Өзіңді және басқаларды құрметтеуге үйренеміз

                                 

Пәні: Өзін- өзі тану                                                                Сыныбы: 2                     

Тақырыбы: Өзіңді және басқаларды құрметтеуге уйренеміз                                 

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:  мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Мұғалім Құдайбергенова Динара

Мақсаты: оқушыларға өзін және өзгелерді құрметтей білудің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

—         оқушыларды өзін және өзгелерді құрметтей білуге үйрету.

—         кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

—         мейірімділік, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, түрлі түсті бояулар т.б

 

Сабақтың барысы;

·        Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу оқушылардың көңіл- күйін сұрау,сабаққа қатысуды тексеру.

—         Қуан шаттан!

—         Қуанатын күн бүгін.

—         Қайырлы таң!

—         Қайырлы күн!

—         Күліп шықты күн бүгін!

Тыныштық сәті

Ауызша ойланып жумыс турлерінен кейін оқушылардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуларынада болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша екі минуттай отырады.

Үй тапсырмасын тексеру     

Оқушыларға өткен сабақта берілген Леонардо да Венчидің «Қайырымдылық» атты әңгімесін алдын ала үйде оқу ұсынылған.

Сабақтың барысын талдау
Дәйексөз

«Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл» деген Лұқпан Хакімнің сөзімен таныстыру.

 Әңгімелесу

·        Қыран қандай құс?

·        Қыран құстар неге қастарына басқа құстарды ұшқандарын қаламайды?

·        Құрмет пен сыйластықты күшпен алаалама?

Шығармашылық жұмыс:

Шығармашылық іс – әрекет арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту болып табылады.

Оқулықта 1 – тапсырма былай берілген.

Тапсырманы кілтін пайдалана отырып әріптерді орындарына дұрыс қойыңдар. Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзін оқуға болады.

Топпен ән айту 3 мин. Сөзін жазған Қ.Ыдырысов

Әнін жазған Е.Хасанғалиев

«Келші, келші балашым»

Айым болып тудың ба?

күнің болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба

әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма ретінде Немат Келімбетұлының «Менің әкем» атты әңгімесін оқып келуге беріледі.

Қорытындылау

—         Балалар, бүгінгі сабақта құндылықтар мен  адами қасиеттердің мәнін жан – жақты ашып, олардың санасында орнығуына мүмкіндік туғызады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *