Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Интернеттегі қауіпсіздік

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5

Сабақ 5-6

Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және орналастыру.

Жоғарғы деңгей дағдылары (қолдану).

Сабақтың мақсаты 5.1.3.1. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және орналастыру.
Бағалау критерийі Жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдармен

жұмыс жасау дағдыларын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

 

Файл, жүктеу, каталог, кеңейтілуі, бағдарлама

Диалог: Бумадағы файл  дегеніміз не?

Жазылым: Файлдарды  жүктеу, орналастыру, өзгерту

Термин:

Файл-файл-file

Жүктеу-загрузка-downloads/loading

Бума-каталог-catalogue

Кеңейтілуі-формат-format

Бағдарлама-программа-programma

Пәнаралық байланыс Бейнелеу, ағылшын тілі, орыс тілі.
Құндылықтарға баулу — шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

— жауапкершілік;

— қарым-қатынас жасау қабілеті;

Алдыңғы білім

 

Оқушылар нені біледі?

Құпия сөздің қолданылу себебін және құжатқа құпия сөзді орнату әдісін біледі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Сабақ басында төмендегілерге назар аудару керек:

— оқушылардың назарын шоғырландыру

Стикерлер  арқылы топқа бөлу; бағалау парағын тарату;

— оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау;

Бумадағы файлдарды сөз түрінде ұсыну.

 

Оқулық, көрсетілімдер

Сабақтың ортасы

 

Тапсырма №1 (жеке жұмыс)

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бума белгісін көрсетіңіз.

 

А)    В)     С)

Дескриптор

Білім алушы:

—          «жалпы қолданысқа рұқсат етілген бума» белгісін анықтайды.

 

Тапсырма №2 (жұптық жұмыс)

Файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер ретін көрсетіңіз.

Тышқанның оң жақ Жалпы файлды Менің компьютерім
батырмасын шерту қолданысқа белгілеу → нысанын ашу→
рұқсат етілген Көшіру Желі нысанын
Қою буманы ашу. командасын таңдау
командасын таңдау таңдау

Дескриптор

Білім алушы:

—          файлды жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумаға орналастыру үшін орындалатын әрекеттер тізбегін демонстрациялайды.

Тапсырма №3 (топтық жұмыс)

Венн диаграммасы

                

Файлдар           Бумалар

 

Дескриптор

Білім алушы:

—          файл және бума түрлерін ажырата алады;

 

Тапсырма №4 (жеке жұмыс)

Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір

 

EXCEL                     Нысанға жан бітіру

программасы (.ppt)

WORD                      Графикалық қолданба (.bmp)
PowerPoint              Мәтіндік редактор (.doc)

 

PAINT                      Электрондық кесте (.xls)

 

Дескриптор

Білім алушы:

—          файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәкестендіре алады;

Компьютер

Слайд

Интербелсенді тақта

Ғаламтор желісіне қосылған АКТ

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

     БҮҮ  кестесін  толтыру.

 

білетінім үйренгенім үйренгім  келетіні

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *