Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет!

Смаканова Самал Саятовна

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау,

 өзгенің уақытын аялау»

 Жан Жак Руссо

 

Ұстаз…

Ұстаз ұғымын айта бастасаң, көз алдыңа сөзбен суреттеп жеткізе алмастай ерекше алып тұлға елестейді. Ия, ол өте алып, өте алғыр, дана… Айта берсең, барлық теңеуге лайық. Алдындағы шәкірті үшін барын сарп етуге дайын жомарт жан. Ұстаз — ана,  шәкіртін туған анасындай бауырына тартып,өмір өрнектерін, тұрмыс-тіршілік қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, оларды сабырмен қабылдай білуге, бар білгенін үйретіп,  баулудан жалықпайды.Ұстаз – әке, көргені мен түйгені көп, соның барын шәкіртіне береді. Алдындағы көп шәкіртінің бірін де алаламай, барлығына бірдей қамқорлық  жасайды. Ұстаз – айнымас дос, жықпас жолдас. Ол әрқашан да шәкіртімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді, ол шәкіртіне тек жақсылык ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жан сала жақсылық жасайды.Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен.

«Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»деп Бауыржан Момышұлы атамыз өсиет қалдырған. Ия, ұстаздық — ұлы кәсіп. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау. Өз уақытын аямай, уақытпен санаспай бар жаныңды салып қызмет ете жүріп, өзгенің бақытын да,уақытын да аялай білу тек ұстаздың қолынан ғана келетін кәсіп. Қандай да бірмамандықөзіншеқызықты да, күрделі болар. Бірақ, жарық дүниеде ұстаздық етуден асқан қиын, қиямет-қайым қызмет жоқ.Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл десем артық айтқандық емес шығар. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы, патшалық құру, батыр болу, бай болу —  рахат, ал ұстаздық ету — еңбек, бейнет.Ұстаздық —  жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мамандық-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау, ұстаздық ету.

Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.Тәуелсіздік алып, жеке мемлекет атанып, төбемізге көк туымызды тігіп, әлем атымызды танып жатқан кезеңдегі ұлттың  болашағы- жас ұрпақтың тәрбиесі тікелей ұстаздың қолында. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы, батылдығы  деп бағалауға болады.
Ақыл, сана, сабыр, талас-тартысу

Мұғалімнің табиғаты — жалпы осы:

Бос уақыты ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты әрбір түннің жартысы.

Махаббаты: бала және Отаны.

Сүйікті ісі: қағаз-кітап қопару.

Демалысы: Шәкірттерге хат жазу.

Ал кәсібі: от беру мен от алу!

Мұғалімнің мектеп мекен тұрағы,

Мектеп десе жан дүние құрамы

Үсті –үстіне қатты соққан жүрек пен

Өзін-өзі ұмытудан тұрады!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *