Күз мезгілі

Канжекеева Венера Омирзаковна

Сабақтың мақсаты:  Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы білім беру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдаудиобейне материалдар, үлестірмелі қағаздар,  постер, стикер.

Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

«Шаттық шеңбері» тренингі ұйымдастыру.

-Балалар, енді «Жүректен жүрекке» дей отырып шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.

-Балалар, айтқан тілектерің орындалсын, мен де сендерге бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін.

-Енді «Сөздік ойынын» ойнайық. Мына сандықта сиқырлы сөздер бар. Әрқайсымыз сандықтан бір сөзден алып аудармасын айтамыз.

Жарайсыңдар!

-Біз бүгін топтық жұмыс жасаймыз.Ал, қазір сендерді «Алма мен алмұрт» арқылы 2 топқа бөлемін.  Өздеріне ұнайтын жемістің  біреуін тандап, сол жеміс туралы бір сөзден айтып топқа бөлініп отырасындар. Алма алғандар – бірінші  топқа, алмұрт алғандар – екінші  топқа отырады.

ІІ. Ой қозғау.

Үнтаспадан Абай  Құнанбаевтың «Күз» өлеңін тыңдау

ІІІ. Кластер құрастыру.

  1. Жаңа сөздермен танысу.

(сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру)

  1. Мәтінмен жұмыс.
  2. Мәтінді тізбектеп оқу.
  3. Аудару.

VІ. Тапсырмалар орындау.

1 топ. Мәтіннің мазмұнын айту

2 топ. Мәтін бойыша сурет салу

Сергіту  сәті: «Жауын»

VIІ. Дәптермен  жұмыс.

Сөздерді буынға бөліп жіңішке, жуан буын екенін анықтау.

1 топ. – күзде, қазан, құстар

2 топ. – сары, жасыл, жемістер.

Синквейн  құрастыру (5 жолды өлең)

VII. Бекіту «Доп» ойыны.

VIІI. Бағалау

IX. Үйге тапсырма: Күз туралы эссе жазу

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *