Спорт — денсаулық кепілі

Спорт – денсаулық кепілі

Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, өзге елдермен терезесі тең, керегі кең болып мінекей,  жылдан бері жасасып келеді. Халқымыз «Елу жылда ел жаңа» деп жатады, осы аралықта Отанымыздың атын жарыққа шығарып, талай додада жол бастап жатқан жас ұрпақ көп. Бұған өте қуанамыз, әрине.

Спорт – деніміздің саулығының кепілі, Елбасымыз айтқандай, «Егеменде елдің ертеңі – білімді, сауатты, денсаулығы мықты жастардың қолында». Ендеше, Тұңғыш Президент артып отырған үмітті сөндірмей, спортты жанымыз сүйіп, жат қимылдардан аулақ болуымыз керек. Адам өз денінің саулығына тек өзі ғана жауапты. Сол үшін бала күннен денсаулыққа аса ыждағатпен қарап, зиянды әрекеттер мен қауіпті заттардан аулақ өскен жөн. Бұл тұрғыда алдымен жауапкершілікті ата-аналар мен ұстаздар алады.

Мектеп қабырғасында түрлі психологиялық дағдарыста өтетін жасөспірімдермен жұмыс жасаймыз. Біз, спорт мамандары, алдымызға келген жас балаларды тәртіп пен тәрбиеге қатар бағыттаймыз. Спорт – осы қадамдардың ең оңай әрі пайдалы тәсілі. Себебі спорттың барлық түрі де балалар үшін қызық, әрі пайдалы.

Мамкенов Курмет Сайлауханович

Риддер қаласы

Н.Ильясов атындағы

«№9 негізгі орта мектебі»КММ

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *