Мен — педагогпын!

Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында.

Н.Ә.Назарбаев.

 

 

Эссе

«Мен – қазіргі заман педагогімін!»

Мен – заманауи педагогпін! Әрине,  біздің мемлекетте осындай маман  бір Мен емес  және бұл мені қуантады. Заманауи  педагог –  бұл мән бойынша үлгі алуға тұрарлық эталондар. Педагог – көшбасшы!  Заманауи,  қарқынды өзгеріп жатқан  әлемде көшбасшылардан  жаңа белестерге  ізбасарлардың қабілетін шабыттандыруды   үйренеді. Мен бәсекеге қабілетті жастарды  дамыту және тәрбиелеу үшін    барлық жаңалықтарды білуге міндеттімін.   Дәлел ретінде менің өмірлік  ұстанымым  ұлы педагог

К.Д.Ушинскийдің: «Мұғалім өмір сүреді, ол оқығанда ғана.  Егер ол оқуын тоқтатқанда, онда мұғалім өмірден озады», —  деген  сөздерін келтіргім   келеді.

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі — бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. «Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін.

Балабақша қабырғасында қызмет еткелі жаңа тың идеяларды барымша қолданамын. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі — белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Дәстүрлі білім беруді ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. «Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім» дегендей, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Педагог берген тапсырманы орындауға, сұраққа жауап беруге топпен ақылдасу арқылы оқушылардың барлығы қатысады, белсенділігі мен жауапкершілігі артады. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында жаңа ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Бұл технология мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Жаңа оқыту бағдарламасы баланың еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған. Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, білім ордаларына да  керегі осылар. Енді менің түсінігім, кез келген баланы жеке тұлға ретінде қарап, әр балаға қарай жұмыс жасасақ, талантты да, дарынды да балалар өздері суырылып шығады екен. Дәстүрлі сабақтарым мен қазіргі жаңа тәсілдерді пайдаланып өткізген сабақтарымнан көптеген айырмашылықтарды байқадым:

-Барлық балалар сабаққа өте белсенді қатысады;

-Барлық балалар өздерін еркін сезінеді;

-Жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;

— Ең бастысы олар бір-біріне әсер етеді, бір-бірінен үйренеді;

— Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады;

— Жүйелі сұрақтар қоюға, сұхбаттасуға дағдыланады;

— Сабақ өте қызықты өтеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Ұстаздық ұлы жолды адам қоғам мүддесіндегі орны үшін емес,еңбегінің жемісті болуы үшін таңдайды.Себебі әр қилы жолдың өзіндік тарау-тарау білімнен құралған белестері баршылық.Ол белестер тек дарынды шәкірт, талантты ұстаз арқылы ғана бағынары сөзсіз.Озық ойлы оқушы, шыңырау биікке көтерілген шәкірті,талантты тәлімгері – оның еңбегінің жеңісі.

Менің педагогикалық ұстанымым да осының бір дәлелі. Бір ізді білім жолындағы ой-өрістер,танымдар – негізгі қаруым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – еліміздің ертеңгі тарихы,мәдениеті,әдебиеті,баға жетпес сөз байлығы.

Ұстаз осы орайда өз білгенін үйретіп қана қоймай,өз шәкіртінің күйіне еніп, ағарту қиналысын бірге көтереді. Неге? Қалай? – деген сұрақтарға бірлесе отырып ,жауап іздейді.Нәтижесінде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көздеген мақсатқа қол ұстасып жетуге айналмақ.Білікті елдің бүгінгі ұрпақтары – білім бағында еркін де саналы түрде еңбек етуі абзал.Ұлы Абайдың:

«Талаптыдан шыққан сөз,

Білімдіге болсын кез.

Нұрын,сырын көруге,

Көкірегіңде болсын көз»,–

деп өте көркемдеп жеткізген.Мұндағы көкірек көзін ашу – ұстаздық еңбек жолы.Адамның тән көзі мен рух көзі қатар жұмыс жасаған жағдайда,сананың сәулеленуі тұрақты түрде жүзеге асады.Білімді де, білімдіні де жасайтын рухани – шығармашылығы мол тәжірибелі ұстаз.

Біз бүгін заманауи дамыған ашық қоғамда өмір сүреміз. Қазіргі қоғам балалары жылдамдықты, ұтымдылықты,тиянақтылықты,дәлдікті талап етеді.Яғни аз ғана уақытта ауқымды білім бөлшектерін игертуіміз қажет.Өйткені уақыт талабы, заман желі солай. Әр ұстаздың өз ұстанымы бар. Менің еңбек етудегі басты ұстанымым:

1.Сауаттылық – саналы жазу мен оқудың баспалдағы екенін ескеру;

  1. Шығармашылық қабілет – әр оқушының зейініне байланысты жұмыс жасау;

3.Өсу кезеңінің қалыптасуы – оқушыларды уақыт деңгейіне сай зейіндері арқылы орналастыру және алға басу мақсаты.

Бұл үш қағида – менің ұстаздық жолымдағы шамшырақ тәрізді.Оның ұзақ жануы,жарығының мол болуы,шәкірттерімнің биік белестерді бағындыруларына байланысты.Осылай білім шырағы өз сәулесін шашып, үздіксіз жанумен келеді.Барлық дәлдіктер мен дәйекті нәтижелер, оң ойластырылған озық ой елегінде жатпақ.«Шәкіртсіз– ұстаз тұл» деген халық нақылы осыған кеп саяды.Себебі, шырақсыз көкіректі түнек басса ,шәкірт түгілі ұстаздың өзі қара аспанға айналары анық.Шыныққан білім еңбегінің сәулесі бір-бірін толықтырып,бір-бірін жеңіске жетелейді.Қанатты қос пырақ тәрізді.Оның бірі – шәкірті, бірі – ұстаз.

Осы екі пырақтың қосындысы біріккен біліктілігі үлкен ғалымның тууына немесе ғылыми жаңалықтың жасалуына алып келеді.Біз,ұстаздар осы жолға ден қоя ұмтылуымыз басты міндетте тұр.Қазіргі қоғамда ұстаздық мамандығы тынымсыз ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Түрлі семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына да қатысамын.Мен де өз сабағымда оқушыға керек мәліметті жаңа технологияның элементтері арқылы меңгертуді көздеймін.СТО,АКТ,СКТ тәсілдері күнделікті сабақ барысында тиімді пайдалану арқылы оқушы қызығушылығын арттыруға болады.Оқушы білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданантын тәсілдер әрбір ұстаздың шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетіндігіне тікелей байланысты. Қай дәуір, қай кезеңде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. «Қызықтырар ұстаз болса,қызықпайтын шәкірт болмас» дегендей бүгінгі күннің ұстазы − шығармашылықтың адамы.Мұғалім қанша ізденсе,соншалықты оқушыға сапалы білім бермек.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели