Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Баскиімдер жасау

Еңбекке баулу Уақыты: Кабинет:1 Мұғалім:Жанабаева Жаныл
Сабақтың атауы Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Баскиімдер жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Білімділік: оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт — дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақ көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдердің суреттері, түрлері
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір — қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын — сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері — Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою — өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой — дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол — біздің ұлттық мәдениетіміз.
Мағынаны тану
Бас киім
Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ(айырқалпақ). Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Тымақ — қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.

Бөрік — қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің етірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке — жеке сайларды біріне — бірін өбістіріп ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа, т. б.) тыстайды. Бөріктің іші қанша сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарланып тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді.
Тақия — ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Айыр қалпақ — ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады). Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді. Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр — қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр
Сәукеле — әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлері киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін.
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс — жайын, тіпті жүріс — тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан — алуан. Олар көбіне рулық — тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою — орнексіз болмаған. Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.
Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс Бас киімді қағаздан жасап үйренейік

Үй тапсырмасы Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Парақшаларды толтырады
Кері байланыс

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *