Менің сүйікті балабақшам!

Сактаганова Даметкен Жолдасбаевна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Ашық оқу іс-әрекет тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам!

Мақсаты: Балабақшаға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу. Ой өрістерін, сөздік қорларын молайту. Балабақша қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу.

Міндеттері:

— үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету;

— балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту;

— айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Тәрбиеші:

— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)

— Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің сүйікті  балабақшам!»

— Ендеше балалар, барлығымыз бір — бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл — күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.

«Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады.

«Ізгі сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?

Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?

Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».

Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».

Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».

Ал, кешкеше?-«Кеш жарық!»

Бүгінбіз«Сүйіктібалабақшамыз» туралыәңгімелейтінболамыз. Балабақша – өзүйіміз. Сендерсәбиболыпкелдіңдер,  ересекболыпкетесіңдер. Балабақшасендергебілімбереді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққаүйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендергежұмбақжасырамын, жауабынсендертапсаңдар, солжануарқонаққакеледі:

Жұмбақ

Сылдырданқорқады,

Шошыныпжортады. (Қоян)

Тәрбиеші:Балаларбізгеқонаққақоянкеліпті. Қоянмен амандасып,қоянды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.

Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.

 

 

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып, сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)

— Балаларбалабақшадегеніміз не?

-Балабақшамыздыңатықалайаталады?

— Балабақшадабіз не істейміз?

— Ал балабақшаныбізекіншіүйіміздепайтааламыз ба?

Бақнұр: Балабақшаесігін,

Үшкетолыпашқанбыз.

Балапандайөсіріп,

Мәпелейдібақшамыз.

Бұлекіншіүйіміз,

Біртуғанбызбәріміз.

Біз осы үйдіңсәніміз,

Біз осы үйдіңгүліміз.

Тәрбиеші: 

— Бұлүлкенүйіміздебізгекімқамқорлықкөрсетеді, аялайды?

— Балабақшадасендерүшінқаншамаадамжұмысістейді?

— Қане, оларкімдержәненеістейдіекен?

(Меңгеруші, әдіскер, хатшы, аспазшы, дәрігер, кіржуушы,тәрбиешікөмекшісі, тәрбиешіапайлар).

Бұлбалабақшамыздыңмеңгерушісі: УмароваКүнсаяапайымыз!

Балабақшамыздыңәдіскері:Зиягүлапайымыз!

Балабақшамыздыңхатшысы: Гүлназапайымыз!

Дәрігер – сендердіңдендеріңніңсауболуынқадағалайды. ОлБалаусаапайымыз!

Айару:Тындаушымойнында,

Өлшеуішіқолында.

Ақ халаттыдәрігер

Әрқашанөзонында.

Аспазшы:Бізүшін түрлі дәмдітамақәзірлейді.

ОлШынарапайымыз!

Камила:Біздіңгүлбақшада,

Бар әсемасхана,

Мен сондайаспазшы

Боламынбақшада!

Тәрбиекөмекшісі: Рахилаапайымыз. Бізгетамақбереді, ыдыстаржуады, шаңсүртеді, төсекжинайды.

Аяулым:Киімдердіілгенкім?

Бәрініңжөнінбілгенкім?

Терезе ашыпбізжоқта

Таза ауаболыпкіргенкім:

-Бұлапайларымызкімдер екен?

Эльмира апайымыз, иябалалар!

Даметкен апайымыз!

Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Бақнұр:Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын, ән саламын.

Тәрбиеші апайлар!

Досы барлық баланың.

Тәрбиеші:  Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.

Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен. Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.

Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!

1.Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?

2.Балабақшада  немен  ойнағанды ұнатасыңдар?

3.Балабақшаның   қандай  тамағы ұнайды?

4.Балабақшада  нені  тыңдап үйрендіңдер?

  1. Балабақшамыздың аты қалай аталады?
  2. Балабақшадан не үйрендіңдер?

 

 

Қимылды  ойын:

«Менің сүйікті балабақшам!»    

Шартты: Балабақша  суретін жапсырмалап  құрастыру керек.

Магнитті  тақтаға кезек  жапсырып,  құрастырады.

1.Балалар,  балабақша ұнайма?

2.Балалар, біздің тобымыздың аты қалай аталады?

3.Біз ненің суретін құрастырдық?

4.Шапағат балабақшасының суретін құрастырдық.

Тәрбиеші: Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.

Жүректен жүрекке!

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Бізді жақтап отырған,

Сендерге де мың алғыс!

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!

Сау болыңыздар!

Күтілетін  нәтиже:

Білуі тиіс:  Балабақша өз үйлері екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын  біледі.

Игеру  керек:  Сұрақтарға  толық жауап  беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.

Меңгерді: Балабақша  қызметкерлерін танып,  әрқайсысының  жұмысын  меңгерді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *