НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? интеллектуалды ойыны

Белгісіз автор

Не? Қайда? Қашан?

    Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Ойынымыз 2 топтан құралады: «Көрермендер тобы» және «Білгірлер тобы». Ойын шартын түсіндірместен бұрын, бүгінгі 10-шы сыныптардан құралған «Білгірлер» тобының мүшелерімен таныстырып өтейін:

  1. Баламанова Дана
  2. Назар Әділет
  3. Мукумов Жанарыс
  4. Ермағамбетов Дарын
  5. Плещакова Гаухар
  6. Агылханова Айжамал

Енді сұрақ қоюшы «Көрермендер тобымен» таныстырып өтейін:

  1. Майрамова Индира (Ақтау,25ж )
  2. Жанқабыл Рамазан (Ақтау, 8 сынып)
  3. Тлегенова Айгерім (Ақтау, 32ж)
  4. Тоғайбай Қадыр (Ақтау, 8 сынып)
  5. Бекқали Ғазиза (Астана, 25ж )
  6. Тасболатова Махаббат (Ақтау, 23ж )
  7. Әлібек Сәуле (Алматы, 22 ж)
  8. Оксана Федорова (Орал, 34ж )
  9. Темирболатова Асылай (Қостанай,42ж )

Таныс болсаңыздар, ойын шартымен таныс болыңыздар:

  • Көрермендер білгірлер тобына сұрақ қояды, ал білгірлер берілген сұраққа бир минут ішінде жауап беруі керек;
  • Дұрыс берілген жауапқа білгірлер тобына ұпай беріледі, ал егер берілген жауап дұрыс болмаса, көрермендерге беріледі;
  • Ойын тоғыз ұпайға дейін ойнатылады;
  • Топқа ортадағы зырылдуық тоқтаған сұрақ жауабына ойланып, талқылауға екі минут беріледі, нақты жауабын беретін адамды топ капитаны таңдайды.
  • Сұрақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі;
  • Жазба сұрақтармен қатар, видео сұрақтар және заттай сұрақтар да беріледі;
  • Ойын соңында жеңген топ мүшелеріне немесе сұрақ беруші көрермендерге сыйлықтар беріледі.

Ойын ережесі түсінікті болса, ойынымызды бастайық!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *