Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру гигиенасы

Ашықбаева Райкуль Бердалиевна

Сабақтың тақырыбы: Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу. Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Көздің құрылысын,атқаратын қызметін түсіндіре отырып,көздің қосымша мүшелерін көрсету және қызметін түсіндіру;

Дамытушылық: Физика және валеология пәндерімен пән аралық байланысты дамыта отырып,көру анлизаторының қызметін және көрудің бұзылуының салдарынан туатын көз аурулары туралы біліктілік қалыптастыру

Тәрбиелік: Көздің маңызын және көзді зақымданудан қалай сақтау керек екенін түсіндіру; теориялық білімді практикада пайдалануға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, көздің құрылысы, білім ресурстық «Bilimland» порталы, тест жұмыстары

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, Сәйкестендіру, Кім жылдам, Джигсо әдісі, аш, оқы, жап әдісі.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, шаттық шеңбері: бір-біріне жақсы тілек айту.

Сезім мүшелері анализаторлар суреттері бойынша оқушыларды  топқа бөлу. (көз, құлақ, мұрын). Бағалау парақшасын беру.

Үй тапсырмасының жазбаша орындалуын тексеру және толықтыру

 

Кестені толтыр Сәйкестігін анықта

 

 

 

1.Рецептор

2.Сезімтал жүйкелер

3.Үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

 

ә) тітіркенуді қабылдау

б) рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне беру;

а) импульсті жұмыс мүшесіне беру

в) сезімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға қозуды тасымалдау

г) ерекше сезім қалыптастыру


«Кім жылдам? » сұрақ-жауап

  1. анализатор дегеніміз не?
  2. Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

3.Тітіркенуді қабылдау қалай іске асырылады?

Жаңа сабақ. Тақтада жарық, бейне, көздің суреті, жаңа тақырыпты ашу.

Көз – күрделі сезім мүшесі, оның көмегімен адамдар айналасындағы заттардың пішіндерін, түсін ажыратады және нысандар арасындағы қашықтық пен олардың қозғалыс жылдамдықтарын анықтайды.

Топтарға тапсырмалар беру. Джигсо әдісі.

1 топ. Көздің қосымша мүшелері

2 топ. Көздің құрылысы.

3 топ. Көрудің бұзылуы.

Топ мүшелері тапсырмалары бойынша жұмыстарын қорғау. Бірін-бірі бағдаршам әдісімен бағалау.

Көздің құрылысы бейнекөрініс.

ІҮ Бекіту

1 топ. Оң жақ бағандағы суреттерді сол жақ бағанда жазылған көз типтерінің атауларымен байланыстырыңыз.

Стигма                                         адам көзі

Төңкерілген көз типі                  бунақденелілер

Күрделі көз                                 таспақұрт

Бір нысаналы көз                       жасыл балдыр

2-топ. Атқаратаын қызметтеріне сәйкес көздің құрылымдық элементтерін тізімнен таңдаңыз.

Ақпараттардың бас мидың көру орталығына берілуі –  көру жүйесі

Түсті қабылдау –      құтышалар  Аккомодация –  көз бұршағы Сұр түсті қабылдау –  таяқшалар Қарашық диаметрінің реттелуі –  көздің нұрлы қабаты

3-топ. Суретте бейнеленген нөмерлерге сәйкес көз мүшелерінің атауларын ретімен орналастырыңыз.
4. 5. торлы қабат:6. тамырлы қабат: 2. нұрлы қабық:3. көз бұршағы: торлы қабық:1. ақ қабық: 7. көру жүйкесі

Сергіту сәті. Жанды шырша.

Тест. Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. Көздің қосымша мүшелерін ата?

1.Қас, қабақ, кірпік

2.Тамырлы қабық

3.Қарашық

4.Сығырлық, қырағылық

  1. Қарашық көздің қай бөлігінде орналасқан?
  2. Тор қабықта
  3. Тамырлы қабықта
  4. Қарашықта
  5. Қасаң қабықта
  6. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?
  7. Сары дақ
  8. Соқыр дақ
  9. Қарашық
  10. Қасаң қабық
  11. Нұрлы қабықта қандай пигмент болады?
  12. Родопсин
  13. Меланин
  14. Хлоропласт
  15. Рецепторларберің
  16. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығатын жағдайда не болады?
    1. Қырағылық
    2. Сығырлық
    3. Дальтоник
    4. Бейімделу
    5. Құтышалар мен таяқшалар көздің қандай қабығында орналасқан?
    6. Тор қабықта
    7. Соқыр дақта
    8. Қарашықта
    9. Қасаң қабықта
    10. Адам көзі алысты көрушілік пен көрмеушілік кезінде қандай қабатына зақым келеді?
    11. Тор қабықтағы сары даққа
    12. Тамырлы қабыққа
    13. Тор қабықтағы соқыр даққа
    14. Қасаң қабыққа
    15. Қарашық қандай қабыққа жалғасады?
    16. Тор қабыққа
    17. Нұрлы қабыққа
    18. Қарашыққа
    19. Қасаң қабыққа

Қорытынды   Көзді зақымданудан қалай сақтау керек. Кітапты аш, оқы, жап.

1.Ала-көлеңкеде, нашар жарықта, автокөлікте оқыма, жазба, жұмыс жасама.

2.Компьютердің, теледидардың алдында ұзақ уақыт отырма.

3.Жұмыс уақытында көзің талса, көзің демалғанша терезеге қара.

4.Жатып оқыма, жатып жұмыс істеме, көзіңді тез бұзасың.

  1. Ешқашан алкоголь, темекі, есірткі пайдаланба! Мұның салдарынан көру жүйкесі ауыр зақымдалып, адам көрмей қалуы да мүмкін.

Рефлексия. Кері байланыс. Мен түсіндім. Түсіну қиын болды. Түсінгенжоқпын.

Үйге тапсырма: тақырып соңында АВС сұрақтарға жазбаша жауап жазу.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *