Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп №19 жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: 2.02.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Мендыгарина К.С
Сынып: 2 «В» Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны: 0
Бөлім Дені саудың жаны сау
Сабақтың тақырыбы Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін
Сабақтың оқыту мақсаттары Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Күтілетін нәтиже Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, дереккөздермен жұмыс жасайды, жұптық, топтық жұмыстарда тапсырмалар орындайды, диалог құрасытырады.
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, қажетті ақпаратты тауып оқиды.
Кейбір оқушылар: ойын әсерлі жеткізеді.
Сөздік қор «Керқұлақ» — «Цинга»
Құндылықтарды дарыту Жеке, жұпта, топта ынтымақтастықпен, құрмет көрсете тұрып жұмыс жасай алу
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы Балалардың партада дұрыс отыруын, ғаламтор желісімен дұрыс жұмыс жасауын, берілген басқа да құралдарды дұрыс қолдануларын қадағалау.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім Көңіл сұрауды білемін
Сабақ барысы
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп, ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Үй жұмысын сұрау

«Микрафон» әдісі бойынша ертегі желісіне байланысты дайындап келген сұрақтарына бір-бірінен жауап алады.

Ой сергек.Бір-біріне шар немесе допты береді. Әуен тоқтағанда қолында шар қалып қойған оқушы сыныптастарына жылы сөздер айтады. Жылдам айтылатын әуен (remix) болғаны дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доп.

Сабақтың ортасы

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы ой бөлісу.

Тақырыпты болжау. «Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы қандай?»  бейнекөрініс  көру арқылы тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жетістік критерийін оқушылармен анықтау.

Түсіну.

«Аурудың себебі» мәтіні тыңдалады.

Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:

1.Теңізшілер неліктен лимон жеуді әдетке айналдырады?

2.Лимонның қандай пайдасы бар?

3.Керқұлақ ауруы туралы естіп пе едің?

«Керқұлақ» — «Цинга» — С дәруменінің жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.

4.Мәтін неліктен осылай аталған екен?

Жетістік критерийі:сұрақтарға толық жауап бере алады;

Бағалау:жетістік критерийі бойынша

Мынадай қосымша ақпарат беріледі:

Бұл дерт адамның организмінде С витаминінің,яғни аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен пайда болады.Көп адамдар «цинганы» қызыл иектің ауруы деп біледі,қызыл иектің қанағыштығы мен тістердің түсуі,негізінен,ауыр дерт белгілері болып табылады.Цингамен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды,салмағы азаяды, әрқашанда шаршап және әлсіздікті сезіп тұрады.Цинга ауруымен ауырмау үшін тамақпен бірге адамға С дәрумені түсіп тұру керек.Сау организмнің  С дәруменіне  тәуліктік қажеттілігі100 мг. С дәрумені көптеген көгөністерде, жеміс-жидектерде,қырыққабатта,көк пиязда,қызанақта,сармысақта көп болады.

Оқылым

Өлең шумақтарын оқы (өлең шумақтары оқылады)

Алма

Тісің тиер-тиместен,

Тырс етер де,жарылар.

Шықпас мәңгі бір естен,

Хош иісті дәмі бар.

Мұзафар Әлімбай

Қарақат

Теремін жазда қарақат,

Қарақаттеру-рақат.

Себетім қолда тоқыма,

Мен-бір құс дәндер шоқыған.

Мұзафар Әлімбай

Өрік                   

Әкеледі бағымызға көрікті,                                  

Көктем шыға гүлдегені өріктің.

Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай,

Сәл маужырап күн көзіне еріп тұр.

Тұманбай Молдағалиев

Өс,өс, қиярым!

Су әкелдім тағыда,

Іше қойшы,қиярым.          

Жаз айында томпиып,

Пісе қойшы қиярым.

Тегін кетпей еңбегім,

Піскенінде қиярым,

Дәмді салат жасауға

Себетіме жиямын.

Жәнібек Кәрбозин.

Жетістік критерийі:мәнерлеп оқи алады.

Бағалау:«Басбармақ» арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс.

Топ ішінде ой бөлісу.

Өзің қандай жеміс-жидектерді ұнатасың?

Жұптық жұмыс.

Дәруменге бай 3 жеміс-жидек пен көгөністі ата және оған қатысты 3 сөз жаз. Мысалы: сәбіз-сарғылт,қызыл,бақша,палау.

Бағалау: «Қол соғу» арқылы бағалау

Ой толғау.(топтық жұмыс түрінде)

Дәрумені бар тағамдарға тағы не жатады? Дәруменнің адам денсаулығына пайдасы қандай?Түрлі дереккөздерден ақпарат алып,ойларыңды ереже түрінде жүйелеңдер.

Жемістің аты Құрамындағы дәрумен Пайдасы
     
     
     

Жетістік критерийі:

ü  Ойын жеткізе алады;

ü  Дереккөздермен жұмыс жасай алады;

Бағалау:жетістік критерийі  бойынша бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудио жазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғаламтор желісінен алынған ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жемістер мен көгөністердің суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ қағаз,маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар.

Ғаламтор желісі

Кесте

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге:Қалаған өлеңді жаттау.

Кері байланыс: Жұптық, топтық, жеке жұмыстар бойынша оқушыларға ауызша кері байланыс беріп кету. Жақсы тұстарын атап өтіп, жетілдіретін тұстарына ұсыныс білдіру.

Рефлексия:

«Тілек ағашына» қызыл, көк алмалар жапсыру арқылы. Сабақ ұнаса қызыл алма, ұнамаса көк алма.

«Бүгінгі сабақта өзіме қажетті не алдым?»

 

Ерекше белсенді оқушыларға «жұлдызша» стикерін беру.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *