Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихи шындықтың бейнеленуі

Ислямгалиева Айкен Муратовна

І.  Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлімі:

а) Мұрат шығармаларының тарихта алатын орыны

б) Шығармаларынан үзінді

в) Мұрат Мөңкеұлының өмірінен естеліктер

ІІІ.  Қорытынды

Мұрат Мөңкеұлы – қазақ тарихының айнасы

 

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

 

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

 

Ақынның басты шығармасы — «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе — жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры — би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

 

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау — Мұрат — Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

 

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. . Оның шығармалары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1962 жылы шығарған “XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағына” да енбеді .

Ысқақ Тәкімұлы Мұрат ақынның төрт шығармасын өзі құрастырып, алғы сөзін жазған “Үш ғасыр жырлайды”  деген жинаққа енгізген . Алайда, алғы сөзінде Мұратқа берген ескі бағасын қайталайды, бірақ шығармаларының алдында берген қысқаша мәліметінде былай деп жазады: «Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі.

 

Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезде жөнді бағаланбай келді»

 

Міне, өзі көрсеткен осы олқылықты Ы.Дүйсенбаев өзінің докторлық диссертациясында, кейінірек шыққан “Ғасырлар сыры” кітабында біршама толтырды десек болады. Еңбегінің 20 бетін түгелімен Мұрат ақынға арнап, Ысқақ Тәкімұлы оның шығармашылығын тұңғыш рет мол қамтып, кең түрде, жан-жақты талдаған. Ең әуелі ғалым ақынның ғұмыры жөнінде бірсыпыра жаңа деректер келтіреді, оның ақын ретінде қалыптасқан ортасын көрсетеді, жекелеген адамдар туралы баян етеді. Сөйтіп, Ысқақ Тәкімұлы ақынның жастай өлеңге үйір, тапқырлығы мен өскен ортасын, көзқарас-танымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерін сөз етеді. Артына елеулі әлеуметтік мәні зор мұра қалдырған ірі тұлғаның екі түрлі мәселеге орай кейінгі кезге дейін орынсыз ауызға алынбай, зерттелмей келгенін айтады.

 

Зерттеушінің пікірінше, оның біріншісі — патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюі әсерінен кейбір шығармаларындағы жалпы орысқа деген қарсылығы болса, екіншісі- ірі туындыларының дені әйгілі Едіге ұрпақтарына байланысты  болуы – делінеді. Ы.Дүйсенбаев Едіге туралы теріс түсінік тарихшылардың жаңсақ бағасынан екенін айта келіп, былайша тұжырым жасайды: “Соның өзінде ақынға көзқарасың теріс екен деп, оны үзілді-кесілді тарихтан шығарып тастауға болмайды, оның үстіне  Мұрат ақынды жан түңілерлік құбыжық, тұрған бойымен қап-қара, бастан-аяқ кертартпа деп қараудың өзі шындықтан мүлде алшақ жатыр.

 

Сонан соң, орыс халқы мен қазақ халқының ежелден келе жатқан достық қарым-қатынасын сөз еткенде, біз әдетте тарихшылардың осы мәселе жөнінде қалыптасып үлгірген сыңар жақ, кейде қате тұжырымдарына еріп кетеміз… Өзіміз тексеріп, зерттеп отырған дәуірдің ерекшеліктерін яғни ондағы қайшылықтар мен игі нышандарды тереңірек тануға, дұрысырақ ұғынуға үнемі бара бермейміз .. ал, мұның ақыры неге апарып соғатыны айтпаса да белгілі … Ал, енді Едігеге келсек, ақиқатта тіпті басқаша, құр Едіге деген аты болмаса, қазақ жырында мүлде бір өзге жанның бейнесі беріледі емес пе? Қалай болғанда, қазақ фольклорының ең бір бай саласынан Едіге мен оның ұрпақтарына бола безіп, мансұқ ету, зерттемей тастау дұрыс па? Ендеше, осы тақырыпты азды-көпті қамтитын Мұрат ақынның шығармаларындағы қайшылықтар мен кемшіліктерді әділ көрсете отырып,  оларға ғылыми талдау жасауымыз қажет, онсыз ақынның шығармасына толық баға беру өте қиын”

 

Осылайша өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази” поэмалары мен “Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Мұрат ақынның шығармаларын Ысқақ Дүйсенбаев тұңғыш рет жүйелеп, үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісі — ақынның өлеңдері мен толғаулары, екіншісі — дастандары (“Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қарасай-Қази”), үшіншісі — ақынның айтыстары. Біз де зерттеушінің ізімен жүруді жөн көрдік. Өлең, жырлары онша көп емес, бар болғаны 15 шақты  ғана жыр, соған қарағанда, қысқа өлеңдері бізге түгел жете қоймаған тәрізді. Ақын Қаражанға, Есентемір, Тұрабай, Есенғалиға арнаған өлеңдерінде (Қазиға, Бегалыға арнауларында) оларды жер-көкке сыйғызбай мақтаса, қалған өлеңдерінде болыстықпен кеудесіне нан піскендерді сын садағына алады,- дей келе, зерттеуші бұған Қашқыншы Қаражан Құлбас баласын мақташы дегенде айтқан ақын сынын айқын дәлелге келтіреді. Мұрат тек Құлбас баласы Қаражанды ғана емес, болыс болып елді жеген, ел-жұртқа сонысымен ылаң салған кісілерді аяусыз сынап, кесірлі-кесапат мінезділерді тезге  салып жөндеуді көздейді.

 

Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі.

 

Ақын өткен өмірге қарағанда, бұрынғы даналардың халық қамы үшін еткен іс-әрекеттерін кейінгілерге  үлгі ете сөйлеп:

 

Дүниенің төрт бұрышын

Қорқыт атаң шайқады

Ажалға айла таба алмай,

Қайта айналып келді деп,

Бұрынғылар айтады.

Заманның болар тәрізін

Асан қайғы әулие

Көзі көрмей байқады,

Қанша дәулет бітсе де,

Басыңнан  аумас бақытың

Алпыс күн асқан дария

Алты күнде қайтады –

деп дүниенің баянсыздығына орай айтқан ақын ойының байыптылығына көңіл аударады. Мұраттың сөз өнерінің сұлу сиқырлығы мен әсемдігін көркем бейнелеген мына бір жыры да жоғарыдағы пікірімізге дәлел болғандай:

 

Жылы қылып сөйлейін,

Ақ теңгенің мөріндей.

Шалқақтатып сөйлейін,

Айдынның шалқар көліндей.

Асыл қылып сөйлейін,

Базардың алтын беріндей

Жабыстырып сөйлейін,

Тұтқыр сары желімдей.

Сұлу қылып сөйлейін,

Қос жорғаны мініп ап,

Түскен жаңа келіндей !

 

Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын  шоқтығы биік – “Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың “Сарыарқа” туындысына да   тән деген жөн. Мұнда да “Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.

 

«Еділді тартып алғаны –

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны –

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны –

Ойындағысы болғаны»,

 

Мұрат шығармалары қазақ тарихының айнасы

Ақынның көлемді де көркем шығармасы -“Қарасай-Қази” дастаны. Бұл туындыда күрделі де шытырман оқиға жоқ, өзімізде бұрыннан бар батырлар жырындағы тәсілдер; диалогтың молдығы, аттың адамша сөйлеуі, түс көру, аян беру секілді жәйттар кеңінен қолданылады. Жыр арасында батырлар жырында жиі кездесетін қара сөзді пайдалануға да орын берілген. Жырдың қысқаша фабуласы: Мұса бидің Мамайы мен Орағы бірі би, бірі батыр болып елді билесе, қалған 28 ұлының бір тобы бұларды күндейді. Орақтың есігінің алдына өзінің алмас қылышын құрып қойып, жылқыны дүсірлетіп қуып, “жау келді, Орақ, шық” деп айқайлайды. Орақ есіктегі қылышқа түсіп қалып, жараланып қайтыс болады. Оның шешесі Қараүлек, әйелі, Қарасай, Қази деген екі баласы артында қалып, батыр болып жетіледі. Он жеті жастағы Қарасай мен он бестегі Қазидың өсіп ер жетуін негізгі оқиға етіп жырласа да, Орақтың ерлігі, Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Смайыл, Тобаяқтардың зұлымдықтары диалог арқылы ашылып отырады. Әсіресе, Орақтың елі үшін жасаған сансыз ерлік істері досы Ақмырзаның, шешесі Қараүлектің сөздері, әйелінің жоқтауынан айқын көрініс тапқан.  Ал, Орақтың өлуіне себеп болған бақастар тобы өз айыптарын өздері мойындап, “ақырында күндей, күндей жоғалттық” деуге мәжбүр болады. Ел шетіне жау келгенде, баяғы “бес батыр” қарсы аттанады да, Қарасай жорыққа бармай қалады. Қарасай шешесінің сөзінен кейін әкесінің асын беріп, өзіне лайық ат іздейді. Қарындасы Қибатты Ноғайлының қарт батыры Көкшеге бермекші болып, оның Көкбұйра атын мініп жауға аттанады. Қырық күн бұрын кеткен әскерді қуып жетеді. Жау қарасынан қорқып Қарабатыр, Тілекелер кейін қайтып, Қарасай мен Естерекұлы Ер Тарғын ғана қалады, кейін Қази келіп қосылады. Үш батыр жауды жеңіп, еліне оралады. Мұнда үш батырдың қажыр-қайраты, шексіз ерлігі әсем суреттеліп,  Қарабатыр тобының пасық-зұлымдығы, опасыздығы шебер сипатталады.

Міне, содан бері табандаған 90 жыл уақыт өтіпті. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдар тарапынан ұлы жырау шығармаларындағы тұнып тұрған қазақ тарихын зерттеу, зерделеу, жариялау, көпшілік игілігіне айналдыру ісі әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолға алынған жоқ.Ал, шындығында Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», т.б.толғауларында қазақ халқының 5-6 ғасырлық тарихы асқан шеберлікпен баян-далады. Оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс, жайылым, өріс, құдық аттары — әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл мұра. Мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары, 300-дің үстінде адам аттары кездеседі. Солардың барлығын анықтап, кім қай жерде, қай кезеңде өмір сүрді, қандай оқиғаларға қатысты, еліне, жұртына қандай еңбек сіңірді және басқа да мәселелердің басын ашып алу – біздің тарихшылардың кезек күттірмейтін аса маңызды шаруасы.  Мұрат жырларында молынан кездесетін тарихи деректерді пайдалана отырып, өлкеміздің тарихын жазу ісімен қазірден бастап айналыспасақ, біз уақытты өткізіп аламыз. Меніңше, бұл маңызды шаруаға тарихшылар, әдебиетшілер, географ мамандар, философтар мен халық педагогикасын зерттеушілер кешенді түрде араласуы керек. Себебі, ұлы жыраудың көтерген тақырыптарының ауқымы өте кең. Әрине, осы кезеңге дейін Мұрат шығармаларын Қ.Жұмалиев, Қ.Сыдықов, Б.Қорқытов, Б.Омаров сынды көрнекті ғалымдар әдеби туындылар ретінде зерттеген болатын.Сонымен қатар, ақынның толғауларында кездесетін тарихи тұлғалар да аз емес. Бұл тұлғалардың барлығы тарихта болған адамдар. Осы тұлғалар жайында қысқаша мәліметтер келтіре кетсек:

«Ақтөбе мен Қорғанша

Асан қайғы бабаның

Қызылтастанүйсалдырып,

Он жылтұтасотырып

Әңгімеқұрыпкеткенжер».

АсанқайғыСәбитұлы, ҚазтуғанСүйінішұлы, ШораНәрікұлы, ЖаңбыршыұлыТелағысбәрі де тарихтаболғанадамдар. Мұраттың «Сарыарқа» толғауыныңбастыкейіпкерлерініңбірі – ер Есболай.Ол — жоңғарлар мен қалмақтарғақарсыталайқандыжорықтарғақатысып, Кішіжүзтерриториясынжауданазатеткен, Байұлыруларынатажұртқақайтаданқоныстандырған, аштық, жұтжылдарыхалыққақолұшынберіпАтымтайжомартатанғантарихитұлға. БұлжөніндеМұрат:

«Бұлжергесоданкейінқазаққонған,

Әдірәталайжұртқаазапболған.

Бас қосыпКішіжүздіңақсақалы,

Бойынаүшқиянныңқарапқонған.

Екіадамқарайшыққанауылынан,

КеңесіпӘлімұлы, Байұлынан.

Көзімменкөргенімжоқешбіреуін,

Айтамынбұрынғыныңдабылынан.

Есболай, Кете Әжібайқарайкелген,

Қасына батыр жары Шотанерген.

ӘжібайСарыарқадақыстапқалып,

КерелдіЕсболай бай белгілеген»,-  дейді.Есболайөзініңүзеңгілесжолдастары Кете Әжібай, АдайШотанменбірігеотырып, әрбірұлыс, руларғажербөліп, қоныстандыруменшектелмей, еңбастысы,  атамекендіқалмақтардантазартуісінетікелейараласқан. МұраттолғауларындакеңіненжырланатынЕсболайұрпақтарыатасыныңерлікдәстүрінқатаңұстанған, олардакеміндежетіатасынадейінбатырлық, шешендік, билікүлгісінүзбестенжалғастырыпкелген.БелгіліөлкетанушыСабырҒабдолкәрімұлыатапкөрсеткендей, ИтемгенніңҚарасы Сырым заманындапатшаныңотарлаусаясатынабелсендіқарсылықкөрсеткен батыр. ҚараныңЕсеті – белгіліби, ақын-жырау, алшынныңүшЕсетініңбірі. Есболайдыңшөбере, шөпшектері – Құлбарақ, Жапарберді (Дәріқауымындажерленген), Жұматай, Дәрі, Кебіс, Құлшаржоңғарлармен, Маңғыстаутүбегіүшінтүрікпендерменболғанқандышайқастарғақатысқанатышулыбатырлар. Есболайдыңеренерлігі, қарақылдықақжарғанәділбилігіоныңқисапсызбайлығыменқатараталады. Есболайзаманындаөзбайлығымен тек етжақынағайындарыменғанаемес, бастарынаауыртпалықтүскен, жұтқаұшырап, тігугетұяғықалмағанбүкіләлеуметпенбөліскенжомартадамболыпты. «Аққақұдайжақ» дегендей, Есболайәулетініңатаданбалағамұраболыпкележатқан, аңызғаайналғанбайлығыкеңестікдәуіргемініқұрымайжетіпті. Алайда, кешегібайларғаашқасқыршашапқанзаманда мал-мүлкі талан-таражғатүсіп, тағдырытәлкекболғанҚұрық, Дәулетияр, Қарағұл, Байбосын, ТәлкенсекілдіҚарабауөңірініңірібайларыЕсболайәулетініңұрпақтарыкөрінеді. Өкінішкеорай, Есболай да, оны жырларынаарқауеткенМұраттыңөзі де күнібүгінгедейінескерусізқалыпотыр. Мұраттың «Сарыарқа», «Үшқиян» толғауларышоқтығыбиіктуындылар. Бұл – тарих, берісіалшын, әрісі – алаштарихы, сонауноғайлызаманынанбергіхалқымыздыңшерлішежіресі.

Мұрат – халқына сүйеніп қана қоймай, жұртын қорғаған, ата-қонысты қызғыштай қорыған күрескер ақын. Ел тарихын, жер тарихын өте жетік білетін шежіреші.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жыр маржаны Қазақ поэзиясының антологиясы Мереке Құлкенов, Гүлсім Мұқышева. «Мереке» баспасы 2014 жыл

2 Ақындар аманаты Б. Ыбырайым. «Алматы» баспасы 2014 жыл

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы «Алматы» баспасы 2006 жыл
  2. Атырау энцоклопедиясы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *