Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану

Рамазанова Гульгуль Серикхановна

Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында  жаңа ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Тақырыптың өзектілігі: Ақпаратты-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты сабақ барысында электронды оқыту құралдарын кеңінен қолдану заман талабы.

 

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді

Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.

Мен осы АКТ құралдарын талдап саралай келе 6-сыныпта өткізген тізбектелген сабақтарымда  қолданған бағдарламалық жасақтамаларды сабақтың кезеғдерінде колдануым туралы айта кетсем.

Жаңа материалды игеру

Тізбектей өткізген үш сабағымның біріншісінің тақырыбы «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі»  болатын. Бұл сабақ жаңа тараудың бірінші тақырыбы болғандықтан жаңа сабақ болған еді. Сондықтан жаңа сабаққа қатысты графиктерді, суреттерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндірдім. Сонымен қатар сабақ барысында графиктерді бейнелейтін арнайы Advanced Grapher бағдарламасын да қолдандым.

 

 

Математика сабағында білімді тереңдете меңгерту мақсатында бейнероликтерді де қолдану кең үрдіс алып отыр. Сондықтан өз сабақтарымда сергіту сәтінде немесе оқушыларға математика сабағы не үшін керек деген сұрақтарына жауап алу мақсатында Интернеттен алынған бейнероликтер арқылы өз ойларын қалыптастыруға жол ашып отырдым. Мысал ретінде айтсам, табиғат мен ғылым деген бейнролик көрсету арқылы оқушылар осы қоршаған ортамыз мен ғылымның тығыз байланысып жатқаны анық көрсетіліп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды.

Жаңа сабақты игеру барысында қолданған тағы бір АКТ құралдарының бірі гипермәтіндік технологиялар. Атап айтсақ, bilimland.kz сайтындағы Интернет ресурстар. Бұл сайттағы барлық материалдар bilimmediagroup компаниясының көмегімен дайындалып, жинақталған оқушылар мен мұғалімдерге арналған портал. Осы сайттың математика бөліміндегі ресуртарды сабағымда тиімді пайдаландым.

 

 

Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру

Бірінші сабақта  оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолдана отырып, оқушының өздері дыбыстауына жол берілді. Бұл әдісті қолдану барысында топтағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түскені анық байқалды. Тізбектелген екінші сабағымда осы әдісті мультфильмді дыбыстауға қолданған кезде оқушылардың анық жұмысқа кірісе отырып, осы дыбыстау үрдісіне қызығушылықтарын көрдім. Топтағы әр түрлі деңгейдегі оқушылардың дыбыстау үрдісіне қатысуы тең дәрежеде болды.

Білімді бақылау

Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді).

Сабақ барысында MyTest бағдарламасында тесттік сұрақтарды алдын ала жауаптарымен дайындап алып, оқушыларға тест сұрақтарына жауап беруге ұсындым. Тест жауабын мұғалім өзі тексеріп жауабын айтқаннан осы бағдарлама арқылы жауаптарын тексеру біріншіден уақыт бойынша үнемдеу болды. Екіншіден, оқушылар келесі сабақтарда да осы бағдарлама арқылы тест тапсырмаларын орындауға деген сұраныстары арта түсті.

 

Осы айтылғандардан  математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:

  • математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
  • компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
  • оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін қалыптастыру;
  • білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
  • жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.

Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың ақыл-ойымен  іс-әрекеттерін шығармашылықпен дамитынын көрсетеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында әр-түрлі есептер дайындап келулерін ұсынамын.

Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келуге тиіс.. Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын.

Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.

Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды  жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың ,не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды білімге қызығушылығын , ізденушілікке баулу.  Заман талабына  сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Зерттеу жұмысымды қорытындылайтын болсам ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *