Қара шаңырақ ҚазҰУ
Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – біздің еліміздегі бірінші классикалық университет және барлық Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығыныңбірінші лауреаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ—Қазақстандық университеттердің жалпырейтингінде тұрақты көшбасшы болып келеді.
Қара шаңырақ ҚазҰУ өз қызметінің барлық жылдарында көпұлтты Қазақстан экономикасының,саяси-құқықтық өмірінің, мәдениетінің, ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты және еліміздің жоғары мектебінің барлық жүйесінің тірегіне айналды. Ол осы күнге дейін қалыптасып келді және бүгінгі күнге дейін жоғары кәсіби білікті кадрлардың ұстаханасы, республикадағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі орталықтарының бірі.
ҚазҰУ-да білім алғаннан кейін сіз оның сапасын, жаңа мүмкіндіктер университеті екенінтүсінесіз. Оқу кезінде студенттерге екі дәрежелі білім алуға, MOOC-ты қолдана отырып, қосымша пәндерді онлайн оқуға мүмкіндік беріледі. Университеттің дамыған инфрақұрылымы, заманауи автоматтандырылған кітапханасы мен бір ғимаратта әр түрлі қызметтерді алуға мүмкіндік беретін оқу орны студенттеріне арналған заманауи сервис орталығы жоғары бәсекеге қабілетті даму деңгейі туралы, QS халықаралық рейтингінде 213 – орынды алып тұрғанын айта аламыз.
ҚазҰУ студенттері арасында қазіргі уақытта Қазақстан мен шетелде беделді лауазымдарға ие болған Бақытжан Сағынтаев, Дариға Назарбаева, Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Рахман Алшанов, Абдрасул Жарменов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов және Нұрлан Смағұлов, Әсел Сағатова сондай-ақ басқа да көптеген жарқын белсенділерімен танымал. Әрбір студент үшін студенттік өмір оның өмірінің және тіпті өзін-өзі жүзеге асырудың негізгі кезеңдерініңбірі болып табылады. ҚазҰУ студенттері үшін өздерінің студенттік жылдарын жарқын және ұмытылмас өткізуге өте жақсы мүмкіндік бар деп санаймыз.
Қара шаңырақ ҚазҰУ – жай ғана университет емес. Бұл Қазақстандық ғылым, оның принциптері мен құндылықтары қалыптасқан негіз. Осы оқу орнының қабырғасында біз озық білім мен дана кеңестер алдық. Біз мықты болуды жәнежауапкершілікті сезінуді үйрендік. Мұнда біз алғашқы жеңістеріміздің дәмін сездік!
Осылайша, ҚазҰУ – экологиялық таза 200-дің қатарына енген және әлемдегі ең технологиялық озық 50 университеттің қатарына енген жалғыз Қазақстандық университет. Университет түркі әлеміндегі ең үздік университет болып танылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінің студенттері Тұрдахынбай Әсем, Қайнарбай Айханым.
Жетекші: Назкен Жансерікқызы