Жастарға ұлттық тәрбие беру-еліміздің кемел болашағының кепілі

Сатов Сардалы Ахалбекович

Абай  атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжі, Тараз қаласы

Бейнелеу өнері және сызу  пәнінің оқытушысы

 

Еліміз тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  мемлекетіміздің  экономикалық тұрғыдан дамуы, әлеуметтің әлеуетінің артуы басты назарда болғаны  баршамызға  мәлім.  Десек те, сол  бір  аумалы-төкпелі  жылдардың  өзінде  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  ел  руханиятын  ,  мәдениеті мен әдебиетін қаперден  шығармағаны  белгілі.  Тіпті  жаңа  ғасырдың  бастауы болған 2000 жыл –Мәдениетті  қолдау жылы  болып белгіленді.  Одан  бөлек  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  қабылданды.

Мәдени мұраларымыз туралы  сөз  қылғанда  ұлттық  рух жайын  қозғаймыз. Ұлттық  рух-халықтың  өзін-өзі танумен  айқындалатын, елдік, тұтатыстық  идеясымен   негізделетін өміршеңдік күш-қуаты. Ұлттық  рух  жалпы  ғаламдық  рух   пен  адамдық  рухтың  дәнекері  болғандықтан, кез  келген  ұлттық  мәдениеттің өкілі  өзінің  әлемдегі  орнын, өзіндік  ұлттық  төл санасы  арқылы бағамдауы  заңды   құбылыс. Сондықтан жеке  адамның таным терезесі  ұлттық таным  тұрғысынан  әлемдегі  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  игеріп, рухани  игіліктерге  өз  үлесін  қосады.

Қай  халықтың  болсын   өз  табиғатына  тән  өзге  де қайталанбас қасиеттері , мінезі, діні  болуы ұлттық  рухпен  тікелей  байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын  зат  болмағандықтан ,  ұлттық  рухтың  көрініс  беруі ұлт   өкілдерінің көркем  шығармаларынан, халық  даналығынан, ғасырлар  бойы  сабақтастығын  үзбеген  рухани  мұраларынан  көрінеді.  Әрбір  ұлттың  өзіне  тән ұлттық  рухы  бар дегенде, оның  өзі  жайлы дүниетанымынан, мінез-құлқынан,  мұрат-мақсатынан, даму,  өзгеру, кейде  әлсіреу, яғни  қозғалыс  үстіндегі  құбылыс   екенін аңғарамыз. Ұлт  болып  ұюдың өзі  этностың мекендік  және  мезгілдік факторларына  байланысты болуымен  қатар оның  табиғи,  тарихи, рухани  бітім  болмысы,  ұлттық  санасы,  діні, мінезі, мәдениеті, әлеуметтік  -саяси  мүдделерінің  қалыптасып  тұлғалануы-үздіксіз  үрдіс.  Қазақ  ұлтының  ұлттық  мүддесі   оның  ана  тілін  сақтауға,  демократиялық  ахуалын  жақсартуына,  ұлттық  төл  мәдениетінің  дамуына, салт-дәстүрінің  сақталуына, рухани  мұраларының жаңғыруына  байланысты.

Өскелең  ұрпақты тәрбиелеушілір  үшін  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақталған  асыл  мұрасын  бүгінгі  және  келешек  ұрпақтың  игілігіне  жарату  басты  міндет  болып  табылады.  Өзіндік  құндылықтарын  жоғалтқан  халықтың  болашағы  бұлыңғыр.  Халықтық   дәстүрлердің   маңызы мен  бүгінгі  тәрбие  үрдісіне  қажеттілігінің  дәлелі — олардың  ғасырлар  бойы  халықпен бірге  жасасып келуінде,  сан  мың  ұрпақтың  сол  тәрбиелік  бастаулардан еркін  сусындап, адамгершілік  ізгілік  нәрін  алуына, бүкіл  ұлттық  тәрбиесіне оң, игі  ықпал  ете  алуында.  Ұлттық  дәстүрлер  мен  құндылықтарының  өміршеңдігі  мен  жасампаздығы  қазіргі  тәрбие   ісіне  пайдаланудың  өзетілігі соңғы  жылдары  ерекшеленуде.

Қазіргі  қоғамымызда еуропалық  мәдениет  үстем  болып  «жаһандану»  сияқты  ұлтсыздану үрдісінің етек  алуы жастарды  туған  халқының  тәрбиесіндегі  қайнар  көздері: ұлтының  мәдени  құндылықтарымен таныстырып, адамгершілік қасиеттерін  дамытып- бүгінгі  өскелең  ұрпаққа тәрбие  берудегі  маңызды  кезек  күттірмейтін  мәселелердің бірі.

Сондықтан,  жастарға  ұлттық  тәрбие  берудің  маңызды  мәселелерін Елбасы ешуақытта  жадынан  шығарған  емес. Елбасымыз бұдан бұрын: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы –тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН»  дегізерлік  қасиетін  түсінуге  тұңғыш  рет енді ғана мүмкіндік алып отыр…   Бірақ  бұл  мүмкіндік қана: ол шындыққа,   тек  қазақтардың емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге  айналуы  қажет » -деп  жазған  еді. «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»   атты  мақаласында осы  мүмкіндіктерді  нақты істе қолдану жөнінде  кеңірек  тоқталған.

Ұлт рухтарының сақшысындай көрінген мақаладағы «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарынан айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі жағдайларын қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген жолдар әрбір қазақстандықтардың ертеңге күнге деген қадамын айқындап беріп отыр. Расымен де біз ұлттық салт-дәстүріміз бен өнерімізді, әдебиетімізді алдымызға бағдар етіп алып, мынау жаһандану дәуіріне ұлттық санамызды жаңғырта отырып қадам бассақ, ұтатынымыз айқын.

Елбасымыздың мақаласында ұлтымыздың ұлы мұраттары, ұлт ретінде таяу уақытта жүзеге асыруы тиіс міндеттері айқын көрсетілген. Мемлекетіміздің ырыс-берекесін молайтып, экономикалық дамуын тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, осы бағыттағы нақты мақсат-міндеттерімізді орындап алғаннан кейін, ұлттың рухани жаңғыру мәселесін ортаға тастауы өте орынды. Ендігі меже Елбасымыздың осы мақалада атап көрсеткен ұлттың ұлы мұраттарын жүзеге асыру, ұлт ретінде рухани жаңғыру.

Елбасымыз айтқандай, біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген, тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет. Бұл-алғашқы қадам. Бұдан соң ұлттың бірегейлігін сақтап, білімімізді шыңдау міндеті тұр. Одан әрі таяу уақытта жүзеге асыруға тиіс міндеттер тұр.

Бірінші латын әліпбиіне көшу мәселелерін реттеп, «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынады.

Бұл міндеттерді орындауға, табысты іске асыруға қажетті алғышарттар жеткілікті. Бұл мәселелермен белгілі бір қоғамдық ұйымдар мен ғылыми орталар тереңірек айналысатыны түсінікті. Ал ұлттық патриотизмді өрістетеуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы жалпыхалықтық сипатқа ие болып отыр.

Президент өз мақаласында айтып  өткен «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі  географиясы» жобасы мықтап қолға алынған жағдайда тарихи орындарымыз замана талабына сай гүлденетіні анық. Осы жобалардың ұлтты рухани жаңғыртуда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сондықтан, бұл жобаның ауқымы кең. Әлемде өркениетімен озған елдердің тұрмыс-тіршілігіне зер салсақ, олардың басқа тұрмақ ұлы тұлғаларының бір қонып кеткен жерін де айрықша қамқорлыққа алып, ерекше құрметтеп, қастерлейтініне көз жеткізер едіңіз. Былай қарағанда, кішкентай ғана іс сияқты. Бірақ ұлттың рухы үшін осы бір істің өзі үлкен қызмет атқарады. Осыдан ұлтымыздың үлкені де, кішісі   өз араларынан шыққан тұлғаларын құрметтеп үйренеді.Олардың бойында сол арқылы өз ұлтына, құндылықтарына деген шексіз сүйіспеншілік пен құрметтеу сезімі қатар өрбіп, дамиды.

Түйіп айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ел руханиятының сақшысына айналып отыр. Сондықтан бағдарламалық мақалада айтылған ойлар, еліміздің жарқын әрі кемел болашағының кепілі болып табылатыны нық сеніммен қарауымыз керек.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2011. 12 ақпан.
  2. Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. –М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с.
  3. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Егемен  Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *