«Мұқағали өлеңдері» (Тіл ұстарту). 7-сынып

Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Білімділік: сауатты жазуға ,сөйлемді дұрыс құрауға үйрету, ойлау қабілетін, тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Дамытушылық: тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, сауаттылығын , тіл байлықтарын жетілдіру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

 Тәрбиелік: «Өнер алды-қызыл тіл» — деп бағалаған халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер  деп қабылдаған. Жас жеткіншектерді  мейірімділікке, қайраттылыққа баулу, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі:  тіл дамыту сабағы

Әдісі:  сұрақ-жауап, мәтін үлгілері, түсіндіру, ой қорыту

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

    1. сәлемдесу;
    2. кезекшімен сұхбат
    3. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  1. Үй тапсырмасын аралап жүріп тексеру.
  2. Өткен сабақты пысықтап, қорыту;
  3. Жаңа сабақ:
  4. Сыныпта тапсырмалар.
  5. Жаңа сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.
  7. Бағалау

Өткен сабақты пысықтап ,қорыту:

 

1Есімше дегеніміз не?
2. Есімшенің қандай жұрнақтары бар?  Мысалдармен дәлелдеңдер.
3. Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
4. Көсемше дегеніміз не? Қандай жұрнақтары бар?  Бірнеше мысалдар келтіріңдер.
5. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

 

Жаңа сабақ:                Мұқағали өлеңдері

1.Орфография мен орфоэпия заңдылығына байланысты.

Барымен базар ғылып,той тойлаған,

Уа,пәлі!

Айхай,заман,ойхой,заман!

Жер ошағ

Той ғазанда ет асылып

Бөліскейс амауырда  шай ғайнаған.

Асты сызылған сөздерді қызыл сиямен түзетіп жаз.

  1. Жалғау мен шылауды ажыратасың ба? Тексер.

Білесің бе?

Жыр жазу маған қайғы!

Мысалы,анам жайлы.

Сөзбенен сурет салып ,ой түйем де,

Анамдай бәрібір ол бола алмайды.

 

  1. 3. Мақал-мәтелді тап,есте сақта дәптеріңе жаз.

… сөйлеп кеттім бе?! кім біледі?

,,Ата көрген оқ жонар” дегені ме?!

… киген өледі,

Кебенек киген келеді.

,, … түбі – сары алтын »

Сарғайып қашан жетем-ау?!

,,….барда алтынның қадірі жоқ”,

Қиын екен қосылып ,қайта аңсаған.

  1. 4. Тұйық етістіктерді табу.Жатқа жазу.

Өзіңе-өзің жүк артып,

Өмір деген  тер төгу.

Қор боп өтпей жалғанда,

Қолдан келсе,жан бағу.

  1. Бастауыш дегеніміз не?Дәптерге жаз.

Бастауыштың астын сыз.

Боран.

Боран.

Ақ боран-ой да,қыр да,

Толғануға мұрша жоқ, ойлануға

Тыныштық.

Өтуде күн ,өтуде түн.

Қашанда Отанымның қақпасы ашық,

Жіберіңдер достықтың өкілдерін.

  1. Бастауышқа өзің үш мысал жаз.
  2. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қай.

Ең бірінші бақытым – халқым менің …

Ал екінші бақытым. Тілім менің…

Бақытым бар үшінші Отан деген…

Мен өзіңмін.

Өзіңнен айнымадым.

Сен маған тыным бермес тіршіліксің.

Ауылдың жаны ақ бастау.

Мен таулықпын

8.Хақым,Тілім,Отан сөздерін жекеше,көпше тәуелде.

9.Синоним сөздері топ-тобымен жаз.

Дала,сахара, кемеңгер , дана,жанжал.

Ұрыс,данышпан,талас,зейін керіс.

Ықылас,көлеңке,шопан ,мырзалық.

Жомарттық,ұрыс,шайқас, соғыс,диқан ,егінші.

10 .Мұқағали өлеңінен үзінді жатқа жаз,соңғы шумаққа морфологиялық талдау жаса.

 

 

Бекіту:

1.   Орфография мен орфоэпия дегеніміз не?
2.   Қазақ тілінде неше жалғау бар? Қандай шылауларды білесің?
3.    Тұйық етістік дегеніміз не?
4.   Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

Үйге тапсырма:     Мұқағали өлеңін толық жаттау.

Бағалау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *