«Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіру үрдісіндегі әрекеті»

Сейдахмет Мұңайма Ығалқызы

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру қажеттігін және қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар өткізілуі қажет екендігін атап айтты.Адамдардың мәдени тұрмыстық дәрежесі өсіп, рухани және материалдық байлықтары елдер мен халықтар арасындағы байланыстары бұрын болмаған дәрежеге өркендеген қазіргі кезеңде адамдар қарым-қатынасында адамгершілік нормаларын жоғары деңгейде сақтай білу қажеттігі заман талабына айналып отыр. Бүгінгі таңда жастардың ересектермен қарым-қатынас жасау барысында, мәдениеттілік танытпауы, қоғамдық орындардың ережесіне бағынғысы келмей өрескел, мінез көрсетулері қоғамда жиі кездесуде. Мұны теледидардан олардың көргендері, түрлі ортаның әсері деген себептерінен басқа, ересек адамдардың қоғамдық орындарда дөрекілік танытуы, отбасындағы түрлі қолайсыз жағдайлар, және балабақша тәрбиешілерінің әдеп ережелеріне байланысты негізгі талаптарды орындатудағы немқұрайлығынан деп тұжырымдаймыз.

Тұлғаның әлеуметтенуі өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, отбасынан алған үлгі өнегесіне байланысты қалыптасады.

Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.

Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым — қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.

Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .

Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш — қажетсіну. Бұл баланың өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.

Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.

Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру –мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *