«Сын есім» тақырыбына ашық сабақ

Сан есім

 

Сабақ мақсаты 1) Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
2) Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту .Топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
3) Топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа ,бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақ әдісі Ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау,ассоциация Сабақ түрі Аралас Көрнекілік Интерактивті тақта,слайд,кестелер,ватман,оқулық,
дәптер І Ұйымдасты-
ру Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Психологиялық дайындық:
Көктемнің күніндей жарқырап 
Жүздеріңнен күлкі кетпей
Гүлдей жайнап жүреберіңдер -Амандасу
-Оқушыларды түгендеу
-Топқа бөлу ІІ Үй тапсырма-сын тексеру -Балалар,үйге қандай тапсырма берілді 8-жаттығу
Өткен сабақты қайталау Сөз таптарын жақсы біледі Слайд:«Өткенді білмегеннің- ертеңі болмайды» ( Өткен тақырыпты пысықтау)
-Балалар,біз қандай үлкен тарау өтіп жатырмыз? (Сөз таптары)
Тірек сызбаға назар аударып, ой қозғайық
42672013335Сөз таптары00Сөз таптары
9010651390650021666198064500577857112000 
1506220952500202057077470
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
-Біз осылардың ішінде қайсысын өттік? (Зат есім, етістік,сын есім) .Сондықтан да сендерді сөз таптары арқылы үш топқа бөлемін 
1-топ: Зат есім, 2-топ: Етістік, 3-топ: Сын есім
Слайд:
-Енді,қазір біз «Қай топ жылдам» ойының ойнаймыз.
1-топ:Зат есімге ассоциация жасау
2-топ:Етістікке ассоциация жасау
3-топ:Сын есімге ассоциация жасау
Әр топ өткен сөз таптары туралы жазып,келесі топты толықтырады Әр топ өз орындары отырады
Әр топ өз тапсырмаларын орындап,келесі топты толықтырады ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушы-лықты ояту
Слайд: Сөзжұмбақ:
С А У Ы С Қ А Н Қ А Р Б Ы З
К Ү Н К Ө Б Е Л Е К С У К І Р П І М А М Ы Р
-Балалар экранға назар аударайықшы.Мына берілген сөзжұмбақ арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айқындап алуымызға болады екен.
1. Ала шапан кигенi,
Сескенгiш болған соң.
Қыпылықтап жүргенi.   (Сауысқан)
2. Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.   (қарбыз)
3.Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады.(Күн)
4. Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім.   (көбелек)
5. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.      (су)
6. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.   (кірпі)
7. Көктем мезгілінің үшінші айы
(мамыр)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сан есім. Жаңа сабақ эпиграфыБір мен екі алмаңдар,Үшке алданып қалмаңдар.Кілең төрттік алғандар,Бесті ғана армандар.Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты сан есім туралы білімімізді кеңейтіп, сан есім туралы білетіндерімізді жаңа біліммен ұштастыру.
Сан есімнің түрлері
-Олай болса бүгінгі күннің ретін жазып ,жаттығу жұмыстарын орындайық.
Сөзжұмбақты шешіп,сабақтың тақырыбын біледі
Сабаққа деген қызығушы-лығын тудырып, өз еркімен ойлауға, тілін дамытуға және ізденуге жетелейді.
Оқулықпен жұмыс Слайд:«Артық білім – кітапта»
1 – жаттығу. Жұмбақты оқып,шешуін тап.
Слайд:
-Балалар Домбыра-Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. 
2 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз 
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
-Балалар осы мақалды топ жетекшілері жазады 
-Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Домбыра туралы дайындаған мәлеметті Елдана оқиды IV Сергіту сәті Музыка арқылы қимыл-қозғалыс жасайды V Топтық жұмыс Слайд: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
1-топ: 3 – жаттығу. 
Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріңде олардың қандай мүше болып тұрғанын айт
2-топ:4 – жаттығу
*Мәтінді көшіріп жаз, сан есімдердің астын сыз.
3-топ:5-жаттығу:Өзгертпе сөзді (анаграмманы) шеш VI Рефлексия
Қорытынды Слайд «Кім тез ойлайды?» ойыны
Саны бар сөздердің шешуін тап
К+3+ік, дер+5,1+қазан, 6+бақан, 9+құмалақ, тү+1, жел+90, 8+көз .
Слайд.Мақал-мәтелді аяқта:
1.… атасын білмеген жетесіз.
2.Қызға … үйден тию.
3.… рет өлшеп, … рет кес.
4. Бала … келгенше, жерден таяқ жейді.
5. …… ала болса,ауыздағы кетеді,
…… түгел болса, төбедегі келеді
Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не білдік?
Сабақ ұнады ма?
-Егер ұнаса, күнге күлкіні салып қойыңдар Оқушылар сабақ туралы пікірлерін жазып,күнге іліп қояды сабақта әр түрлі тапсырма-лар пайдалану арқылы бала белсенділі-гімен ынтасын арттырудың нәтижелі болғанын байқадым. 
VII Бағалау Бағалау парағы Әр оқушы өздерінің ұпай санын есептеп, бағалайды. VIII Үйге тапсырма145-бет,6-жаттығу Күнделіктеріне жазып алады 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *