«Менің мамандығымның ерекшелігі» (эссе)

Мәшібай  Мөлдір  Қуанғалиқызы

                                                                     «Мамандықты дұрыс  таңдау- ол өмір
жолының сәттілігінің негізі»

Э.Ф.Зеер.

Адам  өзінің  болашақ  кәсібіне  әр түрлі  жолдармен  келеді. Мамандық  таңдау  үшін,  ең алдымен өзін,  өз беімділігін   тану қажет.  Дұрыс  таңдамаған  мамандық   әсері  мамандық иесіне  ғана  емес,  қоғамға  кері әсерін  тигізеді. Мен өзімнің таңдауыммен  яғни қалауыммен    төрт жыл педагогика және  психология  мамандығы бойынша  білім алып алты жылдан  бері  балалардың  болашақ  өмірінің кілтін жан -жақты  зерттеу мақсатында жұмыстанудамын. Ең  алдымен адамның ішкі  жан  —  дүниесін  зерттейиін маманмын. Сол  ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске  ұшыраған  адамдарға дұрыс бағыт — бағдар беріп жол көрсету  — менің  міндетім.  Шынында да, ұрпақты  дұрыс баулу  —  ата -ананың,  мектептің, қоғамдық  ұйымдардың  ынтымақты ісінің  нәтижесінде жүзеге  асатынын  біз  жақсы білуге  тиіспіз. Мектеп мемлекеттің   келешегін  даярлайтын білім мен   тәрбие  орталығы,  ал осы орталықта  әр  шәкірттің   жүрегіне жол  табуға ұмтылып,  олардың  жан —  дүниесіне қырағы  көзбен  қарап,  оң  бағыт — бағдар  беріп  отыратын жандар-  мектеп  психологы  десем  қателеспеген  болар едім.  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев өзінің  жолдауында адам капталын, адами ресурстарды   дамыту  керектігін  баса айтып,  психология  мамандығының  мәртебесін   көтеруге  қолдау көрсетті.  Өйткені, психология ғылымы —  адамтану  жайындағы пәндердің  арасындағы  жетекші ғылым. Сондықтан  Қазақстанның  болашағы — жас ұрпақ  десек,  олардың  еш  алаңсыз  жеке  тұлға  болып қалыптасуы  үшін  менің  де  психолог —  маман      ретіндегі  өз  қолтаңбам  болуы  керек деп  ойлаймын. Өзімнің  осы  мамандығым арқылы адамның  жан  —  дүниесін  жабырқаған  көңілге  қуаныш сыйлаймын,  мазасызданып,  қорқынышқа  тап  болса, болашағына  сеніммен қарауға  жетелеймін. Әрбір  баланың  ақылы,  ой —  сезімі  мұғалімнің  ерік —  жігері,  мол сабыры мен еңбекқорлығы арқасында  жетіледі. Осы жолда  бала өз  тәрбиешісін,  мұғалімін  болашақтың  бейнесіндей көріп пір  тұтатынын  ескеруіміз  қажет.

Психолог- адамның сырласы, адам жанының  елшісі. Адамның  өмірге деген  құштарлығын арттырады. Ата-баба дәстүрінен бастау алған жан жарастығы мен   жайсаңдығын әрі қарай жалғастыру, жас ұрпақ  санасына қалыптастыру үшін ақын  Шәкәрім сөзімен  айтсақ Ар ғылымы мен ішкі жан сыры іліміне ерекше  көңіл бөлу керек. Мектеп ұжымының зор  табыстарға  жетіп береке  бірлігінің мықты болуына,  оқушыларының  сапалы білім алып, саналы тәрбиелі болуына психологтардың зор  деп ойлаймын. Еліміз егемендік алғанннан  бері оқу тәрбие саласында көптеген өзгерістер  енгізілді. Өсіп келе жатқан  жас ұрпақтарға  өмір  сүрудің негіздерін  беру және  олардың   психологиялық  тұрғыда  қалыптасу мәселесі  де  басты  орында  тұр.

Мектеп психологы —  ең  алдымен  өзінің  кім екенін, өз  ісінің  мақсатын,  міндеттері мен іске  асыру жолдырын,  жұмысының маңызы  мен  жауапкершілігін анық  білуі  тиіс. Бұл өте төзімділік  пен шыдамдылықты, білімділік пен біліктілікті,  мейірімділік пен талап өоя  білушілікті  керек  етеді. Психолог бала   терең  түкпіріне  үңіле  білсе, баланы  тыңдай білсе, өзін де  тыңдата  алса, бала  құқығына қол  сұқпай —  тәрбиесіне басшылық  жасаса  дұрыс  нәтижеге жетері  сөзсіз. Балалармен арадағы  қатынас адамгершілік  негіздеріне сүйенсе  ғана нәтижелі  болады.  Психолог баламен  бірлесе  отырып, өзін  тануына  жан дүниесін  басқара алуына,  айналасымен дұрыс  қарым —  қатынас  жасауына ықпал  етеді. Ал  ата — ана баланың  қажетті нәрсесін  қамтамасыз  еткенде,  оның  рухани жағынан  жұтап қалмауына  назар аударған  жөн. Баладан  жауапкершілік талап етерде, ол  үлкеннің өзінде  бар ма  оны да ескерген жөн. Бала көңілі  сенгіш. Өмір  жолын  таңдауға әр  баланың құқығы бар. Жас жеткіншек  үлкен  өмірдің таңдауын  жасарда   жанында  психолог  маман  болып, көмек  қолын  созса, ол әрине  сәттілік  әкеледі. Бала жаны әрқашан   жылу мен  мейірімді   қажет ететінін естен  шығаруға  болмайды. Психолог маманның  адамгершілігі, өз  жұмысына берілуі оқушыны  сыйлап,  қадірлеуі,  әділ  шешім шығару арқылы  қатаң да дұрыс талап қоя білуі  маңызды. Беделсізді бала сыйламайды.

Бүгінгі таңда атқарып  отырған  мамандығыма  қызығушылығым  зор.  Қазіргі уақыттағы  менің  мақсатым —  тұлғаның  жеке  ерекшіліктерін ескере отырып, өзін — өзі  анықтауға  тиімді дайындық  жүргізу  және  тұлғаның  жан -жақты қыр сырын  ашу  үшін   көптеген  әдістемелер,  тесттер,  сауалнамалар жүргізу. Балалардың  көпшілігі  бәрін  білгісі келіп отырады, сұрақтар  қояды,  психикасы тез  дамыған  қарым —  қатынасқа  тез  түседі.  Мен үшін оқушының  қызығушылығы,  бейім  —  қабілеті және  басқа да психологиялық ерекшеліктері  үнемі басты орында. Мектеп  психологының   негізгі жұмысы  оқушымен,  мектеп ұстаздарымен,  ата -аналдармен  байланысты болады. Осы  үш  одақтың бақылауымен  қамқорлығы  өз  мәнінде   болуы  керек. Бір ғана  «жарайсың»  деген қарапайым  сөздің  өзі бала бойындағы мазасыздық  пен қобалжуды азайтады.

Мектепте  де,  ұжым арасында да,  оқушылар арасында да  жан —  жақты психологиялық  тәлім —  тәрбие  жұмыстарын арнайы жастарға   сәйкес  жүргізіп  отыру  қажет. Атап  айтқанда,  түрлі  тренингтер,  анкеталық  сұрақтар,  тест жекелей  оқушылармен  жұмыс.  Осындай  жұмыстардың нәтижесінде  мектеп ұжымы ең  ұйымшыл,  береке  бірлігі айрандай  ұйыған,  қандай  киеліс іс, қиындықтар болса да жеңіп шыға алатын  ұжымға  айналады.

Педагог —  психологтың еңбегінің  күрделі және  жауапты  екенін  айта келе,  шын  психологқа  тән  мынадай қасиеттерді атап  көрсетуге болады: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың  даму ерекшеліктеріне  сай келетін  тәрбиенің тиімді әдісін  таба білу  шеберлігі,  ақыл  —  парасатынының  мол  болуы, оқыту мен  тәрбиенің жаңа әдістемелерін тәжірибеге  батыл  енгізу, оқушының  сеніміне  бөлену, ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастыру   болып  табылады. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып  мектебімдегі әріптестеріме  көмегімді тигіземін  деген  ойдамын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *