Ұлттық құндылық – ізгілік айнасы

Маханова Гулаш Умирзаковна

 

                            Ұлттық құндылық – ізгілік айнасы

                                                       Қазақтың тағдыры келешекте

                                                       ел болуы да мектебінің қандай

                                                       негізде құрылуына барып тіреледі

                                                                                   М .Жұмабаев

Келешекке үміт артқан сүйкімді шәкірттерімді әлемдік ғылыммен қаруландырып, өнегелі тәрбие беру —  басты мақсатым. Дархан үміті мен құшақ толы арманын келер ғасырға жалғаған әр шәкіртттің болашағы маған аманат іспеттес.

Сондықтан XXI ғасырдағы – білімділер ғасырының талабына сай зерделі, ой- өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыруға күш салу – үміт жолындағы талпыныс..

Отандық білім берудегі жаңа жүйе – дарынды ұрпағының көш керуеніне тура жол сілтеп, өзіндік пікірді қалыптастыруға, өзіндік көзқарасын сыни тұрғыдан бағалай білуіне бағыт көрсетті. Бүгінгі шәкіртке де, ұстазға да таудай талап, биік мақсат  жүктеп, нақты қадамға бағыт сілтегені баршаға аян. Сол бағытқа қадам басар сәтте Бауыржан атамның «Мүмкіндігіңнен мақсатың биік болсын» деген қанатты сөзін өз тәжірибемде басты қағида ретінде ұстанамын. Іс- әрекеттегі көшбасшылық зерттеуімде әріптестер тәжірибесімен бөлісіп, оқушы әлемінің құпия сырларын терең ашуға, ұлттық құндылық  дәнін себуге, рухани адамгершілік қасиеттерді үлгі етуге ұмтыламын. Өткенді екшеп, ой елегінен өткізіп, ақыл таразысына салып, жаңаны жатырқамауға  тың серпін, күш – қуат беруге талпындырамын. Бұл ойдың  шындығы ұлы ғұлама Әл- Фараби идеясымен де ұштасып жатқандай. «Ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды» деген құнды пікірі осы ойдың айғағы. Бүгінгі бала бетін Отаншылдық сезімге бұруда «мектеп, жанұя, бала» үштік тағанының арасындағы байланысты нығайтуда ата- анамен жүргізілген тренинг коучинг сабақтарының әсері мол.

Өйткені, қазіргі қоғамға «Жаңашылдық» туғызуда ата- ана бойында мектепке деген жүрегінде адалдық, ұстазға деген сенімділік орныққан сәтте ғана бала ісінде табандылық, шынайы құзыреттілік, рухани адамгершілік қалыптаса бастайтындығы шындық.

Кезінде Шәкәрім сынды бабаларымның армандаған «Ар» ілімінің негізі бүгінгі мектепте «Өзін- өзі тану» пәнімен ұштасып жатқан жоқ па?: Өз ортасында имандылық, адамгершілік қасиеттердің орнығуын тілеген ақын:

Алдау —  күш, айуандықтың ең жаманы

Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес

Ар түзейтін бір ілім табылмаса,

Зұлымдықты жалғанда ешкім жеңбес ,-

деп бүгінгі қоғамның болашағын нақты болжай білгендігін анық байқаймыз.

Әрине, жүрегінде ақындығы, білегінде батырлығы, сүйегінде жақындығы бар әрбір ата- ана осы ойды көкейге түйіп, ақыл таразысына салса, баламен жарысып «Көркем әдебиет» әлеміне кіре білсе, нағыз Отаншылдық сезім сонда қалыптасатындығына толықтай сенімдімін «Мен өз Отанымның патриотымын» деген әрбір оқушы Елбасы сөзін «Бұл өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген сыйластық, бүкіл қоғамның ортақтасуы мен әрбір қазақстандықтың болашағына деген сенімді үміті мен қуанышы. Патриотизмді бүкіл қоғамның көмегімен жастар, әсіресе балалар арасында құрылып қалыптасуы қажет. Өз отанының патриоты болу деген – бұл Қазақстанды өз жүрегінде алып     жүруі» идеясын мақұлдайды.

Сондықтан әрбір шәкірт дүние өзгерісін патриоттық көзқараспен қарауы тиіс. Көпұлтты мемлекетінің татулығын мәңгілік жарастыруға тәеулсіздікті тұғырынан тайдырмауға, Мәңгілік Ел идеясын мақұлдауға талпынары сөзсіз.

Әрине, игі істердің бастау аларына тек қана мектеп ұйтқы болатындығына сенімдімін.

Өйткені, мектеп – келешек ел басқарып, халқы мен жерін гүлдендіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі орда, қасиетті ұя. Сол ұяда қоғам сенген  ұлы адам —  ол ұстаз. Шәкірт жүрегіне бар асыл қасиетті ұялатып, мәдениеттілікті қалыптастырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына күш салып, дарындылықты сан қырынан дамытуға, шығармашылық шыңдалуға жетелейді. Асыл ойдың кейіпкерін Ш.А.Амонашивили пікірімен дәлелдер болсақ «Ол адам —  тәңірдің өзіне берген уақыты аралығында айналасына мейірімділік, адалдық, сүйіспеншілік, сыйластық, еңбекқорлық нәрін сеуіп үлгеруі керек»

Даналықты ұлы жүрекпен ұғына білер нағыз ұстазға берілер әділ баға. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықтың жанкүйері болғандығыма өзімді бақытты санаймын. Бала бойына ана сүтімен даритын ана тілдің қадір — қасиетін танытуда нәрлі уыздай көңілді кеңейтер, кірбіңді жадыратып,жүректі тербетер, баға жетпес байлық —  ұлттық құндылық екендігін үлгі етемін. Ұлттық қазынаның үлгісі саналған мәдени мұраны көз қарашығындай сақтай білуге талпындырамын. Өйткені «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты» — деген М.Әуезов пікірі де осы ойдың айғағы.

Әрине, әлемдік бәсекелестікке енудің алғашқы баспалдағы үштұғырлы тіл болса, өз тіліңді жоғалтпау – сенің адамдық борышың. Мәңгілік Елдің – мәңгілік идеясы іспеттес, ұрпақтар сабақтастығы мен кең өріс алған ұлт қазынасы – ізгілік айнасы боп жарқырай көрінеріне  толықтай сенімдімін.

Асылдың сынығындай Тоныкөк бабамнан бастау алған Мәңгілік Елім әлемдік деңгейде көріне берсін! Білімді шәкірттеріме де үлкен сенім артып:

Кіршіксіз ардай сақтаңдар!

Қазақтың тілін ғаламат

Ұрпақтар, атар ақтаңдар,

Аманат сағын, аманат! – дегім келеді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *