Ш.Құдайбердіұлы. «Жастарға» өлеңі.

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы. «Жастарға» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» атты өлеңін оқу, сатылай кешенді талдау; сауаттылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ребус, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі,музыка.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестендіру тест.

 

1 Шәкәрімнің өмір сүрген уақыты  

 

 

1 1905-1906ж.
2 Меккеге сапары қажы болу ма? 2 1961 ж
3 Баласы Ақат құдықтан қай жылы шығарды 3 1917ж
4 Меккеге қай жылдары барды? 4 Ақын, философ
5 Ақтау туралы шешім қай жылы қабылданды? 5 1858-1931
6 Ел ішіне қай жылы оралды? 6 Әнші, саятшы
7  Шәкәрім кім? 7 Ілім іздеу
8 Оның тағы қандай өнерлері болды? 8 Қажы болу

 

АКТ арқылы тексеру. Кілт: 1-5, 2-7, 3-2,  4-1, 5- 3, 6-3, 7-4, 8- 6

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

-Ребус арқылы сабақтың тақырыбына шығу. Ребусты шешу. Жастарға сөзі шығады

Сабақтың  мақсатын қою.

ІҮ.  Мәтінмен жұмыс.   «Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ү. «Жастарға» атты өлеңге сатылай кешенді талдау  жасау. Жұптық жұмыс

  1. Авторы: Ш. Құдайбердіұлы
    2. Тақырыбы: ағартушылық туралы
    3. Жанр түрі: өлең (поэзия)
    4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат болу. Жастарды адалдықты сүюге, арамдық, қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.
    5. 19 шумақ
    6. 76 тармақ
    7. 3 бунақ
    8. 11 — 12 буын
  2. Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы ааава
    10. Теңеу — затты басқамен салыстырып айту.
    Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа өткізбеу)
    Эпитет — құбылысты, затты бейнелеп айту үшін қолданылатын сөздер.

(арам айла, өшпес өмір)

  1. Сөздік: дүспан-дұшпан, ғадалат-қадағалап, шатылу- шатасу, пәлеге ұшырау, күсіп -безу
    12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына деген көрсетер үлкен тәрбие екенін аңғарамыз.

ҮІ. Бекіту. «3 минуттық эссе» әдісі арқылы «Бұл өлеңдегі көтерілген мәселелер қазір өзекті  ме?»

 


ҮІІІ: Үйге тапсырма:
  «Жастарға» өлеңнің үзіндісін жаттау.

ІХ. Білімді бағалау.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *