Мен қандаймын?

Сарсенбаева Гулзат Зейнуллаевна

 

Сабақтың тақырыбы:  «Мен қандаймын?»

Сабақтың мақсаты:      Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында балалармен  түрлі            психологиялық  жаттығулар жасату.  Баланың өзіне деген сенімін , қиялдауын, есте сақтау қабілетін, зейінін арттыру және де сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:       Ойын түрінде, сұрақ-жауап түрінде.

Көрнекіліктер:         Үнтаспа, жұмсақ ойыншық, шар, қобдиша, смайликтер, бояу түрлері.

Сабақ барысы:

  1. Балаларды сабаққа ұйымдастырып, шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-бірлеріне жұмсақ ойыншықты ұсынып, жақсы тілек айтқызу.

 

Кіріспе бөлім.

  1. «Мен қандаймын?» жаттығуы.
  • Егер сен ерте тұрғанда жыламай тұрсаң оң қолыңды көтер.
  • Егер сен жылап тұрсаң сол қолыңды көтер.
  • Егер сен өтірік айтпайтын болсаң оң қолыңды көтер.
  • Егер саған балабақша ұнаса оң қолыңды көтер.
  • Егер сен топтағы достарыңды ұнатсаң оң қолыңды көтер.

Енді екі қолымызды жоғары көтереміз де бір-бірімізге қол шапалақтаймыз.

 

  1. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. (қобдишада айна бар)

Балалар мына қобдиша біздің қазіргі қандай көңіл-күйде тұрғанымызды білдіреді.                   Сендер білгілерің келе ме көңіл-күйлеріңді? Олай болса мына қобдишаны бір-бірімізге береміз, берер алдында ішіне үңіліп қарап алыңдар, сонда көресіңдер көңіл-күйлеріңді. Бірақ сендер сол қобдишадағы бейнеге қарап күліулерің керек.

 

  1. «Мен тыныштықты жақсы көремін» жаттығуы.

Бір баланы ортаға отырғызып басқаларды бақылау керек, кім қаншалықты тыныш жүретінін, қаншалықты іс-әрекеті тыныш болатынын.

  • Балалар біздің қатысушы баламыз шуды жек көреді екен, сондықтан біз көңіл-күйін бұзбас үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз.
  • Аяқтың ұшымен жүреміз.
  • Бір орында тұрып әуенсіз үнсіздікте билейміз.
  • Үнсіз жаттығу жасаймыз.
  • Дыбыссыз күлеміз.

 

  1. «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды?» жаттығуы.
  • Мен күнге ұқсаймын.
  • Мен табиғаттың жаз мезгіліне ұқсаймын — деп әр бала өз ойларын затқа болсын, табиғи құбылысқа болсын теңеулері қажет. Баланың тілінің дамуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, дыбыстарды дұрыс айтуына пайдасы зор жаттығудың бір түрі

 

  1. «Мен аяқтамаған бейне» жаттығуы.

Алдарына берілген смайликтерге бүгінгі көңіл-күйлерін бейнелету.

 

  1. «Сен ғажайыпсың» жаттығуы.

Балалар біз өмірде әртүрлі адамдарды кездестіреміз. Бірақ біздер сол сол адамдармен ерекшеміз. Өйткені біз көңілдіміз. Сол көңілді күйлеріңді мәңгілікке сақтап қалуларыңа тілектеспін. Жұмсақ ойыншықты бір-бірлеріне тағы да жылы лебіздерін білдіріп бір-бірлеріне бере отырып, сабақты қорыту.

  • Сабақ ұнады ма? (баланың тілімен)
  • Сау болыңдар! Рахмет сабаққа қатысқандарың үшін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *