Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Нурмагамбетова Гулжиян Бердешовна

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе 12жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.

Слайд.

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады.   Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп оқушыларының функционалдық  сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
  3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
  4. Білім беру процесін оқу- әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
  5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
  6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Қазіргі әлемдік білім беру білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты»қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы»Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелердің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын функционалды дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытуды жетілдірудің бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық- әдіснамалық негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне  тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Олар мемлекеттік нормативтік құжаттарды дайындау кезінде жан-жақты ашып көрсетілді. Бірақ орыс тілді мектептердегі қазақ тілі негізінде құзіреттілік бағытына сай  функционалды сауатты тілдік тұлғаны дамыту мәселесі жалпы ғылымда, соның ішінде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінде жеткілікті деңгейде қарастырылмауы бұл мәселенің  ғылыми- теориялық  тұрғыдан  да өзекті екендігін айғақтайды. Орыс тілді  мектеп оқушыларына  қазақ тілін үйрету әдістемесін дүниежүзіндегі өркениетті елдердің екінші тілдерді меңгерту  әдістемесіндегі озық үлгілерді саралап, мемлекеттік тілді меңгерту әдістемесін функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға негіздей отырып жетілдірудің сара жолдарын айқындау қажеттігімен  дәйектеледі. Осыған орай орыс тілді мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде білім берудің түпкі нәтижесін құзіреттілікке бағыттау және оны жүзеге асырудың жолы ретінде оқушының  өмірлік дағдыларын қалыптастыру арқылы пәннің стратегиялық бағытын өзгерту мен түрлі өмір жағдаяттарында қазақ тілін қатысым құралы ретінде қолдана алатын тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы айқындала түседі.

Функционалдық сауаттылық-адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса ,функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік, дағдылардың  жиынтығынан құралады . Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім- біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс- әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым- қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың негізі, әлеуметтік- мәдени дамуының өлшемі, білім, білік дағдыларыныңқұзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Менің жұмысымның нысаны: оқу орыс тілінде жүретін  5-6 —  сыныптарында қазақ тілін оқыту үдерісі.

Мақсатым:

5 – 6 сыныптарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Міндетім:

оқушының тұлғалық қабілеттерінің дамуындағы функционалдық сауаттылықтың мәнін және оны оқыту үдерісінде қалыптастырудың негізін айқындау;

қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын құзіреттілік, әрекеттік бағыттармен бірлікте дамытудың әдістемесін ұсыну;

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау.

Егер орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің білім мазмұнықұзіреттілік бағытына сай тілдің қоғамдық- әлеуметтік мәнін, практикалық маңызын, қатысымдық қызметін танытатын материалдармен толықтырылса, оқушының оны өздігіненәрекет ете отырып игеруіне қажетті оқу жағдаяттары мен өмір шындығына сай құрылған қатысымға жетелейтін жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылса;қазақ тілін оқытудың түпкі нәтижесі оқушыға ақпараттық, қатысымдық және проблеманы шешу құзіреттіліктерін меңгертуге бағытталса, онда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қол жеткізіледі.Өйткені білімнің оқушының өмірлік дағдысына айналуына бірден- бір мүмкіндік беретін жол функционалдық сауаттылық болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру–қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-оқушының танымдық-қатысымдыққабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Сондықтан оқу  орыс тілінде  жүретін мектептердеқазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп,қатысымдық ,дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістернегізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық,рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар, біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

5 -6- сынып оқушыларының  функционалдық сауаттылығын  қалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық әдісін, рөлдік ойын әдісін, дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісін, сұрақ- жауап әдісін, сұқбаттық тапсырмалар, құзіреттілікті қалыптастыратын  тапсырмаларды кешенді жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсеріне  қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.(1- сызба).

 

Функционалдық сауаттылық- тілдік тұлғаның әлеуметтік- қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім)өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

О. Е. Лебедев функционалдық сауаттылықты былай түсіндіреді: «функциональная грамотность предполагает усвоение знаний, лежащих в основе правил, норм, способов деятельности, понимание этих правил, готовность к их соблюдению и обеспечивает возможность реализации человеком своих социальных функций» (4,256 с)деп айқындайды. Олай болса, функционалдық сауаттылық тілдік ережелерді түсіну, тілдік нормаларды сақтау, іс әрекет тәсілдерін меңгеруден тұрады. (2- сурет).

.

 

Тілді меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап  сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан грамматика толыққанды тілдесімге жетудің құралы ретінде қарастырылады.Бірақ үйренетін тілдің ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы ережелер, категориялар, ұғымдар туралы білімдер сол тілді меңгергендіктің көрсеткіші бола алмайды. Үйреніп отырған тілде шынайы коммуникациялық тілдесімге түскенде ғана сол тілде сөйлеу сауаттылығына қол жеткізіледі. Қазақ тілін қарым- қатынас құралы ретінде функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматика сөйлеуді үйретуге қызмет етеді және қолданбалы мәнге ие болады. Себебі ол оқушылардың өзге тілде сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына, айтылған сөзді бақылап, талап етілген грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде құра алуы үшін керек. Сөйлесім- айтылған не жазылған хабардың  қабылданып, оған жауап қайтарылуды талап ететін, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас негізінде іске асатын құбылыс. Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде маңызды рөл атқарады.Бүгінгі қоғамның талабы оқушының пән арқылы мектептен тыс өмірде қолдана алатын құзіреттіліктерді меңгеруін қажет етуде. Осыған байланысты орыс тілді мектептердегіқазақ тілінің мақсаты оқушының әлеуметтік- қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің  түрлерін өз қажетіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ететін  функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып белгіленді. Пәннің білім мазмұны үлкен 3 аяға бөлінген: әлеуметтік –тұрмыстық ая, әлеуметтік-мәдени ая, оқу-еңбек аясы.Әр ая лексикалық тақырыптардан тұрады. Ал әр тақырып ішінде: тілдік бөлім, қатысымдық- сөйлесімдік бөлім, мәдениетаралық қарым- қатынас бөлімі боп жіктеледі.Бұл функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатына сай.

 

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанды таяудағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіргізу стратегиясы» 19 қаңтар 2006 ж.;
  2. Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» — 3 наурыз 2007 жыл.;
  3. Мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттырудың көкейкесті мәселелері.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде-2004. — №4. — 14 бет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *