Мектепке дейінгі мекеме әдіскері және әдістемелік қызмет

Кошкимбаева Сауле Кураловна

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.

Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер т.б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін -өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.

Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс – тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Осы заманғы басшы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік қызметті басқару мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның жұмысын білім беру бағдарламалары міндеттерін шешуге бағыттайтын болғандықтан басқару ісіне жатады.
Басқарудың тиімді тәсілі — менеджменттік басқару. Ю.Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.

Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.

  • адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
  • өзара құрмет егізінде сенімділік ахуалдықалыптастыру;
  • адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
  • бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.

 

«Ынтымақтастық» ұстанымы. Талаптар:

  • адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретінде санасу;
  • педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;
  • білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;
  • педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;
  • мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көресту, мұқияттылық, көзқарас таныту.

 

Тұрақты жаңғырту» ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Әрбір жаңаша құрылатын тиімді жұмыс бағдарламасының 5 сатысы болады.

Әр жұмысты тапсырмаларға бөліп, әр бөлімді жан-жақты түсіндіріп шығу керек.

  • түсіндіріп қоймай, өзіңіз соны істеп көрсетуіңіз керек;
  • енді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз;
  • атқарылған іске ағымдық бақылау жасау, міндетті түрде мадақтау;
  • жетістікті айтып мақтауын жеткізу, ал кеткен кемшілікті өз мойыныңызға алып, оны өзіңізден іздеңіз.

Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі.

Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.

Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол — әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

Әрқашан даму үстіндегі кәсіби білім көтеру жүйесінің басты тұлғасы – кәсіби дайындығы жоғары, жеке басының емес, педагогтың жағдайын ойлайтын, жаңа талапқа сай технологияны тез меңгере алатын және оны оқу-тәрбие үрдісінде шебер қолдана білуге үйрететін — әдіскер.

Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы «Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін» деген көзқарасты жойып, «Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін» деген бағытты ұстанады.

Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті – маманға көмек көрсету.

Білім беру жүйесіндегі бұл категория — өз қызмет талабына байланысты әдістеме ілімімен кәсіби шұғылданатын педогогикалық қызметкер.

Әдіскер белгілі бір педагогикалық жүйені әдістеме жағынан қамтамасыз етеді, педогогикалық кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруге қатысады.
Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез-құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.

 

Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі

 

Кәсіби шеберлігі:

  • Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын;
  • Адамдардыңпсихологиясынзерттейалатын;
  • Өзжұмысынанақтыталдаужасайтын;
  • Қаталталапетеалатынжәнедемократиялықтұрғыдабасқара алатын.

 

Жеке қасиеттері:

  • Руханимәдениетті, сендіребілетін, адамдардыбелсенділіккетәрбиелеуші;
  • Шынайызиялы;
  • Сыншылжәнеөзінесыниқарайтын;
  • Педагогикалықсезімтал, жаңашылеңбексүйгіш;
  • Лидерлікқабілеті бар, әдістемелікжұмысқашығармашылық пен жетекшілікететінжекетұлға.

 

 

Нәтижелілігі:                      

Мемлекеттік стандарт талаптарынасайжоспарланғаннәтижегежету;

  • Педагог мамандартұрақтылығы мен шығармашылықжетістіктер;
  • Ұжымдағыадамгершілікті- психологиялықахуал;
  • Қабылданғаншешімдіуақытындаорындау.

 

Кәсібибіліктілігі:

  • Еліміздіңбілім беру сясатыныңстратегияларынатүсінген;
  • Басқаружұмысытуралытеориялықжәнеәдістемелікбілімі бар;
  • Оқу-тәрбиежұмысыныңқұрылымынаталдаужасайбілетін, нәтижеліболжайалатын;
  • Қазіргітехнологиялардыңдеңгейіндекәсібиойлауғақабілетті.

 

 

Мектепкедейінгімекемеәдіскеріпринциптері

 

  • педагогикалықұжымалдындағыміндеттердіңайқынболуы, нақтымәселелергеарналыпқұрылуы;
  • жоспарланғанжұмыстыңалдыңғыжәнесоңғыжоспарланатыншараларменөзарабайланысы;
  • жоспарланғанжұмысмазмұныныңжүйелілігі, оныңорындалуміндеттілігі;
  • берілетінтапсырмалардыжоспарлаудапедагогтардыңбілімдәрежесін, кәсіптікдайындығын, мүмкіншілігінескеру.

Әдіскерқызметініңмоделі

Оқутәрбиежұмысынұйымдастыру

  • Балабақшаныңжылдықміндеттерінорындау;
  • Мемлекеттікжалпыбілім беру стандартынасайоқужоспарыненгізу;
  • Оқубағдарламаларыбойыншаүлгіжоспарлар мен оқуматериалдарынжасақтау;
  • Тәрбиешілердіңіс-қағаздарыныңсауаттыжүргізілуі;
  • Айлық, апталықтәрбиежоспарлары;
  • Балалардыңдербескөркемөнерқабілетіндамытудаүйірмелерұйымдастыру.

 

Біліктілікдеңгейді, шығармашылықтыдамыту

  • Жасмамандарменжұмыс;
  • Қазіргіқойылыпотырғанталаптардыоқу-тәрбиежұмысындаәрбіртәрбиешініңөзтәжірибесіненегізгеалыпқолдану;
  • Білімжетілдірукурсынанөткентәрбиешілересебі;
  • Жаңаәдістемелікоқулықтармен, психологиялықәдебиеттерментаныстырыпотыру;
  • Шығармашылықпенжұмысжасайтынтәрбиешілеріс-тәжірибесінжасақтау;
  • Ашықсабақтар, семинар-практикум, тәрбиежұмыстарынөткізу.

    Мектепкедейінгітәрбие мен оқытудыңмемлекеттікжалпыміндетті

стандарттарынасай, оқу-тәрбиежұмысынтиімдіұйымдастыруда:

  • жасмамандардықалыптастыру;
  • педагог шығармашылығындамыту;
  • жоғарышеберліккежету.

 

Бақылау, тексеру, талдау, зерттеу

  • Оқу-тәрбие жұмысының күн тәртібіне сай ұйымдастырылуын бақылау;
    Бағдарламадағы қиын тақырыптарды талдау, талқылау;
  • Күнделікті сабақтарға қатысу, өтілу сапасын тексеру;
  • Оқу-тәрбие процесінде балалардың білім-дағдыларын, жеке психологиялық қасиеттерін бақылау, зерттеу;
  • Топтарда (тақырыптық, салыстырмалы, ескертпелі, жан-жақты) тексерулер жүргізу;
  • Озат іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау.

 

Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру

  • Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық ғылыми әдебиеттермен толықтырып отыру;
  • Іс-қағаздарды жүргізу;
  • Үлестірмелі және дидактикалық материалдар дайындау;
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер жұмысын жинақтау;
  • Аудандық, облыстық байқау-сайыстардың материалдарын жинақтау;
  • Баспасөз, журналдармен толықтырып отыру;
  • Көрме, фотостенд ұйымдастыру.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели