Тәрбие отбасынан басталады

Клышева Салтанат Серікқызы

Егеменді елімізді дамытып гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ.Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы  — сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Еліміздің болашақ азаматы – қазіргі балалар. Балалардың рухани адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтына аса көңіл бөлуіміз қажет. Бала әрқашан да ата – ананадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата – ананы өмірдің тірегі деп санайды. Бала үшін ата – ана игілік жасаушы, үлгі – өнеге көрсетуші және ақыл – кеңес айтушы болып табылады. Баланың өнегелі тәрбиелі болуы алдымен отбасына байланысты болса, содан кейінгі оған ықпал жасайтын басты тұлға – оның араласатын ортасы. Бала тәрбие мәселесінде ата – ананың жауапкершілігі күшті. Өйткені біздер біздер, ата – аналар, баланың мінез – құлқын, өмірге көзқарасын қалаптастырамыз. Олар үйде көрген өнегесін мектептен алған білім, тәрбиесімен толықтырады, жанұяда күнделікті болып жатқан сан алуан оқиғалар, ата – ананың баламен сөйлесуі, үй шаруасының істеуі, әке мен шешесінің еңбекке көзқарасы, демалысты қалай ұйымдастыруы, өздерінің туыстары мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы бәрі де балаларға әсер етеді. Олардың мінез – құлқы, тәрбиесін қалыптастырады. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме? Осыған орай әрбір ата – ана өзінің үй – ішіндегі ісіне, сөзіне басқалармен қарым – қатынасына ерекше мән беріп, сын көзімен қарап, жағымсыз іс, мінезі байқалса, өзінің – өзі тәрбиелеу мен шұғылдануы қажет. Бедел – адамның сана – сезіміне бекем ұялаған қасиет. Сондықтан әрбір жанұя басшылары өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс – тұрысымен жас жеткіншектерге тағылым сиятындай өнеге көрсеткен жөн.

Жанұя ынтымағының болмауы, ерлі – зайыптылар арасындағы ала ауыздық, бірінің сөзін екіншісі тыңдамайтын жағдайда бала тәрбиесі қиындап кетеді. Ата – ана беделден, педагогикалық ықпалдан айырылады.Жекелеген ата – аналар өздерінің міндеттерін тек балаларының қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеумен ғана шектелмейді. Жанұяның басты міндеттерінің бірі – баланы жарқын сезімдері, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу. Достық, жауапкершілік, ар – намыс сезімдері, негізінен жанұяда қалыптасады. Осыны әрбір ата – ана естерінен шығармаған жөн. Әр бір ата – ана өзінің жеке бастарының өнегесімен балалардың бойына осындай сезімдерді, азаматтық парызы ұялатады. Бос уақытты жанұяда дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор. Көптеген балалар таза ауада аз болады. Уақыттың біразын телевизор, комьпютер алдында өткізеді. Бұл баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ата – аналар балаларының үйде отыратынын қанағат етіп, олардың немен шұғылданатынына көңіл бөлмейді.Әрбір бала жанұяда алған тәрбиесін мектепте, аулада , жолдастарының арасында қолданады. Сонымен жанұяның ішкі қатынасының үлкен әлеуметтік мәні бар.

«Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»  деген болатын. В.А.Сухомлинский

Тәлім-тәрбие беру үшін мектептер жеткілікті емес. Әлбетте, адамғатәлім-тәрбиеберудемектептіңрөлізор. Алайда, тәлім-тәрбиенімектеппеншектеудедұрысемес. Негізінде, қоғамныңөзітәлім-тәрбиеберушіретіндемаңызды фактор. Адамдардыңбасымкөпшілігі осы жердетәлімалады. Ал, егерқоғамтәлім мен тәрбиекөрмегенболса, ондажағдаймүшкіл. Сондықтан, өмірдіңмән-жайынтүсінужәнеөмірсүріпжатқандығынұғыну — тәлім-тәрбиеалғанадамныңбастыерекшелігі. Тәлім-тәрбиекөрмегенадамөмірініңмәнінбілмегендігіненөмірдіөзкіндігіненаластатады. Сондықтан да, тәлім-тәрбие — мектептеғанаемес, қоғамныңөзішіненшығатынқасиеттіңбірі. Қоғамретіндетәлім-тәрбиеалумәселесібарлықмәселелерденасыптүседі. Қоғамныңжақсы да жайсаңболуы — әрбіразаматтыңжауапкершілігінебайланысты. Әлеуметтікәл-ауқаттыңөсуіжәнеәділдіктіңнығаюыжауапкершілік сана-сезімгеиеазаматтардыңболмысынабайланысты. Ал, бұғанжетудіңеңайнымас жолы — тәлімжәнетәрбие.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», — дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасынемересін, алдымен, елініңқұттықонысыментаныстырған. Жылдыңәрмезгіліндеелдіңқайда, қалайкөшетінін, суды қайданішетінін, жетіатасын, олардыңзираттарын, елдегідаңқтыадамдарыныңерлікхикаяларын, ауыл-аймақтағыжер-су атауларынерінбей-жалықпайбаласыныңсанасынасіңіребілген.

 

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.Бүгіндебаршаныңміндеті-әдет-ғұрпымызды,салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Біздің  дана  қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлген.

Тәрбие ісін арқау ету борышымыз. Сондықтан ел болып балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы күресуіміз керек.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *