Наурыз. Сакен Сейфуллин

Анисова Ғалия Төлендіқызы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : «Наурыз» өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту, жүйелі мәнерлеп сөйлеу, өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Жауапкершілікке, бірін – бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: көктем мезгілін бейнелейтін суреттер, Сакен Сейфуллиннің суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ, итерактивті тақта,

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік жасау

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері: от шашу

Топқа бөлу : көктемнің алғашқы гүлдері

1.Топ.  Бәйшешек , 2.Топ Жауқазын,  3. Топ Қызғалдақ , 4.  Топ. Жұпаргүл 

  1. Топ 2. Топ

Өлең өрлеп, жыр самғай                       Жауқазындай жайнаған,

Үйлесті әсем әніміз,                                Біз балдырған ойнаған.

Жұпаргүлдей сәніміз.                             Жауқазынды жинаймыз,

Наурыз біздің сәніміз.                                  Анаға әкеп сыйлаймыз.

3.Топ                                                                      1. Топ

Ақ жаңбырға шомылып.                                 Бәйшешектен білеміз,

Туған жердің алабы,                                        Көктем келіп қалғанын.

Қызғалдаққа көміліп,                                         Мәз боламыз, күлеміз,

Көздің жауын алады.                                          Көрсек гүлін жарғанын.

2.Үй  тапсырмасын тексеру

Әр топтан  оқушылар Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа айту, сұрақ қою

  • Өлеңнің мазмұны не жайында?
  • Өлеңдегі негізгі ой нені білдіреді?

 Өткен сабақты пысықтау

Ұйқас сөздерді пайдаланып, көктем туралы бір шумақ өлең құрастыр

…    …  күркіреп,

…  …  сіркіреп,

…   … сарқырап

…   …  нұрланып

…   … дүркіреп

Миға шабул

«Прес – конференция» ойыны.

Шарты : Сыныптағы кішкене балғын зерттеушілер Сәкен Сейфуллин туралы мәліметтер жинау, бірін – бірі тыңдай білу. Сыныптағы журналистер зерттеушілерге сұрақ қояды.

Балғын зерттеушілер сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруға болады. Слайд. Сәкен Сейфуллин

Сергіту сәті: Көктем сәні.(бір – біріне доп беру арқылы көктем сәні жайында айту)

  1. Жаңа сабақ

Енднше балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз.

Бүгін Сәкен Сейфуллиннің  «Наурыз» өлеңін өтеміз

Сәкен Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері.

1.Өлеңімен танысамыз. Өлеңді  әр топ мәнерлеп оқу. Өлеңді іштей оқу.

Өлеңді дауыстап оқыту.

– Өлең жылдың қай мезгілі жайлы? – Өлең көктем мезгілі жайлы.

Әр топқа шумақты жеке – жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.

Үшінші шумақта ақын қандай мейрам жайында айтып тұр? «Наурыз» мейрамын халқымыз қалай тойлайды?

– Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?

-Өлеңге сүйеніп, Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айту.

Проблемалық сұрақ:

-Көктемде қандай табиғи апаттар болады және олардан қалай сақтану керек?

Өлеңді сатылай кешенді талдау

1 Топ. – Өлеңнің авторы кім?

2.Топ. Өлең неше шумақтан, неше тармақтан тұрады?

  1. Топ. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын салу
  2. Топ. Өлеңдегі ұйқас сөздерді табу
  3. Топ. Шығармашылық тапсырма

1.Топ. «Көктем» тақырыбына сурет салу

  1. Топ. «Оқиға картасы» бойынша жұмыс жасау
  2. Топ. Өлеңдегі адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеу) қайтеді? деген сұрақ бойынша жауап беру.
  3. Топ. «Көктем», «Құс», «Гүл» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру. (полиглот орысша, ағылшынша)

Жаз – құшақтайды, беттен сүйеді

Су – жүгіреді, асығады, күледі

Құстар – шаттанады, жырлайды

Мал – жадырайды, жаңа жылды қарсы алады

  1. Сабақты қорытындылау: тест тапсырмасын орындау

Кері байланыс:  Біз бүгінгі сабақтан нені үйрендік? Нені білдік?

Стикерге жазып тілек ағашына қыстыру.

  1. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, ұлттық мейрам «Наурыз» жайында мендальный карта жасау
  2. Бағалау :критериалды бағалау

 

 

Тест сұрақтары 4 – сынып әдебиет

1.Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде … …

не болатын еді?  Үзіндіні аяқта шығарманың авторы кім?

  1. Мына үзінді қай өлеңнен алынған? Авторы кім?

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім,

Үзіп алдым біреуін,

Сыйлайын деп анама.

3.« Әттең мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А)  С. Сарғасқаев. Шыбық.

Ә ) Ж. Аймауытов. Қараторғай.

Б)  Ә. Кекілбай. Тасбақаның шөбі.

  1. Берілген анықтаманы аяқтап жаз.

Логикалық екпін – сөз ішінде …

  1. Берілген үзінді қай шығармадан алынғанын анықта. « — Құлыным, Қайрошым … Қайда жоғалып кеттің ? …» — деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.

А) Сабит Мұқанов. Жылқы                      Б) Н. Айтов. Алтван сөз

Ә) М Қалдыбаев Үлек                                       В)  Ғ.Мүсірепов Ана құшағында

 

 

 

Тест сұрақтары 4 – сынып әдебиет

1.Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде … …

не болатын еді?  Үзіндіні аяқта шығарманың авторы кім?

  1. Мына үзінді қай өлеңнен алынған? Авторы кім?

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім,

Үзіп алдым біреуін,

Сыйлайын деп анама.

3.« Әттең мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А)  С. Сарғасқаев. Шыбық.

Ә ) Ж. Аймауытов. Қараторғай.

Б)  Ә. Кекілбай. Тасбақаның шөбі.

  1. Берілген анықтаманы аяқтап жаз.

Логикалық екпін – сөз ішінде …

  1. Берілген үзінді қай шығармадан алынғанын анықта. « — Құлыным, Қайрошым … Қайда жоғалып кеттің ? …» — деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.

А) Сабит Мұқанов. Жылқы                      Б) Н. Айтов. Алтван сөз

Ә) М Қалдыбаев Үлек                                       В)  Ғ.Мүсірепов Ана құшағында

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *