Қазақтың ұлттық киімдерінің шығу тарихы

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Сыныбы: 2 «а»

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы»

Мақсаты:

А) Блімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері, шығу тарихы туралы түсінік беру;

Б) Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге, қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту;

В) Тәрбиелік: өз халқының салт-дәстүрлерін сыйлауға, құрметтеуге мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс

Көрнекіліктер: Ұлттық киім суреттері, шаблондар, плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру барысы.

А)Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Б) Суреттер  арқылы топқа бөлу.

1-топ: Тақия шағын кәсіпкерлігі

2-топ: Шапан шағын кәсіпкерлігі

3-топ: Шалбар шағын кәсіпкерлігі

4-топ: Етік шағын кәсіпкерлігі

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы орындық» ойыны. Сұрақ-жауап

  1. Қазақтың төл мерекелерін атаңдар?
  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
  3. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
  4. Қазақтың қандай ұлттық тамақтарын білесіңдер?
  5. Жаңа сабаққа нұсқау.

Бейне ролик көрсету. (қазақтың ұлттық киімдерінің бейнесі)

Біздің сабағымыздың мақсаты қалай деп ойлайсыздар?

Сабақты мақсатымен таныстыру. Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

  • Қазақ халқының ұлттық киімдері.
  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақ халқының киім — кешегі — ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Киімнің тігілуінен халық тұрмысының жай — күйі, мәдениетінің қалыптасуы, ғасырлар бойы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді. Ұлттық киімдер сәндеп кестеленеді, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеледі. Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналды. Бұлар — қазақ халқының мәдени қазынасы. Қазақ халқының ұлттық киімдері екіге бөлінеді: ерлер киімі және де әйелдер киімі. Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік  жатады. Әйелдер киіміне: қос етік, көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.

 

  1. Топпен жұмыс.

Топтар өз кәсіпкерлігі туралы мәтін бойынша топтарын қорғау.

 

Шапан тобы — қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл — өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі.

Тақия тобы — ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді.

Шалбар тобы — Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ шалбар» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Етік тобы — Саптама етік – ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын малшыларға, механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыда, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қисық табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұзын болады.

  1. Сергіту сәті.

Бейне ролик көрсету.

  1. Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін есте сақтау.

Қажетті құрал – жабдықтар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаз,

Әр топ өз кәсіпкерлік жұмыстары бойынша қағазға сурет салып (шапан, тақия, етік, шалбар) өздерінше сәндеу.

  1. Сабақты бекіту.

Түйме дақ гүлін құрастыру.

Қазақтың ұлттық киімдері: шапан, тақия, сәукеле, етік, шалбар, көйлек, ішік, айыр қалпақ, бөрік, тымақ.

  1. Қорытындылау. Рефлекция.

Шарты: әр оқушының алдарында саусақ салынған суреттер таратылады, суретке ұнатқан саусағына жүзік салу тапсырылады.

Бас бармақ- мен түсіндім

Балан үйрек- мен білгім келеді

Ортан терек – маған қиын болды

Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім

Кішкентай бөбек – мен тырысамын

  1. Үйге тапсырма беру.

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы эссе жазу

  1. Бағалау.

Әр оқушы өздерінің топтарындағы оқушыларды бағалау, соған қарап мұғалімнің бағалауы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *