Етістік

 

Мұғалім: Теміралы М.Н.

Класы: 4 «Б»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсу.

1.Оқушылардың білімдерін тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

Ұйымдастыру кезеңі:
Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Күндегіден өзгеше, өйткені сабаққа қонақтар қатысуда.

Түстерді таңдау арқылы үш топқа бөліндік.

Оқушылар түрлі -түсті қағаздарды таңдау арқылы үш топтарға бөлінеміз. Әр оқушы таңдаған түсі арқылы топқа жайғасамыз.

(жасыл, қызыл, көк)

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

ІІІ-топ. Көк түс.(қағаз)

түстер бойынша орналасып болсақ, зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.

ІІ. Өткенді еске түсіру

-зат есім туралы алған білімдерімізді еске түсіреміз.

-зат есім дегеніміз не?/ заттың атын білдіретін сөздер/ е

-оларға қандай сұрақтар қойылады?/ кім? не? кімдер? нелер? сұрақтары қойылады./ т

-қазақ тілінде неше септік бар? / 7 / і

-зат есімге қандай жалғаулар жалғанады? /көптік, септік, тәуелдік, жіктік / с

— оқушымын сөзін сөз қүрамына талда./ түбірі оку, шы жұрнақ, мын жіктік жалғауы / т

-кітапты сөзінде қай септік жалғауы жалғанған? / түбірі кітап, ты табыс септік жалғауы / і

-әже сөзін тәуелде./1-жақ менің әжем, 2-жақ сенің әжең, 3-жақ оның әжесі./к

Сонымен оқушылар зат есім туралы алған мәліметтерді қайталадық. Бізде қандай сөз шықты?

— Етістік. Олай болса бүгінгі сабақта етістік туралы алған білімізді толықтырып, еске түсіреміз және жаттығу жұмыстарын жазамыз.

Еске түсіру үшін алдымен кестеге қарайық.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

мағынасы /заттың қимылын білдіретін сөздер

сұрақтары/ не істеді? неқылды? қайтті?

дара / бір сөзден болған етістік

күрделі/ екі не оадан да көп сөзден болған етістіктер/ ойнап отыр, жүріп

болымды / айт, жүр, тұр

болымсыз/ тұрма, жүрме, айтпа

негізгі / айт, жүр, тұр

туынды/ төрле, ақылдас, ойлан.

Олай болса балалар дәптерімізді ашып бүгінгі күннін жадын жазайық.

а) дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ее Ее Есет бір жасқа есейді.

ә) оқулықпен жұмыс.

Оқушылар кітабымыздың 146-бетіндегі 2 — жаттығуға қарайық.

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (мұз)

Оқушыларды түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу.

(жасыл,қызыл,сары)

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

Етістіктердің астын сыз.

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

Дара немесе күрделі екенін айт.

ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)

Шешуін қатыстырып сөйлем құрайды.

3-жаттығу. Берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді теріп жазамыз.

І-топ. Жасыл түс.(қағаз)

Туынды етістіктерді оқиды.

ІІ-топ. Қызыл түс. (қағаз)

Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

ІІІ-топ. Сары түс.(қағаз)

Неліктен туынды етістік екенін дәлелде.

Дәлелдеу үлгісі: Ақта- туынды етістік , өйткені оның түбірі — ақ. » Ақ» сөзі — сын есім, оған — та жұрнағы жалғанғада қимылды білждіріп тұр. Сондықтан ол туынды етістік болады.

Сергіту сәтті:

6-жаттығу Етістіктерді оқып, мағынасын түсіндіру.

Әр топ екі сөзден алып, болымсыз етістік жасап жазады жіне сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

Сыз , теже , тұса , үз , мүжі , күл , еге.

* Етістіктердің болымды, болымсыз түрін қатар жаз.

Үлгі : сыз — сызба, теже — тежеме, тұса -тұсама, үз — үзбе, мүжі -мүжіме, күл — күлме, еге- егеме.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ Тест тапсырмасын орындайды.

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? в) 9

2. Сөйлемдегі етістікті көрсет.Бүгінгі жиналыста Ажар өз ойын айта салды. в) айта салды.

3.Не істеді ? Сұрағына жауап беретін сөзді белгіле. с) апарды.

4. Етістіктің сұрақтарын көрсет. а) не істеді ?

5. Мақалды етістікпен толықтыр. Оқу инемен құдық…. с) қазғандай.

Бекіту: Ребус шешу.

Үйге тапсырма: 4 — жаттығу, ереже.

Бағалау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *