Менің отбасым

Айдилдаева Г.Ж.

Білім саласы: Комуникация

Оқу  қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Менің отбасым»

Мақсаты:Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Өз отбасы жайлы әңгімелеу барысында сөздік қорларын  дамыту. Есте сақтау  қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Мейірімділікке, татулыққа баулу.

Көрнекілік: Отбасы суреттері

Балалар бүгін топқа қонақтар келіпті.

 

Сәлемдесу

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен

Сәлеметсіз бе, деймін мен

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады?

Балалар: Қар ериді, жаңбыр жауады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Ағаштар гүлдейді. Құстарға ұя жасайды. Адамдар ағаш отырғызады. Кім маған көктем туралы тақпақ айтып береді?

Көрік беріп бар маңға

Көктем келіп қалған ба?

Сырғалары сыңғырлап

Ырғалады талдарда

Күн жылынып қар еріп

Шықты қырға мал өріп

Жыл құстары әндетіп

Гүлдеп кетті бар өрік

Әйгерім

Балалар, біз бүгін сендермен тату тәтті отбасы туралы әңгімелейміз.

Балалар сендердің отбасыларыңда кімдер бар?

Ата, әже, әке, ата, аға, іні, қарындас.

Кім атасы, әжесі туралы тақпақ айтып береді?

Әжең асыл ардағың

Атаң дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың

Саған бәрі қуансын

 

 

 

Амаль

Анаң күнің жүрегің

Әкең өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың

Саған бәрі қуансын

Алихан

Ағаң қамқор асқарың

Інің мөлдір аспаның

Сен бақытты ұлансың

Саған бәрі қуансын

Әсем

Балаға деген мейірімің бөлек

Әкелік үлкен тілекке бөлеп

Азамат боп өссе деп бізді

Көрсеттің бізге үнемі көмек

Богдан

Балалар сендерге кім қамқорлық жасайды?

Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

Кәне, бәріміз қосылып, өз отбасымызға саусағымызды көрсету арқылы жақсы көретінімізді білдірейік.

Ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке.

 

Сергіту сәті:

Жел соғады бетіме

Тербеледі ағаштар

Желге айтамыз тыныш деп

Үлкен болып өсті ағаштар

 

Ойын: «Үйде кімдер тұрады?»

Балалар, кім отбасы мүшелерін атайды.

 

Сабақты қорытындылау:

Сұрақ жауап арқылы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *