Оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру

Алиева Айман Сериковна

Заман өзгерген сайын қоғамда түрлі өзгерістер мен жаңа бастамалар пайда болып, «ескінің» жаңа түрге енетіні, инновациялар мен ғылыми жаңалықтардың көрініс табатыны айқын. Сол жаңашылдықтың басынан білім мен ізденістің, жаңа бағыт пен шығармашылықтың  сабақтастығы орын алады.

Білім – мәңгілік ізденіс, өйткені ол ешқашан таусылмайтын бұлақ. [1]

Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи талаптардың бір жүйеге енуі, оның жүзеге асуы, басым бағыттарының болғаны білім берудің бағдаршамына айналды.

Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалау болып отыр. Ол — білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критерий  ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.  Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

          Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта  күнделікті жүзеге асатын,  білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз  байланысты жүзеге асырады.

          Ішкі жиынтық  бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.

          Сыртқы жиынтық  бағалау – оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

          Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалауды мектептерге енгізудің мақсаты оқыту сапасын жоғарлатудан, мектеп  оқушыларының білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіруден туындап келді. Сондай-ақ,  оның басты ерекшеліктері белгіленді.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • Анық, айқындылығы;
  • Бағаның әділдігі;
  • Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі.

Сонымен қатар критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
  3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
  4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

— оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;

— мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;

— ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

— басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. [2]

Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Ол тіл пәндерінде «тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым» деп аталады. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да ұтымды әрі нақты құру жақсы нәтиже бермек.

Осы орайда критериалды бағалаудың артықшылықтарын атап өтуге болады

 

 

Оқушылар мұнда нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білугедағдыланады.  Қалай оқу керектігін пайымдайды. “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі”- деген Питер Клайнның сөзін [3] ескерсек, сабақ барысында топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, ашық және жабық сұрақ түрлерін құру сынды т.б. жұмыстар оқушы тарапынан қызығушылықты тудырып, өз бетінше ұмтылысын арттырады.

 

Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері):

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері оқушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Критериалды бағалау жұмыстары барысында оқушылар өз ойын жеткізу жолдарын, әңгімелерді баяндау және өздерінің армандары мен үміттері, жоспарлары туралы сөйлесу барсында айтып, тілдесім мен аудиовизуалды материалды тыңдауда өз көзқарастарын білдіре отырып жауап беру; әдеби және әдеби емес мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау және анализ жасау; қысқа жүйелі мәтіндерді жазу барысында қажетті және қызықты ақпараттарды пайдалана білу дағдыларын меңгеруде. Және бұл әлі де тереңірек зерттеуді, нақтылай түсуді қажет ететін мәселе. [4]

Әдебиеттер

1.Сабырбаева Ш. Білім – мәңгілік ізденіс. — http://sabaqtar.kz/gilimi/288-blm-mglk-zdens.html(23.09.2014)

  1. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, «Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы»  – 2012 – Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

3.http://bilimdiler.kz/ustaz/4850-okushylarga-surak-koyu-zhane-olardyn-zhauaptaryna-karay-areket-etu-turaly.html(23.09.2014)

4.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели