«Тәрбиелі- тәртіптің құлы»

 

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасады, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнату жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Оыдан келіп құқықбұзушылық орын ала бастады. Адам құқығы, құқықбұзушылық туралы, бала құқықтары туралы Заңмен танысайық.

Құқық – адамдардың мемлекет рұқсат берген, жасауға болатын әрекеті. Адам құқығы бостандық пен бейбітшілікте болуы керек. Құқығы жоқ адам қалыпты өмір сүре алмайды. Құқықты білу «Құқықтық сана» деп аталады.

Адам құқығы сатылмайды. Атадан балаға мирас болып қалмайды. Адам құқығы барлық адамзатқа ортақ. Ол адамның түріне, жынысына, саяси және басқа да көзқарасына бөлінбейді. Олар заң алдында тең құқылы. Адамдар қалыпты өмір сүру үшін бостандықта болу керек. Өмір қауіпсіздігі мен құқықтық дәреже тепе-тең, олар бөлінбейді.

Адам құқығын мынадай үш категориямен атауға болады.

1.Азаматтық және саяси құқық. Олар  бостандыққа құрылған құқық, өмірге құқық, бостандыққа және тұлға қауіпсіздігі, саяси өмірдегі құқық, сөз құқығы, діни, ар-ұят құқығы

  1. Экономикалық және әлеуметтік құқық. Олар әлеуметтік қорғанысқа құрылған  еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, ас ішу, тұрмыс, медициналық құқық
  2. Мәдени құқық қоршаған ортаның дамуына арналған құқық, адамның мәдени, экономикалық және саяси дамуының құқығы

Құқықбұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуына әкеп соғатын қылмыстық әрекет.

Құқықбұзушылықтың ең қауіпті түрі – қылмыс болып саналады. Қылмыс – қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін, құқықтық тәртіпті бұзатын, тағы басқа зиян келтіретін іс-әрекеттер.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели