Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Турысова Фарида Муксумалиевна

Білімділік:Қазақстанның  Ресей империясына қосылу процесін тездеттірген жағдайларды,қазақ жерін толық бағындыру мен Верный бекінісінің салынуын  ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіре отырып,оқулық мәтінімен өздігінен жұмыс істеу,салыстырмалы талдау жасай білу және шапшаңдылық  дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:оқушыларды ұлтжандылыққа,еліне деген сүйіспеншілікке, өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап,пікір алмасу,топпен жұмыс.

Пән аралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы.

Сабақтан күтілетін болжам: тақырыпты толық түсінеді, білімдері артады.

Көрнекіліктер: Қазақстанның картасы, нақыл сөздер,слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу,сыныпты үш топқа бөлу,оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

ІІ.Үй  тапсырмасын сұрау:

Хронолгиялық диктант:

  1. 184:4+600+3600:3=1846ж.жазында Қызылағаш өзені бойына орыс әскерінің келуі.
  2. 3800-2000+16*3=1848ж.қаңтарда— Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы нұсқауларға сәйкес ресейлік пристав тағайындалды.
  3. (2000:4)+1300+3*3=1818ж.-Сүйік сұлтан Абылайханұлы патша үкіметіне өзінің қарамағындағы рулардың Ресей құрамында болуын қалайтындығын мәлімдеді.

4.7328:4+5=1837ж.-қайтадан енгізілген Ресейдегі

қадағалаушылық,полициялық  күші басым қызмет.

  1. 1000+800+75:3=1825ж. Шілдеде-Зеңбіректермен жасақталған әскери жасақтар Қаратал өзеніне жетіп,екіге бөлінеді:бірі Қараталда қалса,екінші топ Жетісу өңіріне тереңдей енді.
  2. (13929-1000):7=1847ж. Қапал бекінісінің салынуы Лепсі мен Іле өзендері аралығында көшіп қонып жүрген қазақтардың,Жантай,Жаңғар,Ормон манаптар бастаған 40 мың қырғыз отбасының отаршыл Ресей империясы билігіне өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдете түсті.
  3. 13600:8+17+17=1734ж.-Орта жүздің Ресей империясына бодан болуы.
  4. 425*4+(5*6)+1=1731ж.- Кіші жүздің Ресей империясына бодан болуы.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақ-жауап:

1.Ресей империясының оңтүстік Қазақстанды отарлауының алғышарттары қандай болды?

2.Қоқан мен Хиуа хандықтары Қазақстанның Ресейдің  қол астына өтуін не себептен қаламады?

3.Ұлы жүзден  ең алғаш қай ру Ресейдің қол астына өтті?

4.Ұлы жүздегі жергілікті старшындар П.М.Капцевичтен не себептен көмек сұрады?

5.Ресей империясы Ұлы жүз жерінің қай өңірлеріне көз тікті?

  1. «Пристав» деген не?

ІV.Жаңа сабақ:

Жоспары:

1.Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды отарлауды жеделдетуі.

2.Верный бекінісінің салынуы және оның маңызы.

3.Ресейдің қазақ жерін толық бағындыруы.

Оқушылар топ бойынша осы берілген 3 тақырыпшаны оқулықты пайдалана отырып  түсіндіреді.  10 мин.

1 топ. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды отарлауды жеделдетуі.

2 топ. Верный бекінісінің салынуы және оның маңызы.

3 топ. Ресейдің қазақ жерін толық бағындыруы.

Әр топтан екі оқушы тақтаға шығып түсіндіреді.Оқушылар түсіндіріп болған соң айтылмған жерлеріне мұғалім толықтырулар жасап отырады.

V.Жаңа сабақты бекіту:  «Ойды аяқта»

1.1854 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына ……………….бекінісі тұрғызылды.  Қастек

  1. Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский отряды ……………жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекетін тұрғызды.  1853ж

3.Орта Азиядағы Бұхар,Қоқан хандықтарының,сондай-ақ ……….жылы………….. хандығының жеңілісі қазақтарды оларға тәуелділіктен құтқарды.1873ж,Хиуа

4.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып Ұлы жүздің ………………….. руы қабылдаған.   Жалайыр.

5……………… бекінісі  1854 жылы  салынды.  Верный

6.Ұлы Жүзді басқаратын пристав ……………жылы тағайындалды.  1848 жылы

7.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын …………….. хандығы өз билігінде ұстады.  Қоқан

8.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі, ……………………. өзені бойындағы Таушүбек бекінісін орыс әскерлері  1851 жылы 7 шілдеде  қантөгіссіз басып алды.    Қаскелең

9.1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері ………………………түбінде шайқасты.    Ұзынағаш

  1. Қазақ хандығының Ресейге қосылу процесі саяси-құқықтық қатынастары жағынан …………жылдай уақытқа созылды. 150 Қорытындылау:Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті.

«Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес.
Өткеннің өкінішін айтқанда елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес, тарихтан тағылым алып, кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек»

Н.Ә.Назарбаев

«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың өскелең ұрпағы ертеңге көз жүгіртіп, бүгінмен өмір сүрсе дейміз.

Бүгінгі қоғамның жарқын кепілі көк байрақ астындағы 25 жылымыз баянды болғай демекпін.

VI.Үйге тапсырма: §28-29.оқу,түсінік.Хронология жазу.

VII.Бағалау: Сабақта белсенділік танытып,қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *