Қазақ тілі сабағында 4 дағдыны қалыптастыруға арналған қызықты әдіс-тәсілдер

Қазақ тілі сабақтарында 4 тілдік дағдыны қалыптастыруға арналған қызықты әдіс-тәсілдер.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын          жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге       үлес қосады.

Оқыту        тәсілдерінің         түрлері:

  • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
  • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
  • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.  Қазақ тілі сабақтарында 4 тілдік дағдыны қалыптастыруға арналған қызықты әдіс-тәсілдері ұсынамын.

  1. «Тыңдау- келісу- талқылау»— «Послушать – сговориться – обсудить».Оқушылар тақырыпқа байланысты үш сөз ойланып айтады, жазады. Көрші отырған оқушыға береді, ол тағы үш сөз қосады. 1,5 минут соң екуі келісіп алты сөзден үш сөз қалдырады, сыныпқа айтады. Таңдалған сөздерді барлық оқушылар бірнеше рет қайталайды. Ұсынылған сөздерді тақтаға жазады. Ең негізгі үш сөзді таңдап алады, олармен сөйлемдер құрайды.
  2. «Пікір бұлттары»— «Облака мыслей»- оқушылар тыңдалған, оқыған, көрген материалдар бойынша ойына не келгендері туралы айтады, жазады, тапсырмаларды орындағаннан кейін «бұлттарға» қайта оралып негізгісін таңдайды, хабарлайды.
  3. 3. «Жазушы, режиссермен бірге»— «»Рядом с писателем, режиссером». Басты кейіпкер, оның анасы немесе достары атынан монолог оқу, айту.Орындаушы образға кіріп, орындау керек.
  4. 4. «Төбешік, таудың шыңы»— «Вершина».Тақтада немесе флипчартта қиын жолдары бар таудың суреті болады.Ор «жаман адам» — шың «жақсы адам». Нүктелеп оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді орналастырады, өз пікірлерін дәлелдейді.

5.«Төрт бұрышты қиықша ассоциациялары» — «Ромб ассоциаций». Парақтың ортысына қиықша салынады, ортасына тақырып жазылады. Сол жағына мәтінннен сөз, сөз тіркестер жазылады, оң жағына тақырып төңірегінде бұл сөздер қандай сезім тудыратынын жазады, айтады.

  1. 6. «Кейіпкер жасау рецепті»— «Рецепт приготовления героя». Оқушылар қоспалар(ингридиент) тізімін жасайды. Мысалы: кейіпкердің мінездемесі, порттреттік мінездемесі және тағы басқалар. Мысалы Алдар көсені жасау. Кейіпкерді киіндіру, портретін сипаттау, мінезін сипаттау т.б
  2. 7. «Сезімдер мүсіні» —«Скульптура чувств.»- оқылған, тыңдалған мәтінде басым болған сезімге оқушылар мүсін жасайды, дәлелдейді.

8.«Жеделхат» — «Телеграмма». Оқушылар мәтін бойынша досына, анасына, көршісіне тілек ретінде не түсінгені туралы қысқаша жазады.

9.«Кейіпкермен кездесу» — «Встреча с героем.» Оқушылар өз алдарына басты кейіпкерді елестетеді. Оған екі ғана сұрақ қоя алады: ол туралы білу үшін, және өзі туралы білу үшін. Сендер қандай сұрақтар коясыңдар? Қалай ойлайсыңдар ол қандай жауап берер еді?

10.«Сандықша» — «Шкатулка» — сендердің ойыңызша, сандықшаға кейіпкерге болашақта не қажет болатынын салыңыз.Өзіне не салар едің?Сандықшада болуы мүмкін: мінезіне сипаттама, тілек, ұсыныс, бұйрық т.б..

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *