Медиация және оны дамыту

2011 жылғы 5 тамызда заңды күшіне енген «Медиация туралы» Заң қабылданып, қолданысқа енді. Осы заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттарымен рəсімін, сондай-ақ медиатордың мəртебесін айқындайды. Медиация туралы заң қабылданғалы бері аз уақыт ішінде, құқық қорғау саласына сіңе берген сайын, құқықтық республиканың жарқын келешегі жақындай береді.Бүгінгі таңда, халықтың аузынан, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. «Медиация» сөзі — латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мəмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиацияны қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мəселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады.
Медиацияның мақсаты — дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптығы жəне медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рəсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тəсілі сот ісіндегі тазалықты, əділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тəсілдерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тəсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл Заң қазаққа жат емес. Жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі жəне сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
Медиацияның жылдан-жылға кең жайылып бара жатуының, адамдардың олардың қызметіне көбірек жүгінуінің себептері неде деген заңды сұрақ туындайды. Себебі, медиацияның сот жүйесімен салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар:
• Медиация процедурасы сотпен салыстырғанда аз уақыт алады;
• Медиатордың қызметі сот қызметіне қара¬ғанда арзанға түседі;
• Тараптардың арасындағы қатынас бұзылмайды;
• Заңды емес, тараптардың мүдделерiн ескереді;
• Құпиялық сақталады.
Сонымен қатар, cот өндірісінен оның тағы бір айырмашылығы – медиацияның нәтижесінде «кінәлі» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Медиацияның арқасында соттарда қаралатын істердің саны да а Дауларды.
Қазіргі уақытта медиаторлардың қатысуымен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер – медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі. Сот жүйесінде медиация институтының дамуына қажетті іс шаралар жүргізілуде. ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы 2015 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңесте сот ісін жүргізуде медиациялық, татуластыру рәсімдерді қолдануға, олардың жергілікті және басқа да соттардың жұмыс сапасын бағалаудағы маңыздылығына ерекше назар аударды.
Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтының қолдануын кеңейту аясында облыстық және оған теңестірілген соттарға облыстық соттар мен әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар арасында татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасау, оның ішінде аймақтық әкімдіктер жанынан медиация кабинеттерін ашу туралы тапсырма жолданған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында, Бурабай ауданында «Нұр Отан» ХДП ғимаратында медиация кабинеті ашылды. Медиация кабинетінің ашылуы халыққа дауларды соттан тыс жағдайда шешудің артықшылықтарын білуге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Кабинет қажетті техникамен, анықтамалық материалдармен және буклеттермен жабдықталған. Медиацияны қолдану аясы және оны жүргізу қағидаттары туралы ақпараттар жазылған арнайы стенд орналастырылған. Медиация институтының дамуына Бурабай ауданында кәсіби медиатор В.П.Белецкий да ат салысуда.
Заңның тиімді жүзеге асуы жөнінде, оның қолданылу аясы, медиация үрдісін жүргізудің қағидалары мен принциптері, даулардың жіктелуі, олардың алдын-алу тәсілдері, болдырмаудың әдістері, медиация жолымен дауды конструктивті түрде шешудің фактілері мен шарттары жайында аудандық сотта семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып тұрады және де баспасөз беттеріне халықты ақпараттандыру үшін аталған Заң туралы мақалалар жарияланып отырады. Бүгінде бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнестерден бастап, ажырасу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы медиация арқылы өткізіледі, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады екен.
Айтпақшы, кеңестік дәуірден кейін медиацияны алғаш боп қылмыстық істерді шешу үшін Молдова мен Литва қолданған. Бұл елдердің соңғысы іс жүзінде мұндай тәжірибеден экономикалық тиімділікке қол жеткізген. Ал Қазақстанда билер сотының жүйесі осы медиацияның түптұлғасы боп табылады. Билер сотының өзі қаншама шаңырақты бейбітшілікке шақырып, бітімділігін ұстап отыр.
Медиацияның мүмкіншілігі, келіссөзге бейтарап жақтың қатысуының оны жүргізуге оң әсер етуі фактісін мойындауға негізделген. Медиация дауларды альтернативті реттеудің әдісіне жатады және мемлекеттік және аралық соттарға балама болып табылады.Медиация соттан тыс тәртіпте қолданылуы мүмкін, дәлірек айтқанда дау тараптары дауды реттеу бойынша бір шешімге келе алмаса, және сотқа да жүгінгісі келмесе. Сотқа дейін медиация шартқа немесе басқа да құқықтық келісімдерге, туындаған дауды медиация қолдану арқылы шешу туралы, медиациялық ескертпе енгізу негізінде жүзеге асырылады. Сот процесі аясында да тараптар істі сотта қараудың кез келген кезеңінде процесті тоқтатып медиация рәсіміне жүгіне алады, сот та тараптарға медиация рәсіміне жүгіну туралы ұсыныс жасай алады.
Медиацияны қолдану дауласушы тараптарға соттағы қағаз бастылықтан, мағынасыз уақыт және ақша жұмсаудан, қоғамдағы, БАҚ-ғы немесе Интернет желелеріндегі қажетсіз жарялылықтан құтылуға, сонымен қатар адамгершілік, іскерлік немесе серіктестік қатынастарды, бедел мен өз ортасындағы силастықты сақтауға мүмкіндік береді.
Медиатордың судьядан айырмашылығы – медиатор жанжалға қатысушылармен болатын келіссөздерге белсенді қатыса алады, ал судья мұны жасай алмайды, ол араласпаушылық принципін ұстануға міндетті. Медиацияға бар болғаны 30 күн уақыт беріледі, ал соттар айларға, тіпті жылдарға созылады.
Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім-шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді. ҚР АПК-де сот өндірісіне түскен азаматтық істер бойынша істі қарауға әзірлік жүргізу барысында тараптарға міндетті түрде араларындағы дауды медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы түсіндіріледі. Бұл тұрғада оларға іс бойынша төленген мемлекеттік баж алымының қайтарылатыны да ескертіледі. Осы заңның аясын кеңіту бағытында істі қарауға әзірілік кезеңінде медиацияны тараптарға түсінідіріп жеткізу соттарға міндеттеген. Алайда, оның өзі медиацияны қолдануды кеңітпейді. Себебі сотқа қатысатын тараптар медиацияны қолданғаннан көрі сот шешімінің шығарылуын қолайлы көреді.
Медиация қолдану аясын кеңейту үшін ол жөнінде насихат жұмысын қолға алу қажет. Медиация сөзін азаматтар көп жағдайда жете түсінбейді. Медиация латынның «медиаре» -«бітімгершілікке жүру» сөзінен алынған. Медиацияға жүгіну үшін тараптар медиацияның не екенін білуі тиіс. Бітімге келу үшін оларды бітістіретін тұлға болу қажет-ол медиатор. Тараптың бітімге келу не келмеуі ол медиатордың кәсіби деңгейіне, шеберлігіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты. Тараптарды бітімге келістіру үшін олармен ортақ тіл табыса алатын, сеніміне кіретін және олардың екі жағына да ұтымды болытан жағдайды ойластыратын қабылеті бар тұлға болуы тиіс.
Теледидардан, баспасөз беттерінен медиция жөнінде жариаланып жатады алайда, көпшілік медиацияны саяси бір сырттан келген сөз ретінде қабылдайды. Сондықтан барлық насихаттар халық санасына тез жеткізуге бағытталу керек. Жарнама жасайтын профессионалдар халықтың санасына әсер етететін тұстарды зерттеп соны қолданады, себебі күрделі нәрсе жарнамаланбайды. Сондықтан, насихат қарапайым, тез жетімді, түсінікті болуы керек. Және медиаторларды халық тану керек. Медиаторлар да өз тараптарынан өздерін жарнамаласа, нотариусты таңдағандай халық медиаторды таңдаса қолайлы болар еді. Медиаторлардың кім екенін, қай жерде орналасқанын, олармен қалай хабарласуға мүмкіндігі туралы қолжетімді мағлұматы болу керек.
Медиаторлар тараптардың еркімен дауларға араласып, оларды бітімге келтіруде. Медиация заңы қабылданар алдында шетелдің, Америка, батыс елдеріндегі медиация институттарын зереттей отырып қабылданды. Дегенмен, өз тарихымызға көз жүргірте отырып, медиацияның –яғни бітімгершіліктің қазақ билерінің кеңінен пайдаланған билік құралы екендігі айқындалады. Тараптарды табысытырып, екі жақты ұтымды жағдайға келтіре білген. Бір жағы ұтпаса да өзінің талабының негізсіз екендігін бидің шешендігі мен көсемдігі арқасында түсініп, бидің сөзіне тоқтап бас иген. Осы көшпелі қазақ қоғамымыздың билер институтының өнегелі тәжірибесін қазіргі медиация тұрғысында кеңінен пайдалану абзал. Егер медиаторларды бұқаралық ақпарат құралдары, интернет құралдары арқылы жариялап, олардың бітістірген әр бір дауы туралы кеңнен ақпараттар таратылса, ел арасында сол медиаторды өз қалауы бойынша таңдап, елімізде тарихта қалатын мықты медиаторлар шығар еді. Бұл тұрғыда латын тілінен алынған «медиатор» сөзін өзіміздің төл тарихымызда пайдаланылған «бітімгер» сөзіне ресми түрде ауыстырылса нұр үсіне нұр болар еді.
Соттар медиация бойынша тек тараптаға медиация қолдану мүкіндігін түсіндіреді. Ал оған келісуі не келіспеуі олардың процессуалдық құқықтары. Себебі медиацияның басты принципы еріктік. Егер сотқа дейін даулар медиация тәртібмен шешілген болса соттардың да жүктемелері елеулі төмендер еді.
Сот медиациясын кеңіту бағытында республикада күрделі өзгерістер еңгізілді, 2016 жылы қолданысқа еңгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне татуласу рәсімдері бөлек тарау ретінде бекітілді. Осы кодекстің 174 бабының тәртібі бойынша сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні көрсетілген. Іс жүргізу заңының жаңадан еңгізіліп бекітілген өзгерістері бойынша бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Осыған сәйкес республиканың барылық судьяларымен медиация тәртібімен дауды реттеу бағытында олардың кәсібіи-біліктіліктерін арттыру шаралары қолданылды. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.Сот тараптардың өтінішхаты бойынша медиация рәсімін белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың қатысуы дауды реттеуге ықпал етсе, оларды медиацияға шақыруға құқылы.Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.
Процестің кодексінің бұл ерекшеліктері медиацияның іс жүргізудің барлық сатысында өткізіуіне мүмкіндік береді. Медиацияның мемлекет және ең маңыздысы халық үшін жағымды жақтары көп болғандықтан соңғы реформалары оны дамытуға бағытталған. «Медиация туралы» заңының қолдануы өркениет көшіне бағыт бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғағы.
Қорыта келе, «Медиация» азаматтар арасындағы қарым-қатынаста талас-тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың қарым-қатынас мәдениетінің, этикасының жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкеледі деген сенім бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели