Менің сүйікті мамандығым

Ақышева Гульниса Алибековна

«Менің сүйікті мамандығым»

Менің сүйікті мамндығым тәрбиеші.Тәрбиеші-ол бала санасына білім,тәрбие,ақыл сіңіре білуші.Бала  балабақша есігін ашқан күннен бастап,өнеге тәрбие алады.Әр күні сәбилердің сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Олар әр үйдің үміті,аялысы,шырағы,еркесі,қызығы.Әр бала өз отбасының болашағының тірегі.

Тәрбиеші –қызығымен қиындығы қатар жүретін мамандық.Қызығы -ол сәбилердің тәтті үні,балдай тәтті пәк қылықтары , таза жүректері,ойларын еш қымсынбай жеткізетіндігі. Олардың жаны жасандылықты ,жалғандықты сүймейді.Тек шындықты айта біледі.Міне –нағыз батырлық.

Ал,қиындығы сондай жаны нәзік,жүрегі таза періштелерге дұрыс жол көрсете біліп,бойына адалдықты ,мейірімділікпен бауырмалдықты сіңіре білу.Балалардың жанын түсініп, мақтап оларға демеу болып,бар мейірімімді төгіп,болашақтарына үлкен жол ашқым келеді.Әрине ол бір өзімнің қолымнан келмес ,сол үшін ата-аналарымен тығыз қарым –қатынас та болып, сәбилердің арман мақсаттарына титтейде болса көмегім тисе олда мен үшін бір бақыт. Нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады деген үмітім бар. Болашақ заңгерде ,дәрігерде, ұстазда барлық мамандық иелері менің алдымда. Бойымызға адалдықты ,мейірімділікті,жауапкершілікті,шыдамдылықты ала білуіміз керек.Осы мақсатқа жетү үшін талмай ,ізденіп бар күш жігерімді салуым керек.Алға қойған мақсатым бәріне шыдамды болып қана қоймай ,алдымдағы білікті ұстаздардан білім алып, үйреніп мол тәжірибе жинақтау.

Тәрбиеші-ол мамандықтың төресі,

Келеді оған сәбилердің –еркесі.

Басынан сипап,ақылдысың деген ерекше сөз,

Бала жанына Медеу болар ерлігі.

 

Сәби ол жүрегі таза Мейірімді

Көңілі ақ таза ерекше

Мақтан етер болашақтың тірегі,

Сәбилерді аялаймыз мәңгіге!

Толтырған: Акышева Г.А

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *