Жыл мезгілі

Байділда Гүлзада Құлшыққызы
«Аққайың» бөбекжайының тәрбиешісі
Ырғыз ауданы
Ақтөбе облысы

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Төрт мезгіл
Мақсаты: Балаларға төрт мезгіл туралы түсінік беру. Өлең жолдарын түсіндіру.
Міндеттері: Төрт мезгілдің ерекшелігін ажыратуға үйрету. Мәнерлеп айту дағдысын, сөздік қорын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, турлі-түсті карточка, қоңырау т.б.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару. Тәрбиеші қоңырау соғып балаларды шеңберге шақырады.
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды бүгін тағы да,
«Шеңберге тұр», — деп баршаңды.
Балалар шеңбер жасап тұрады да тәрбиеші өзі бастап қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары көбейіп тәрбиешіге бір құшақ «Тілек шоғы» болып оралады.
-Өзгелерге тілек тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайта оралады, — деп қорытынды жасайды.

2.Жаңа сабақ.
-Қазір біз жыл мезгіліне арналған таңғажайып саяхатқа аттанамыз.Жол бойында аялдамаларға тоқтап демаламыз.
1-аялдама: Аспанның түсі cуық, сұр бұлт жиі-жиі торлайды. Тырналар сап түзеп жылы жаққа ұшып бара жатыр. Бау-бақшада жемістер уылжып пісіп тұр. Бұл қай мезгіл?
-Күз мезгілі.
Күз мезгіліне байланысты сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, тәттісін
Әжемізге сыйлайық.
Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін хормен айту.
Алтын, сары, қызыл, көк…
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
2-аялдама: Балалар, мына суретке қараңдаршы. Айнала аө көрпе жамылған, өзендер қатып қалған. Жылы киінген балалар шана теуіп жүр. Бұл қай мезгіл?
-Қыс мезгілі.
М. Әлімбаевтың «Қыс келбеті» өлеңін жатқа айту.
Аққу мамық ұлпа қар,
Жамылады қырқалар.
Шымшып аяз бетіңді
Ширатады етіңді.
-Саяхатты одан әрі жалғастырамыз.
3-аялдама: Сай-салада сылдырап сулар ағып, ағаштар бүршік жара бастады. Құстар ұшып келіп, балалар оларға ұя жасап жүр. Жаңбыр жиі жауа бастады. Бұл қай мезгіл?
-Көктем мезгілі.
Көктемге байланысты саусақ жаттығуы:
Жаңбыр жауды,
Жаңбыр қатты-қатты жауды.
Жаңбыр басылды
Күн шайдай ашылды.
Н.Өтетілеуовтың «Көктем» өлеңін оқу.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
4-аялдама: Айнала қызыл-жасыл гүлге бөленген. Көбелектер, аралар гүлден-гүлге ұшып-қонып жүр. Балалар өзен жағасында күнге қыздырынып жатыр. Бұл қай мезгіл?
-Жаз мезгілі.
Жаз мезгіліне байланысты сергіту жаттығуын жасау:
Жел уледі –у,-у.
Құйын келіп биледі –гу, -гу.
Қатты-қатты жел соқты –зу,-зу.
Жапырақтар қол соқты –ду,-ду.
Е.Өтетілеуовтың «Жаз» өлеңінің мазмұнын түсіндіру.
Орман, көлге, жайлауға,
Шақырады жаз жайраң.
Шаршамайды шарлауға
Барлық бала мәз-мәйрам.

3.Қорытынды.
Сұрақтарға жауап алу.
-Қай кезде қызыл-сары жапырақтар көп болады?
-Қай кезде гүлдер қсіп, көбелектер ұшады?
-Қай кезде күн суытып, қар жауады?
-Қай кезде сулар ағып, құстар жылы жаққа ұшады?
Балалардың жауабы.
-Балалардың қатысымына қарай бағалап мадақтау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *