Ғылыми жоба тақырыбы: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуда коучинг әдісін қолданудың тиімділігі АймырзаеваА

Ғылыми жоба тақырыбы: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуда коучинг әдісін қолданудың тиімділігі

 

Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық үрдісте жүйелі  жұмыс жүргізе алатын,өзгерістерге тез төселетін, білім берудің жаңа жүйесін меңгере алатын кәсіби білікті мұғалім болып дамуына  коучинг әдісін қолдану .

 Өзектілігі: Педагогикалық тәсілдерді мұғалімдерде  қалай және  қай жағдайда қолдану мүмкіндіктері туралы білімнің жетіспеуі; мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдірудің және сын тұрғысынан ойлаудың  қажеттілігі; Мұғалімдер өздерінің жетістікке жеткізген іс-тәжірибелерін өз әріптестеріне таныстыруға,пікіралысуға   мүмкіндік туа бермеуі;.  

Зерттеудің міндеті:
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуда коучинг әдісін қолданудың тиімділігіне  көз жеткізуге  бағыттау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Коучингті   мұғалімдердің  білімді, білікті,құзырлы болып қалыптасуына қолдану
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз.
Сенека.

І.Кіріспе бөлім

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесін дамыту міндеті тұр. Бұл міндет-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру арқылы жүзеге асады.

Қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар:

Педагогикалық үрдісте жүйелі  жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық  өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау, білім берудің жаңа жүйесін меңгере алатын;

Білімді,білікті,алғыр,іскер,ең бастысы шебер болуы тиіс;

 Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттарының бірі –коучинг пен тәлімгерлік.  Бұл   мұғалімдерге  әріптестерін  коучинг пен тәлімгерлік арқылы өзінің үздік нәтижесін көрсетуге,оқытуға және  жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр
2.1. Негізгі бөлім

 Мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге,өз мүмкіндіктерін пайдалана білуге   деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игеруге ,бір-бірімен байланыстарын жақсартуға, қобалжу сезімінен арылуға жақсы әсер етеді .Ән айту арқылы бір-біріне деген сенім мен ұжымдық қарым-қатынас орнату, еркін эмоционалды орта қалыптасады.

 Әріптестеріме білім саласындағы өзгерістерді таныстыра отырып, жаңаша көзқарас қалыптастыруды  және топтық жұмыстың  тиімділігін таныстыруды мақсат еттім.  Таныстырылымға және көрсетілімге АКТ-ны пайдаланып қажетті ресурстарды дайындаймын. Коучингтен не күтетіндіктерін білу мақсатында сауалнама дайындап, ұсынамын. Берген жауаптарынан білім саласындағы жаңалықтарды ,білім сапасын арттыру жолдарын,оқушылардың сабаққа деген құлшынысын көтере білуді; жаңа әдіс–тәсілдерді қолдана білуді білгісі келетіндіктерін аңғардым. Сабақтың алғашқы бөлімінде әріптестеріме  білім саласындағы жаңалықтармен  таныс болу үшін «Әлем өзгеруде» тақырыбындағы бейнежазбаларды пайдаланамын. Топтық жұмыстың тиімділігін сезіндіру үшін әріптестерімді әр коучингте топқа бөліп,отырғызамын.  

  Коучинг арқылы әріптестерімнің  білім саласындағы жаңалықтарды ,білім сапасын арттыру жолдарын,оқушылардың сабаққа деген құлшынысын көтере білуді, жаңа әдіс–тәсілдерді қолдана білуді  меңгергенін  байқадым. Бұл  нәтиже маған келесі коучингтерді жоспарлауға шабыт береді. Келесі, коучингті  «Оқудағы кедергілер.Мінезі қиын оқушымен қандай  жұмыс жасауға болады?» тақырыбында алдым. Себебі ,мектебімдегі жас мамандардың  қиын оқушымен  жұмыста тәжірибесінің аздығы көрінді. Сонымен бірге өз әріптестерім арасында да осы сұрақ төңірегінде  көмек қажет болды. Коучингке жиырма  мұғалім қатысып ,оның көпшілігі жас мамандар  болды. Мұғалімдерді жігерлендіру  мақсатында сандықшаны қолдан –қолға бере отырып, «Мен-ұстазбын,Бала жайын ойлайтын, Мен-ұстазбын,…….» өлең жолын жалғастыру тапсырмасы берілді. Әріптестерім тосылмай жалғастырып әкетті. Жас маман Ұлбосын:«Мен ұстазбын,бала жүрегіне жол табатын» десе ,әріптесім Айымкүл:Мен –ұстазбын, балаларға білім нәрін беретін. Бұл әдіс осылай ұстаздарға ақындық шабыт берді,әрі ұстаздардың әрбір қасиетін ашты. Сандықшаны ашып, ішінен шыққан төсбелгіні қатысушыларға ризашылық ретінде сыйладым. Олар мәз болысып, төсбелгінің суретіне               қарай топтасты. Абай Құнанбаев  «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» десе,психолог Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сондықтан «Ата-ана», «Құрбы-құрдастар», «Ұстаз» тобына бірлесе жұмыс жасауға шақырдым.

Бейнежазбаны ұсыну арқылы  коучинг тақырыбын табуды ұсындым. Әріптестерім коучингтің  мінезі қиын оқушымен  жұмыс тақырыбында болатынын тауып, жеке-жеке өз ойларын   айтты.

Мінезі қиын оқушылармен жұмыс жасау тәжірибелерімен ой бөлісті.   Өз топтарында  тәжірибе алмасу үшін топтық тапсырма берілді.  Әрбір топ тапсырманы өз топтарының аттарына сәйкес рөлге еніп, орындады.    Сұрақтар: Ата-ана не істей алады? Құрбы-құрдастар  не істей алады? Ұстаз не істей алады? Топтарында талқылап,әр топ өз шығармашылықтарын, тәжірибелерін ортаға салды. Мінезі қиын оқушымен жұмыста  ұстаздың,ата-ананың,құрбы-құрдастардың атқаратын рөлін көрсете білді. «Ата-ана» тобы ата-анамен жұмыста кездесетін кедергілерді көрсетті,бірақ шешу жолдарын  ұсынбады.Оны өзара бағалау кезінде басқа топтар ұсыныс ретінде ескертті. «Құрбы-құрдастар» тобы мінезі қиын оқушыға құрдастарының әсерін рөлдік ойынмен көрсете білді. «Ұстаз» тобы мінезі қиын оқушымен жұмыста мектеп жұмысын,сынып жетекшінің рөлін көрсетті, қатысушыларға түрлі кеңестер ұсынды. Бұл  жұмыс  қатысушыларға  тиімді болды деп ойлаймын,себебі өзара бірлесе жұмыс жасалды,тақырыпты әр қырынан ашты.  Мәнмәтінмен жұмыста

Джин Раддок бастаған Кембридж университетінің зерттеушілері бастама жасаған жобасы Оқушы үні (МАН.71 бет)

-Бандура өзіндік тиімділікті қалыптастыруға  ықпал ететін 4 факторды. (МАН.35-36 бет

-Шульманның үш ілімі (Shulman, 2007) (МАН.11-12 бет)  ұсынылды. Топ мүшелеріне мәнмәтін туралы сұрақтар қойылып, жауап алынады.Бұл жұмыста маған деңгейлік бағдарламаны бітіріп, сертификатталған әріптестерім көмектесті. Олар өз топтарында түсіндіріп,идеяларды  пайдалануға мүмкіндігі болуы үшін өз тәжірибелерімен бөлісті. Коучингті қорытындылау мақсатында «Ақылдың  алты  қалпағы» әдісі арқылы ойларын  қорытты.

Қызыл қалпақ:Бүгін маған үш топтағы айтылған ойлар ұнады. Мен   көптеген әдіс –тәсілдерді білдім. Енді оны өз тәжірибеме қолданамын. Олардың бірлесіп топта жұмыс жасағанын ұнағанын айтты.

Жасыл қалпақ, өзін болашақта  үздік мұғалім болатынын сенімділікпен айтқанда ,осындай сенім ұялатқаным үшін өз жұмысыма риза болдым. Қатысушы жас маман Жасыл қалпақ бұндай коучингтің өзіндей жастарға ауадай қажет екенін айтты. «Ақылдың  алты  қалпағы» әдісі жүргізу арқылы ойларын қорытты, екінші жағынан осы алты қалпақтың атқаратын қызметі  туралы білді. 

Бақылау парақтарынан қиын оқушымен жұмыс жасау әдістерін  және оқудағы кедергілерді  өзара талқылағанымыз ұнағанын жазды. Өзіме бұл коучингтің  сәтті тұстарына алдымен, әріптестерімнің топқа берген тапсырманы қызығушылықпен орындауын,мәнмәтінмен жұмыста тек қана ғалымдардың идеяларымен таныстырып қана қоймай,  идеяларды өз тәжірибелерімен ұштастырғанын  жатқызар едім. Сәтсіз тұстарына кейбір әріптестерімнің  коучинг барысындағы жұмыстарға белсене қатыспауы,өз ойларын жеткізе алмауын жатқызар едім.. Қатысушылар қиын оқушымен қалай жұмыс жасауға болады? деген сұраққа  жауапты   және қажетті ақпаратты  алады деп ойлаймын.

Қорытынды бөлім. Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. Өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-деген екен.

Нәтижесі: Коучинг әдісін қолдану нәтижесінде  педагогикалық үрдісте жүйелі  жұмыс жүргізе алатын,өзгерістерге тез төселетін, білім берудің жаңа жүйесін меңгере алатын кәсіби білікті мұғалім болып дамуына үлес қосты. Білім саласындағы жаңалыққа қызығушылығы, ынтасы, көзқарастыры өзгерді,жаңа әдіс-тәсілдерді  игеруде  икемділіктері,құлшыныстары  артты

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *