Реалити-шоу-риясыздық па?…

Бағдарламаның мән-мазмұны «шоу» деген түйіткіл ойдан етек алады.Мұның түпкі тамыры неде?  Ойды  еріксіз тарту ма? әлде көрерменге жақсы дүние насихаттау ма?

Ел ішінде реалити-шоулар белең алу үстінде.Бұл жақсылық нышаны ма? я болмаса қоғамға қажетті шынайы құбылыстың қажеттілігінде ме?

«Реалити-шоу» ұғымының өзі өмірдегідей нағыз шынайылықты халық санасына беттеу.Қоғам тарапынан кей бағдарламалар қазіргі таңда халыққа қоғамға қажеттілікті насихаттайын деп емес,керісінше бағдарлама рейтингін жоғарылату тарапынан, мейман қылып шақыратын тұлғалардың дәрежесінің екі есеге артуында.

Әрине, мұның кейбірі жақсылыққа, немесе жамандыққа балануы мүмкін.Назарды елітіп әкетудің бір күші деп саралаймыз ба?

Қазақстанда сергектік сыйлайтын ойын-сауықтық бағдарламалар ойымызға жүйелі түрде сіңіп жатталып қалған. Әйткенменде, мұндай хабарлардағы шығарылым тарапы  біршама өзгешеліктерді байқап жататындығы мәлім.Көбіне бағдарламалардың эфирлік шығарылымында бастан-аяқ тележүргізушінің шеберлігі, өткірлігі бой көтерсе,кей тұрғыдан сатира мен музыкаға басымдылық көрініс табады.Алайда,керемет көңіл-күй мен қарытпа қалжыңның бастауы-сапалы шоу іспетті.

Республикамыздағы сапалы шоу-жарқын болашағымыздың қарқынды бастау күші.Қазіргі таңда сапалыдан гөрі,сапасыздарды шығару оп-оңай болып жатыр.Тіпті,оңай болғандығы соншалық,халық санасын улап, өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымызға этикалық негіздегі құндылығымызға сай келмейтін жат құбылыстарды енгізуде.

Екі-үш сағат бойы тікелей эфир тізгінінде жүретін реалити-шоулар  халықтың игілігі үшін жасалып жатқан еңбек деп құр сандырақ сөзбен ғана шектеп қоятыны айдан анық.Шоу бағдарламалардың көбісі ауқымды тип негізінде игеріліп жасалмай,жарнамалыққа басымдылық көбірек көзделіп өтеді.Әдеттегідей, қауым  назарында өрбіп жатқан бетперделі шоулар ашып айтылмай,жылы жабылып қоя салынады.Яғни бұл халық қауқарсыздығы ма? әлде жасанды шоуларға өзіміздің тәуелділігімізде ме?

Шоу бизнес негізінде жүзеге асырылатын бағдарды түйіндей келе,қоғамға кесапатын тигізетін, салт-дәстүрге сай емес дүниені насихатқа енгізу жат қылық.Ел төңірегінің қарыштауы үшін сапалы жобалар саны кең көлемде жарыққа шығып молайса,нұр үстіне нұр болары сөзсіз…

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті          журналистика мамандығының Ш курс студенті

Батырбек Гүлайым

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели