Тері аурулары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3 А Бөліп шығару
Мектеп: «Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ
Күні: ___ Мұғалімнің аты-жөні: Мукашева А.Ж.
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Тері аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 8.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары  тері ауруларын белгілері және пайда болу себептерін сипаттау;
 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру.
Бағалау критерийлері  Тері ауруларының белгілерін сипаттайды
 Пайда болу себептерін сипаттайды;
 Алдын алу жолдарын қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер мысалында түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Тері ауруларының туындау себептері, белгілері, алдын алу жолдарын тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша түсіндіре алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер, дерматолог.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Дерматолог- тері ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер.
Тері ауруларының алдын алу шараларына… жатады.
Қышыманың туындауы … терінің…қабатында дамуына байланысты.
Тері ауруларына …жатады.
Тері аурулары қауіпті, өйткені… .

Құндылықтарды дарыту Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс Тері ауруларының ғаламдық деңгейдегі таралулары, олардың себептері туралы қарастырғанда география пәнімен, тері ауруларының белгілеріне тоқталған кезде алдын алу шараларын қарастырғанда қолданылатын препараттар мен химиялық заттардың түрлері арқылы химия пәнімен, пигменттік дақтың пайда болуына күн сәулесінің әсері туралы қарастырылу арқылы физика пәнмен байланысады.
Алдыңғы білім Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығару өнімдері туралы, 7-сыныптан микроағзалардың түрлері, антисептиктер мен залалсыздандыру жолдарын біледі.
8 – сыныптан жұқпалы аурулар туралы терінің құрылысы және қызметі, терінің бөліп шығарудағы маңызын біледі.
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
Сабақтың басы
3-мин

4-мин
Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгендеу
Оқушыларды топқа бөлу: биологиялық сөздер арқылы
Бөліп шығару: тері, бүйрек, несепағар
Тыныс алу: өкпе, бронхы, мұрын қуысы
Топбасшысын сайлап алу
Үй тапсырмасын тексеру:
Лездік сұрақтар қойылады:
1. Ересек адам терісінің ауданы шамамен қанша болады?(1,5-2м3)
2. Тері неше қабаттан тұрады? Атандар (3 қабат: эпидермис, дерма, тері асты май жасунығы )
3. Тері қандай қызметтер атқарады?(қорғаныш, термореттеуші,бөліп шығару, тыныс алу,терінің сезімталдығы және қор жинау қызметі)
4. Тері қандай дәруменді өндіреді? (Д дәрумені)
5. Теріден қандай заттар бөліп шығарылады?(су, аммиак, несепнәр, минералды тұздар)
6. Теріде орналасқан сезімтал жасушалар мен жүйке ұштары қалай аталады?(рецепторлар)
7. Қоректік заттарды жинау қай қабатта жүзеге асырылады?
(үшінші қабат ай жасунығында)
8. Зақымданған терінің орнына келуі, жасушалардың қайта түзілуі қандай құбылыс? (регенерация)
Жауаптар басбармақ әдісі арқылы бағаланады
Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазу

слайд
Сабақтың ортасы
10-мин

3-мин

5-мин

10-мин

Сабақ-
тың соңы Дидактикалық материалдар арқылы жаңа тақырыпты меңгеру, үлестірмелі қағаздар таратылып, тері ауруларының мынадай түрлерімен танысады:
Безеу, қышыма қотыр, теміреткі, саңырауқұлақтар тудыратын аурулар, герпес(ұшық), қайызғақ
Джигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліп алып оқиды, топ ішінде бір-біріне түсіндіреді.
Топ басшылары орнында қалып басқа топтағы оқушыларға өздерінің оқыған материалдары бойынша түсінгендерін айтады
Дискриптор
Тері ауруларын сипаттайды
Пайда болу себептерін анықтайды
Оқушылар өз жұмыстарын басбармақ әдісі арқылы бағалайды

Суретті танып біл:
Безеу

Қышыма қотыр

Теміреткі

Пигментті дақтар

Табан сүйелі

Герпес

Қайызғақ

Дискриптор
Тері ауруларының түрлерін ажыратады
Суретін анықтай алады

Тері ауруларының пайда болу себептері
П-біздің ойымызша
О-себебі
П-мысалы
С-қорыта айтқанда

Кері байланыс Бұл әдіс арқылы не үйрендік?
Шапалақтау әдісі арқылы бағалау

Топтық жұмыс
Бос орынды толтырындар
Аурудың түрі Белгілері Алдын алу жолдары
теміреткі
аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту; жазда ашық аяқкиім кию; синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу; кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу; басқа адамның киімін кимеу.

бас терісінің құрғап, тері жасушаларының өлген түрлерінің қабыршақ түрінде түсуі.

Дискриптор
 Тері ауруларының белгілерін сипаттайды
 Пайда болу себептерін сипаттайды;
 Алдын алу жолдарын , теміреткі, сүйел, қайызғақ мысалында түсіндіреді.

Осы бейнелерге оқушылардың аттарын
жазу арқылы баға шығару

рөлдік ойын
1-топ
Дерматолог
2-топ
Пациенттің рөлін сомдайды
Шапалақтау әдісі арқылы бағаланады
Дискриптор
Тері ауруын емдейтін дәрігерді айта алады
Ауруды емдеу жолдарын біледі

Оқушыларға тері аурулары туралы постер жасау ұсынылады.
Мұғалім оқушылардың жұмысына дұрыс бағыттар бере отырып, барлық оқушының қатысуын қадағалап, тиісті кері байланыс ұсынады.
Үй тапсырмасын беру:§30 Тері аурулары және гигиенасы оқып келу

П-плюс
М-минус
Қ-қызықты
1-қосымша

Слайд
Суреттер

2-қосымша

Бағалау парағы
Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылар тері күтімінің ережесін жасай алады.
Кейбір оқушылар саңырауқұлақ аурулары, пигменттік дақтар, қайызғақ, герпес туралы ақпаратты оқып өз білімидерін тереңдете алады -3-қосымша.
Кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалары, ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Ауызша талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы
Постер дайындау кезіндегі талқылаулары мен тапсырманы орындауға қатысуы арқылы
Ауруларды ауызша сипаттаулары арқылы
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *