түйін шығара алады;
  • Берілген тақырып төңірегінде өз ойларын  салыстырмалы түрде үш тілде  жеткізе алады;

 

Жүргізуші: Төлеубек Аида

Құрметті  қонақтар мен ұстаздар, мектеп оқушылары!

Бүгінгі мектептің 11-сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі» атты кіші саммитке қош келдіңіздер!Бұл саммитке дін қызметкерлері, тарихшы, заңгер, ақын және қоғам қайраткері, тіл маманы, саясаткер, аудармашы, дінтанушы және шет елден келген журналистер мен аудармашылар  қатысып отыр.

Қазақстан халықаралық қауымдастықта өзiнiң iшкi саясатында сан түрлi ұлттар мен ұлыстардың бiртұтастығын, Қазақстан халқының бiрлiгi мен ынтымағын қамтамасыз етуге арналған, конфессияаралық және мәдени келiсiм мен дiни төзiмдiлiк саясатын табанды жүргiзiп отырған  ел ретiнде танымал.      Қазақстанның әлемдiк масштабтағы дiнаралық қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған саясаты Президент Н. Назарбаевтың есiмiмен тығыз байланысты,  себебі, ол- дiннiң адамзат қоғамында өсiп отырған рөлiн айрықша сезiнетiн саясаткер ретiнде әлемдiк және дәстүрлi дiндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы -Астана қаласында өткiзудi дер кезiнде ұсынды. Бұған дейiнгi әлемдiк тәжiрибеде осындай iс-шаралардың ұйымдастырушы ретiнде жетекшi дiндер мен конфессия өкiлдерi тарапынан ғана халықаралық қауымдастыққа ұсыныс түсетiн едi. Ал бұл ұсыныс тарихта бiрiншi  рет зайырлы мемлекет басшысы атынан жасалды. Конфессияаралық келiсiмдi орнатуға бағытталған осындай iс-шаралардың бiрi Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем дiндерi мен конфессиялары өкiлдерiнiң кездесуi ғана өткiзiлген болатын. Осы орайда ортамызда отырған қоғам қайраткері, белгілі тарихшы  Асан мырзаға сөз берсек.

1.Тарихшы: Бүгінгі сіздердің көтеріп отырған тақырыптарыңыз өте маңызды , алдын -ала рахметімді білдіремін.Иә, тұңғыш  рет Астана қаласында 2003 жылы Әлемдiк және дәстүрлi дiн өкiлдерінiң I съезi шақырылды.Осы I Съезде өркениеттер мен конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келiсiмдi нығайту мен сұқбаттастық орнату жолында батыл қадамдар жасалды.Осы форумның басты оқиғасының бiрi,  ол- бұрынғы посткеңестiк территорияға халқының көпшiлiгiн мұсылмандар құрайтын елге католик шiркеуiнің  ең жоғары лауазымды иерархы Рим папасы Иоан Павел II келгенін атап өткен жөн деп ойлаймын. Осы форумда Н. Назарбаев әлемдiк және дәстүрлi дiн лидерлерiнiң съезiн әр үш жыл сайын шақырып отыруға және келесi жиынды, арнайы форум өткiзу үшiн салынатын «Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында» өткiзудi ұсынды.

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуiмен әлемдiк және дәстүрлi дiн лидерлерiнiң II Съезi өттi. Съезд жаңа, арнайы форум өткiзу үшiн салынған «Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында» өттi.

Пирамида туралы. Слайд болу керек.

Съезд «Дiн, қоғам және халықаралық қауiпсiздiк» атты жалпы тақырыбымен, «Дiни сенiм еркiндiгi және өзге дiн өкiлдерiне құрмет» және «Дiн лидерлерiнiң халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлi» деген екi бағытта өттi.

Ал 2009 жылғы 1-2 шiлдеде өткен III съезд «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негiзделген әлемдi қалыптастырудағы дiн көшбасшыларының рөлi» атты тақырып аясында өттi. Елбасы бастамасымен ашылған Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығының белсене атсалысуымен өткен съезд жұмысына әлемнiң барлық басты дiндерiне қатысы бар 77 елден келген делегация мүшелерi атсалысты. Бұл басқосуда Елбасы Н.Назарбаев Дiн көшбасшыларының кеңесiн құруды ұсынды. IV съезд 2012 жылғы 30-31 мамырда«Бейбiтшiлiк пен келiсiм — адамзат таңдауы» тақырыбымен өткiзiлдi. Бұл жолғы басқосуға 40 елден келген барлық әлемдiк және дәстүрлi дiндерге, сондай-ақ беделдi дiни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация қатысты. Дiн көшбасшылары кеңесiнiң мүшелерi елордадағы «Мәңгiлiк Ел» даңқ қақпасының маңында «Рухани жарасым» аллеясын ашқанын бәріміз білеміз.Тарихшы ретінде айтар болсам, Елбасының елдің татулығы мен бірлігін басты бағыт ретінде ұстап отырғанын, дін тақырыбындағы күрделі мәселелерді көрегенділікпен шеше алғандығына жоғары баға берер едім.

Жүргізуші:  Аида

Сізге маңызды мәлімет бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз.Ортамызда отырған Америкадан  «Today» газетінің журналисті Диана ханым сұрақ қойғысы келеді.Сөз кезегі сізде.

  1. Диана; Америка халқы Қазақстан Республикасы туралы біледі.Тәуелсіздік алғандарыңызға небары 25 жыл болса да, сіздер  тарих сахнасына тез шықтыңыздар.Бұл  әрине сіздердің лидерлеріңіздің саясатының мықты екендігін көрсетеді.Қазақстан мен Америка арасындағы достық, экономиялық қарым-қатынасымыз көп жылдан бері жалғасуда.Америка халқы сіздің Лидеріңіздің  атомдық қару жарақ пен сынақтардан бас тарту саясатын сүйсіне қолдайды.Әсіресе , Семей ядролық полигонының жабылуын .

Асанға— Сіздің ойыңызша, екі елдің дінаралық қатынасы жағынан ұқсастығы бар ма?Неде?

Дианаға сұрақ. «Егемен Қазақстан» газетінің журналисті Дана қояды.

Америкадағы дін саясаты қандай деңгейде?

ЖАУАП;Діни сенім бостандығы әлем елдерінде біркелкі емес. Бірақ Америка Құрама Штатында дінді ұстануда тең құқылық үлгісі қалыптасқан.Әрине, АҚШ  үшін бұлай болуы орынды. Өйткені АҚШ-әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әртүрлі діни ұстанымдағы адамдардан құралған мемлекет.Ең бастысы,демократия бізде дұрыс жолға қойылған.

Жүргізуші:Төлеубек Аида

Иә, біз өзімізді қызықтырып отырған сауалымызға жауап алдық. Енді ойымызды сабақтау үшін дінтанушы Байдібекхан  мырзаға сөз ұсынғымыз келеді.

Дінтанушы-Байдібекхан .

Елбасы Н:Ә.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл-біздің тарихи таңдауымыз.Зайырлы дегеніміз- бұл- озық , толерантты, ашық қоғам.Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстемизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін.»-деп атап көрсеткені бәрімізге мәлім.Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшылары съезiнiң ғаламдық деңгейдегi дiнаралық үнқатысу мен келiсiмнiң сақталуына Елбасының ерекше үлес қосып отырғанын басқосуларға қатысқан дiндер көшбасшылары бiрауыздан атап көрсеттi. Осы IV съезге қатысқан бiрқатар дiни қайраткерлердiң бiрi әлемдегi конфессияаралық қатынастарды тұрақтандыруға қосып келе жатқан Елбасымыздың еңбегiн былай деп бағалаған едi:«Дүниежүзiндегi ұлттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымын құрды, ал Нұрсұлтан Назарбаев барлық дiндердiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымын құрды. Бұл бастаманың арқасында осы жерде көзқарастары әралуан түрлi дiннiң өкiлдерi бас қосып, бiр-бiрiмен ашық та шынайы әңгiме құрып, бiрiн-бiрi тыңдайды. Бұл — бүкiл әлемде жасалып отырған ұлы құбылыс. Мұндай ауқымда әлi ешбiр iс жасалған емес».-деп баға бергенін мақтанышпен айтуға тұрады.

10-11 маусым аралығында «Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында» өткен бұл форумға әлемнiң 42 елiнен 80-нен астам делегат келiп қатысты.

 

 

 

Аида: Рахмет, Байдібекхан мырза .

    Слайд,құрбан айт. Ортамызда отырған ислам дінінің өкілі, мешіт имамы Жүсіпбек мырзаға сөз бергім келіп отыр.

Ағузу билләһи,имани шайтани-ражим.Бисмилләһи рахман-рахым.Осындай тәрбиелік, танымдық мәні зор отырысты ұйымдастырып отырған сіздерге АЛЛАҺтың нұры жаусын.

Бүгінгі таңда бұл тақырып әлем бойынша өте күрделі мәселелердің қатарында екені даусыз. Тіпті кейбір елдердің ортақ мәмілеге келе алмай, пікір таластырып қалуының астарында да осы діни көзқарас жатуы әбден мүмкін. Десек те, біздің елде бұл мәселе өз шешімін тапқан. Оған дәлел, еліміздегі дінаралық тұрақтылық пен татулықтың орын алуы. Сондай-ақ, әлемдегі діни ахуалға қарамастан Елбасының бастамасымен Елордамызда төрт бірдей әлемдік дінбасылардың жиыны өтуі де көп жайттан хабар береді. Сондықтан, өз басым еліміздегі аталған мәселеге қатысты жүргізіліп жатқан саясатты толық мақұлдаймын. Алдағы уақытта да осы бағыттан айнымай, достық пен татулықты ту етіп, дінаралық тұрақтылықты нығайта беруіміз керек.
Жалпы біздегі ұлтаралық және дінаралық тұрақтылық дегенде басты рөлде өзіміз, яғни, қазақ ұлты мен оның діні Ислам екенін естен шығармауымыз керек.

Елiмiздiң тұңғыш Президентi  бiздiң елiмiздiң 2011 жылы Ислам елдерi конференциясына төрағалық еткенiн ерекше айтып өткім келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 45 діни конфессия жұмыс істейді. Республикада олардың  бейбіт  өмір сүруіне жағдай жасалған. Мемлекет бұл процесте бастамашылық жасайды және қолдайды. Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы алғашқы қадамдардың бірі қазақстандықтардың діни бостандығына кепілдік беретін діни бірлестіктер туралы Заңның қабылдануы болды.

«Ислам – татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні» -Президентіміздің өзі атап көрсетті. Елбасымыз көптеген игі бастамаларға мұрындық болып жүргендігінен біз, яғни қазақ елі ғана емес, бүкіл әлемнің үлкен діни және қоғам қайраткерлері хабардар. Көп ұлттылық біздің кемшілігіміз емес, керісінше кеңдігіміз. Тиісінше көп ұлттың наным-сенімі де көп болатындығы анық. Осы көпұлттылықтың дінаралық келісімінің Қазақстандағы үлгісі бүкіл әлемге теңдессіз үлгі. Жер бетіндегі бүлік, соғыс болып жатқан елдер Қазақстандағы тыныштық, тұрақтылық, келісім мен үйлесімділікке қарап сабақ алса болады. Халқымыздың бірлігі мен сүттей ұйыған ынтымағы Қазақстандағы дінаралық келісім үлгісі.

Дінаралық келісім жайлы Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала: «Іштеріңдегі зұлымдық істегендерден басқа кітап иелерімен ең тамаша түрде ғылыми, сыпайы талас жүргізіңдер. Оларға: «Өзімізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Сендердің Құдайларың да, біздің Құдайымыз да біреу-ақ. Біз соған ғана бойұсынушылармыз»,-деп айтыңдар»-делінген. (Анкабут сүресі 46-аят).

Америкадан   «Today» газетінің журналисті  Диана ханым сұрақ қойғысы келеді.

«Бір мемлекет ішінде көп діни конфессия болуы бір-біріне кері әсерін тигізбей ме?-деген сұрақ туындап тұр.

 

 

 

 

   «Егемен Қазақстан» газеті. Дана сұрақ қояды.

Саясат пен дін арасында қандай байланыс бар?

Саясаткер: Сұлтан

Қазақстандағы дінаралық келісім үлгісі — біз сақтап қалуға және дамытуға тиіс ұлы құндылық. Дінаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды игіліктерінің бірі де бірегейі. Түрлі ұлттар мен этностардың діндерінің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі, бүгінгі Қазақ елінде бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісім жағдайының негізі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ Елінің қосқан шынайы үлесі» дей аламыза өркениеттердің шиеленіссіз өмір сүруі бойынша өнегелі модель . «Өзіңді құтқару үшін, алдымен әлемді құтқар» деген Шығыс даналығын ұстана отырып, Қазақстан адамзаттарына XXI ғасырд ұсынды.

Көпдіншілдік мәселесі қазіргі таңда жалғыз Қазақстанда ғана емес, өркениеттіліктің біршама биігіне көтерілген – Англия , Франция және Германия сияқты Еуропа елдерінің өзінде көпдіншілдік пен көпэтностық мәселесі күннен-күнге өзектене түсуде. Сондықтан «діни сенімге, діни дүниетанымға деген мемлекеттің көзқарасы, ұстанымы қандай болуы керек ?» деген сауал көптеген өркениетті елдер үшін XXI ғасырда анықтала түскен іспетті. Яғни, басқару органдары мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, қоғамдағы тыныштықты, адамдардың еркін өмір сүруге деген құқығын қорғауға ұмтылады. Әртүрлі діндердің бір-бірінен теологиялық артықшылығы туралы таласты ешкім шешіп бере алмайды, тек қана ортақ мәмілеге келудің жолы бейбіт қатар сыйластықпен өмір сүру екенін зерделегенде ғана ол шешімін табады.

 

«Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығы мен діни-сенімі бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Адам алдымен рухани жағынан жетілуге қадам жасайды да, содан кейін құдайды мойындайды, оған жақындай түседі.

Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиіс… Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады.»  Н.Ә.Назарбаев

 Аида:

Қазақстандағы православие тарихы. Православие Қазақстандағы дін ұстанушылар саны бойынша исламнан соң екінші орында тұрады.

Орыс православие шіркеуі Қазақстан территориясында ХІХ-ғасырдың ортасында пайда болды.

Орта Азиядағы алғашқы стационарлы православиелік шіркеу 1847 жылы Сырдария облысының Раим бекінісінде тұрғызылды. Үш жылдан кейін, 1850 жылы алғашқы ғибадатхана салынды.

Архитектор Андрей Павлович Зенковтың жобасы бойынша Верный қаласында 1907 жылы Вознесенский Кафедральды соборының құрылуы Қазақстандағы шіркеу сәулетшілігінің шыңы болып табылды. Бұл собор бүгінде Алматы қаласын безендіріп тұр, және ол Астаналық, Алматылық епархиялардың кафедральды шіркеуі болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстандағы православие. Православие шіркеуінің шынайы қайта жаңғыруы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң басталды. Православиенің қоғамдағы орны туралы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «… православие мен ислам – Қазақстан руханилығы қалыптасатын екі негіз» деп нақты айтты.

2011 ж. қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның преамбуласында православиенің ислам дінімен қатар тарихи-мәдени ерекшелігі аталып өтілді. 2012ж. аталмыш Заң аясында жүргізілген діни бірлестіктерді мемлекеттік қайта тіркеу қызметіне сәйкес, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің митрополиялық округінде 9 епархия, 261 приходтары өз құқықтық дәрежелерін қайта бекітті.

1995 ж. мемлекет шіркеу қарамағына Алматы қаласындағы ХХ ғ. бірегей сәулет туындысы болып табылатын Вознесендік кафедралды соборды берді.

Қазақстандағы ресми мейрам деп танылған күндер қатарына православиенің Рождество (7 қаңтар) мерекесі де енді.

Священник-Диас.

Отче наш ! Иже еси на небесах!Да прибудет царство твое!Спаси и сохрани!Аминь!

Дорогие друзья! Традиционной религией Республики Казахстан является ислам, но наряду с Исламом  в стране существует конфессии христианство, буддизм,  синагога и другие.В Казахстане созданы прекрасные  условия  для  развития  религиозной толерантности. Регулярно в Астане проводится сьезд конфессий мировых религий. Место проведения- Дворец мира и Согласия-выбрано неслучайно. Лидеры религиозных конфессий обсуждают важные вопросы ипредлагают решение глобальных проблем мира в сфере религии. Инициатором проведения сьезда выступил Президент Республики Казахстан  Н А.Назарбаев.Благодаряего усилием в стране процветают мир, стабильность, увереность в будущее.

Согласно Конституции РК в статье 3 цитата  «Человек делает свободный выбор в вероисповедании.»7 января-празднование-Рождества Христова утверждено Законом о труде, как выходной день.Н А.Назарбаев по сложившейся традиции в день Рождества Христова посещает центральную церковь столицы и поздравляет прихожан с праздником. Бог един.Да не покинет нас надежда на светлое будущее! Аминь!

Ресейден келген Правда газетінің  журналисі  Елена Александровна Священникке ;

О межконфессиональной стабильности вашей страны говорят и пишут многие страны мира.Как вы думаете, живя здесь в Казахстане, в чем секрет такого успеха?

Жауап.

Аида: Рахмет!Құнды мәлімет алдық деп ойлаймын.Расында елімізде татулық пен бірлік Тәуелсіздігіміздің қос қанаты іспетті.Шынында да да Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері өз таңдауы бойынша еркін өмір сүреді. Өйткені әрбір азамат заңмен қорғалады.Сөз кезегін заңгерге берсек.

Жандос-заңгер.

3-бап. Мемлекет және дін

  1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
    2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
    3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
    4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
    5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
    6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
    7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
    3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
    15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
    16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Аида:Ендігі сөз кезегін тіл маманы-Гүлназ ханымға ұсынамын.

Мені ерекше қызықтыратын тақырып,ол-Елбасының шешендігі.Тарихта аты қалған небір шешен, билердің ізін жалғап келеді.Дана халқымызда мынадай асыл сөз бар.

«Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соңыннан  ерген елің болса.

Бәрінен де сөз бастау қиын;

Тауып айтсаң, береке қылады,

Таппай айтсаң, келеке қылады»-деген екен.

Елбасымыздың даналық сөздеріндегі даналық ойлары: отбасы – Отаныңнан бастап күллі әлем халқын бақ пен берекеге, ынтымақ пен бірлікке шақырған, өркениет көшінде үлкен ел, кіші ел демей, көп ұлт, аз ұлт демей ұлылықпен сыйластықпен өмір сүруге үндейді. Өзі арқылы Қазақ ұлтын, Қазақ халқын,  Қазақ елін таныта білгендігінің айқын куәсі бола алады.

Бір ғана мысал, ең әуелі өз елінің, туған халқының өмірін ойлағандықтан даласы жарылыстан көз ашпаған ядролық Қазақстан күні ертең өзгелердің көз алартып, таласар аймағына айналып кетпес үшін және адамзатты, жер бетіндегі мыңдаған жылдар бойы жинақталған өркениетті қас қағым сәтте қырып жоятын ядролық қарудан бас тартуы – қазақ елі үшін ғана емес,барша адамзат баласы үшін жасаған көп ерлігінің бірі және бірегейі деп білемін.

Елбасымыздың қазақ мектебін бітіргендігі, ұлтжанды болып қалыптасуының негізі, тілге ұсталығы, суырып салма тапқырлығы, ой ұшқырлығы, өз ойын ұтымды жеткізе білетін шеберлігі, шешендігі, ақынжандылығы, өнерге жақындығы, өзінің де домбыраны қолға алып, әуелетіп ән шырқап жіберетіндігі қазақтың қалың ортасынан шыққандығы, тектілігінің,  өмір мектебінен өткендігінің куәсі. Елбасының сөйлеген сөзін тыңдағанда, жазған еңбектерін оқығанда бұрынғы өтіп кеткен билердің, шешендердің, ақын жазушылардың, шығыс пен батыс ғұламалары мен даналарының ғибратты сөздерін шеберлікпен қолданатындығына тәнті боласыз. Елбасының шешендігі тауып айтатын тапқырлығы жөнінде осы арада бір-екі мысал келтіре кеткенді жөн санаймын.

Дін, салт-сана, дәстүр туралы.

Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

Қаракөзді білмеген, домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын-ау.

Біз көбеймесек көсегеміз көгермейді. Санның сапаға айналмай қоймайтынын ұғынуға тиіспіз. Не  шықса да көптен шығады.

Бүгінгі қазақ қоғамына аса қажет нәрсе – өзіміздің намысшылдық қасиетімізді дамыту.

Өсер елдің баласы ар-намысшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.

Азаматтық дегеніміз бұл әлемдік тарих толқынында өзінің субьектілік құқығын сезінетін және оған жауап бере алатын халық болмысының жалғыз ғана үлгісі.

… Құдайға құлақ аспай құлық түзелмейді; Құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды-дейді.Әрі шешен , әрі көсем Елін сүйеді.Елін сүйген ерін елі де сүйеді.Сіздердің бүгінгі іс-шараларыңыз соның куәсі деп білемін.

 

Ақын әрі қоғам қайраткері ретінде мен ырза болып  отырмын.Шынында да осындай  мәні мен мағынасы зор істер ғана Елбасының қаншалықты ерен еңбек атқарып келе жатқанын  дәлелдейді.Сөзімнің тоқ етері ретінде жүрегімнен шыққан мына жыр шумақтарын Елбасына арнаймын.

 

Ақын және қоғам қайраткері;Нұрлыбек

Қараның ауыстырған бағын аққа,

Үш жүздің басын қосқан шаңыраққа,

Елбасымыз ендігі жетелеуде,

Халқының арманы мен сан мұратқа.

 

Білегімен ел ісін баптап тұрған,

Қазақ атын әлемге асқақ қылған.

Айбатына жарасқан күш қуаты,

Ел ішінде тыныштық сақтап тұрған.

 

Болған кезде қазақтың күйреу тұсы,

Құдай берген нұр жүзді билеушіні,

Жоспардағы жүз нақты қадамымен,

Қалың елін алдыға сүйреушісі!

 

Аида:Иә, Елбасының Тәуелсіздік жолында атқарған еңбенінің зор екендігіне тарих пен халық куә.Республикамыз көп ұлтты мемлекет.Сол көп ұлтты мемлекетте ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тұрып жатқаны біздің таңдаған жолымыздың  дұрыс екенін тағы да дәлелдейді.

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!Өткізіп отырған  кіші саммитіміз де өз мәресіне жетті.Сіздердің осындай мәні мен мағынасы зор іске ат салысқандарыңызға көп рахмет! Қош, сау тұрыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *