Қазақтың ұлттық тағамдары. Тәрбие сағаты.

Таныстым: МДТО:Төленова М.
Мектеп: «М.Әуезов атындағы ЖОМ» МКМ
Күні:10.02.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Сапарбекова Ү.
Сынып: 10 ә Қатысқандар саны: 15
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақтың ұлттық тағамдары
Сабақ мақсаттары Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу. Рухани жаңғыру бағыттарына сай ұлттық тағамдарды заманауи қоғамға бейімдеу жолдарын қарастыру, сыни ойлауға дағдыландыру.
Жетістік критерийлер
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасады, оқушылар қазақ халықының ұлттық тағамдарын насихаттаудың түрлі жолдарын біледі.

Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсат
Баяндау, пікір білдіру, өз ойын анық жеткізе білу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Қазақ ұлттық тағамдары: мәселе, ұсыныс, шешім.
Құндылықтарды дарыту Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, тарих
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, ноутбук, слайд, видеоролик
Бастапқы білім
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин 1. Сәлемдесу
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шын жүректен» әдісі. Оқушылар жүрекшені ұстап, бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектерін айтады. Презентация «Жүрек»
Сабақтың ортасы
Зерттеу және талдау
2. «Мағынаны тану» кезеңі.
а)Тақырыпқа кіріспе, мұғалім сөзі.
(Слайдтағы суреттерге назар аударып, не бейнеленгенін, ол заттың маңызын сипаттау ұсынылады. Оқушы пікірі тыңдалады.)
— Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қай халықтың болмасын дастарханы, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет — ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Мемлекет басшысы: «…Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаң¬ғыру болмайды» дейді өз мақаласында.. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі — үш қонақ көрпесі, екі — үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай — жапсарын жетік білу ата — бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.

3. «Қызығушылықты ояту» кезеңі
а) Тақырып бойынша бес жолды өлең құру «Санквейн» «Ұлттық тағамдар»
Не?
Қандай?
Не істеді?
Түйін
Синоним
б). Өз ойларымен бөлісу.
«Қазақтың ұлттық тағамдары» видеоролик тамашалау.
4. «Ойталқы» кезеңі
а) Бұл қандай тағам? Диалог құру
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол — жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе — бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе — бауыр, қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш — төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.
/қазы/

б) «Менің жобам» ұсыныс-пікір кезеңі.
Оқушыларға проблемалық сұрақ ортаға тасталады. «Қазақ ұлттық тағамдарын заманауи қоғамдағы беделі: мәселе, ұсыныс,шешім». Сынып оқушылары алдын ала ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ұлттық тағамдардың беделін көтеудің түрлі жолдарын ұсынады:
1. Ұлттық тағам орталығы.
2. Ұлттық тағамдарды күнделікті қолжетімділігі.
3. Жарнама, менеджмент.
4. Ұлттық тағамдардың ағзаға пайдасын зерттеу.
Оқушылар пікірі, ұсыныстары тыңдалады. Ортақ шешім қабылданады.

Ұлттық тағам суреттері, видеороликтер.
Ұлттық тағам түрлері

(Слайд 1-3)

Стикер
(слайд 4)

Слайд 6

Постер
Ватман
Маркер

Слайд 6-10
Сабақтың соңы
Рефлексия:
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма:
«Ұлттық тағамдар – салауатты өмір бастауы» таныстырылым жасау. Стикер
Слайд 11

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *