Жазбаша қосу және азайту

Бердигожина Аягоз Елемесовна

Сабақтың тақырыбы:   Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсатты:
Қосу және азайту амалдарын ондықтан аттап, баған түрінде жазып,амалдар алгоритмдерінің сәйкес кезеңдерін меңгерту; Танымдық шығармашылық қабілеттерін ой-өрісін дамыту; Оқушыларды білімділікке, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, «Кім жылдам» логикалық тапсырмалар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу, қорытынды жасау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, бейнелеу пәндерімен байланысты
Сабақтың барысы:
I.
Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңіл күйін бақылап, назарын сабаққа аудару.
II.Психологиялық ахуал.
Қуан, шаттан,
Қуан, шаттан!
Қуанышты күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күлімдеп шықты күн бүгін. Оқушыларды шаттық шеңберге жинау. «Мен бүгін күндей көңілдімін» атты тренинг ойнату.
Бүгінгі сабағымыз өте ерекше, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Мен бүгін сіздерге математика пәнінен сабақ беретін боламын. Есімім —  Бердигожина Аягоз Елемесовна болады.

Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу

Сабақта топтардың ережелерін еске салу.
1 — ереже: Сабақта бір — бірімізді тыңдаймыз!
2 — ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 — ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 — ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

III. Қызығушылықты ояту.

Есептер шығарту ауызша.

 

  1. Өткен сабаққа шолу. «Қар атыспақ» ойыны.

 

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоя отырып, қармен атыспақ ойнау.********

  1. Қосудың компанентерін ата

2.Азайтудың компанентін ата

  1. Кез-келген екі таңбалы санды ата

4.Қосудың қандай қасиетттерін білесің?

  1. Мағынасын таңу. Жаңа сабақ. 
    Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Балалар ,біз бүгін екі таңбалы сандарды ондықтан аттап, бағандап қосуды және бағандап азайтуды үйренеміз.

-Екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту үшін 27+36 қосындыны және 63-27 айырмасы түріндегі өрнектерді қарастырамыз.

Түсіндіру.

1.Баған түрінде жазамын.

2.Бірліктерді қосамын. 7+6=13 бірліктерді қосамын. 13=1 онд. 3 бірл

3.Ондықтарды қоасмын.3+2=5 онд+1онд =6онд

Жауапты оқимын: қосындының мәні -63 тең

Баған түрде азайту.

Осы сандарды баған түрде жазамын.

Алдымен бірлікерін азайтамын. 3<7 болғандықтан, 6онд  1онд және 3 бірліктен азайтамын.(ұмытып кетпес үшін 6цифрының үстіне нүкте қоямын.)

1онд. 3бірл=13, ендеше 13-7=6. Бірліктердің астына 6-ны  жазамын. Ондықтарын азайтамын.

6онд-1онд=5онд қалаған,  ал 5онд -2онд=3онд. Ондықтардың астына 3-ті жазамын.

Жауапты оқимын: айырманың мәні – 36-ға тең.

Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және айды жазу.

«Сүйкімді қонжықтың тапсырмасы». Шардың ішінде жасырылған есептер.

№3. Түсіндіре отырып шығар.

 

25       62      38     77     36     84

37       37      39     39     48     36

 

 

 №4 Ұзындықтары 5 см, 7 см,4 см, 6см кесінділер сыз. Осы кесінділердің қайсыларының айырмасы 2см, қайсыларының қосындысы 1дм1см ,болады? (ауызша)

 

Сергіту сәті. «Бәрі жақсы болады» әніне билету
VIII. Оқулықпен жұмыс.
№5 Есептің шартын, сұрағын талдап оқыған соң есепті шығарамыз
— Сендердің неше әжелерің бар ? ( 2 )
-Сендер әжеге кім боласыңдар? (немере)
-Қандай мерекеде әжелеріңді құттықтайсыңдар? (қарттар күні, 8 наурыз)
-Есепте не белгілі?
-Не белгісіз?
-Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?
-Неше амалды? — Неше тәсілмен шығаруға болады?
Домбыра-3            Ш: 3+7+6 = 16
Ән салды -7          Ж: барлығы 16 өнер көрсетті
Би биледі -6

*Ш.т. (Шығармашылық тапсырма.)

 

  1. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың дәл ортасында бүгінгі сабақтың кейіпкері жасырынып тұр. Ол нешінші баспалдақта екен? Қане тауып көрейік. ( 8 )
    2. 5 жыл бұрын Ержан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Ержан неше жаста болады?
    Бірден сұраққа жауап беруге бола ма? Жоқ.
    — Не белгілі?- Нені табу керек? Қазіргі жасын. Ол үшін не істейміз?
    5+8+6= 19 Ж: Ержан 19 жаста
    IХ. Сабақты қорытындылау. Сематикалық картамен жұмыс.

 

-Ал, балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?
-Екі таңбалы сандарды жазбаша бағандап қосу және азайту
-Жазбаша қосу және азайтуды жақсы меңгеру үшін нені білу керек?
-Жазбаша қосу және азайтудың алгоритмін есте сақтап алу керек
Х. Үйге тапсырма. №5 (ә) , 6.  153-бет
ХI. Бағалау. Бағдаршам бойынша бағалау.
«5» — бәрекелді
«4» — шіркін
«3» — әттең

                                           

 

 

 

 

 

Сематикалық  карта

 

Өрнектер      65 43 77 36
85-8        
56+9        
34+9        
28+8        

 

 

 


                                            Сематикалық  карта

 

Өрнектер      65 43 77 36
85-8        
56+9        
34+9        
28+8        

 

                                            Сематикалық  карта

 

Өрнектер      65 43 77 36
85-8        
56+9        
34+9        
28+8        

 

                                            Сематикалық  карта

 

Өрнектер      65 43 77 36
85-8        
56+9        
34+9        
28+8        

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *