Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті

Жалғасбаева Асылай

Мақсаты:

  • Оқушыларға өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Қазіргі заманғы еңбек нарғының талаптарын түсіндіру.
  • Оқушылардың өз мамандықтарын таңдауда қателеспеуіне бағыт- бағдар беру.

Пайдаланылған ресурстар:

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, слайдтар
Өтілу барысы:
Жүргізуші:

І. Ұйымдастыру

-Құрметтіоқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі күні 9 – сынып оқушыларына кәсіби бағыт — бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандықтыдұрыстаңдау – табыстыөмірдіңкілті» тақырыбындағысыныпсағатынақошкелдіңіздер!

Мынаукөпсалалыөмірдемамандықтыңтүрікөп. Әринетаңдаужасауоңайемес. Еңбастысы – адамеңбеккеқабілетті, зейіндіболуықажетжәнеоныңмамандығыөзіөскенортағамаңызды, бағалыүлесқосатындайболуышарт. Өзісінесенімді, дұрыстаңдағанадамғанажетістіккежетеді. Адам еңбегіненқуанышынта бола білсе, бойынажаңакүшқосылып, еңбеккедегеншабыты арта түседі. Зорықылас, шабытпеністегеніс – табысбиігінежеткізетінқанат. «Неге арналсаң, соныісте» деп, Абай атамызайтқандай, қашандаадамөмірденорнынөзтаңдауыментапқанжөн. Осындайниетпеншәкірттеріміздіңболашағынасәттіліктілейотырып, бүгінгі сынып сағатымызды бастау үшін, оқушыларымызды топқа бөлініуге  ортаға шақырамын. Сіздердің алдарыңызда бірнеше мамандық түрлері жазылған бетшелер жатыр. Осы бетшелерді алып, сіздерге ұсынылып отырған мамандық саласына барып отыруларыңыз сұралады.

(Үстел үстінде «Өнер саласы», «Білім және ғылым саласы», «Құқық және заң саласы» бойынша мамандықтардың атауы жазылған бетшелер жатады)

Жүргізуші:

Ендеше оқушылар  топ ережесімен танысып алайық.

  1. Көтеріңкі көңіл-күй.
  2. Достық қарым-қатынасты сақтау.
  3. Ұжымда бірлесіп жұмыс жасаймыз.
  4. Бір-біріміздің пікікрімізді тыңдау.
  5. Берілген уақытқа бағыну.

Жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек. Құрметі оқушылар, әрі қарай сіздерге бағыт – бағдар сілтейтін Бағдарбек бүгін бізге қонаққа келген болатын. Олай болса Бағдарбекті ортаға шақырамыз.
Бағдарбек сөзі:
Болу үшін сірә адам,
Отқа да салып сынаған
Еркелікті көтермес,
Өмірдің жолы бұралаң.
Өткеріп аяз – ақпанын
Көрерсің шуақ шақтарын.
Жануы бақтың – өмірден
Өз орныңды тапқаның.
Сол жолда талмай самғарсың,
Кездессе де, қандай сын?
Тірлікте мынау кәсіп көп
Қайсысын қане таңдайсың?
Ақыл – ойың көк теңіз
Талабыңды қостасын
Түсіндіріп өтейін
Мамандықтың көш басын
Құлағында ойнаған,
Тіліп бұлттың ұлтанын.
Зеңгір көкке бойлаған,
Ұшқыш болғың келе ме?
Айлап, жылдап түн қатып,
Сапар шегер алысқа.
Толқындарды тулатып
Шағаламен жарысқан
Капитан бол кемеге!
Көшет егіп жекелеп
Гүлдендіріп бар маңын.
Нәрестедей мәпелеп
Мәуелеткен бау – бағын
Бағбан болғың келе ме?
Әлдилесе шалқарлы ән,
Буынсыз, мың бұралған.
Шара апайдай майталман
Биші болғың келе ме?
Қалап көңіл ауаны
Талап оны қолдаса.
Кәсіптің жоқ жаманы
Нашар маман болмаса!
Жүргізуші: Сіздерге өз мамандықтары жайлы өз пікірлерін білдіріп, ақыл – кеңестерімен бөліскен Бағдарбекке алғысымыз шексіз. Сау болыңыз!

Сынып сағатымызды одан әрі жалғасақ. Келесі кезеңіміз:

  1. Ой қозғау.

— Батыр бабамыздың мынадай қанатты сөзі бар екен. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың».

— Сұрақ: Осы қанатты сөзді кім қалай түсінеді.

Жауаптарыңызға рахмет.

Олай болса алдымен  оқушылар «Мамандық дегеніміз не ?» деген сұрақтың анықтамасын біліп алайықшы. (Әр топтан 1 оқушыдан сұраққа нақты, толық жауап беру қажет)

Жүргізуші:

Дұрыс айтасыздар оқушылар. Профессия- мамандық дегенді білдіреді.Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау…

Жүргізуші:

III. Топтастыру.

Осы айтылғандардан мынадай ой туындайды. Мамандық таңдау үшін адам өзіне қандай сұрақ қоюы керек ? (Топтарға «Мен» сөзіне өз ойларын топтастыру ұсынылады.)

іV. Олай болса «Білеміз бе ?» деген тақырыпта мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар екен соған назар аударайық.

  1. «Өнер саласы» тобына.

Қазіргі уақытта ең көп сұранысқа ие мамандықтар?

  1. «Құқық қорғау және заң» тобына.

ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар ?

  1. «Білім және гуманитарлық ғылымдар саласы» тобына.

Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды атаңдар ?

  1. Жағдаяттық сұрақтар :
  2. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
    2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
  3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?

VІ. Қорытынды :

Ендеше оқушылар бүгінгі сынып сағатымызды қорытындылай келе «Мамандық таңдағанда неге көңіл бөлу керек ?» — деген сұраққа барлықтарыңыз өз жауаптарыңызды қысқаша және түсінікті түрде жеткізсеңіздер.

VIII. Рефлекция .

  1. Мен бүгін өзім үшін көп нәрсе ұғындым дегендер.
  2. Маған қызықты болды дегендер.

Бұл сабақ менің мамандық таңдауыма бағыт-бағдар берді деп ойлайтындар

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *