Адам мінезі

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

 

Тарау:2 Адам болам десеңіз…
Педагогтің аты-жөні:  

«№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Садуакасова Фариза Жамантаевна

 

 Күні:    28.10.21
 Сынып: 5 а, ә  Қатысушылардың саны:

            5 а                       5 ә

          17          19
Қатыспағандардың саны:
Сабақтың тақырыбы: №9 Адам мінезі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: Тәндік және рухани саулықтың, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінеді, зиянды әдеттерден аулақ болады;
Құндылық Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, қайсарлылық, сабырлық.
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға адамның мінезінің жақсы болуының маңыздылығын ұғындыра отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:

1.      Білімділік

2.      Дамытушылық

Тәрбиелік

— «Адам мінезі»  ұғымы туралы түсінік беру;

— мінезді жақсартудың жолдарын үйрету;

— әдептілікке, қайсарлылыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт  Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі.

(1 мин.)

 

1.    Жағымды көңіл күй. 

(3-5 мин.)

 

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

«5Т» ережесін еске түсіреді.

«Нұрға бөлену» жағымды күйге ену сәтін  өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар «Нұрға бөлену» жаттығуында жағымды ойларды жинақтап,  өрбіте білуге бейімделеді.

1.Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық./

Ізғұттынова Р.О., Оралбекова Ә.Қ., Алиев Б.Ш.., Көшкеева Г.Ө.,  .–Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2017

2. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.

Ізғұттынова Р.О., Оралбекова Ә.Қ., Алиев Б.Ш., Көшкеева Г.Ө.,  .–Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2017. 128б.

Ф. Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы

https://www.youtube.com/watch?v=k1zSDB-Iw7E&t=22s

2.     Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)

(3-5 мин.)

 

«Ұстаз бен шәкірт» аңыз әңгімесін төмендегі сұрақтар бойынша  талдайды.

 

Сұрақтар:

·  Басында Бұлбұлдың мінезі қандай еді?

·  Оның өзгеруіне не себеп болды?

·  Ұстаздың «Оған кедергі болған сенің мінезіңдегі кемшіліктер» деген сөзін қалай түсінесіздер?

·  Адам мінезі жақсы болу үшін қандай қасиеттер болу керек?

·  Аталған қасиеттер қандай құндылықтың көрінісі болып табылады?

·  Мінезі жақсы адам деп кімдерді айта аласың? Неліктен?

 

Мұғалім осы мәтінді талдау барысында, оқушылар өз бойындағы қабілетіне сеніп, қиялға жол бермей қатаң талапқа шыдау, сонымен қоса қандай ортада болмаса жақсы мінез таныту, өз бойындағы кемшіліктерді жою арқылы дұрыс әрекет жасау  керек екендігіне назар аударады.

 

Мұғалім сұрағына жауап бере отырып, адам алдына қойған мақсатына жету үшін  мінездегі кемшіліктер мен жағымды қасиеттерін ажырата алады.

Әдептілік, қайсарлылық, сабырлық қасиеттерін шыңдай отырып, Дұрыс ірекет құндылығының маңыздылығын ұғынады.

 

 

Оқулық, №9 сабақ, 36-бет

 

3.     Жағымды ой-пікір

(дәйексөз) (әңгімелесу)

 (3-4 мин.)

 Ізгі іс мінезі түзулік.                                                                                 

Жүсіп Баласағұни

Сұрақтар:

1.     Адам мінезі қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

2.     Мінезді түзету неліктен ізгі, жақсы іс болып табылады?

3.     Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Сұраққа жауап беру арқылы  дәйексөздің мағынасын ашады.

Дәйексөзден  оқушылар ізгі істерге, түзу мінезге яғни   әр адамның мінезінің жақсы болуы тек қана өзіне байланысты екендігі туралы  ой түйеді.

 

Дәйексөзді        2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады.

Презентация, жұмыс дәптері.

 

4.     Оқиға айту (әңгімелесу)

( 3-8 мин.)

 

 «Адамның мінезінің табиғатпен үйлесімі» тақырыбында аңыз әңгімені айтып береді.

Адам мінезінің табиғатпен үйлесімі

Аңыз

Табиғат ана адамға риза болғаны соншалық оған сый тарту еткісі келеді.

Таудың биіктігін береді, абыройы асқақ, еңсесі биік жүрсін деп. Алтынның әзиздігін береді.

Судың тасқынын береді, өжет болсын, оның жасамайтын ісі қалмасын.

Оттың дүлей күшін береді, өйткені оның жалыны қаншама адамды жылытады.

Аспанның асқақтығын береді.

Ағаштың жұмсақтығын береді.

Тастың қаттылығын береді.

Барлығынан да бұрын біз жерге қаншама қоқыс тастаймыз. Күл-қоқыс, лас суды төгеміз. Бірақ сонда да Жер-ана соны бойына сіңіріп, тәтті бұлаққа айналады. Жан-жануарлар, адамдар, бүкіл тіршілік иелері жер бетін таптап жүрсе де, жер орнынан бір қозғалмайды, сондай сабырлы. Қойны толған алтын-күміс, ас-ауқат. Сондықтан жер сияқты салмақты болыңыз!

 

Сұрақтар:

ü Табиғат-Ананың  адамға қандай сый тарту етті?

ü Таудан, алтыннан, судан, оттан, аспаннан, ағаштан нені үйренер едің?

ü Жер-анадан қандай қасиеттерді бойымызға сіңірер едік?

ü Аталған қасиеттер қандай құндылықтың көрінісі болып табылады?

ü Өз мінезіңді жақсарту үшін қандай жақсы істер жасар едің? Мысал келтіріңіз?

 

Сұрақтарға жауап алу барысында әр адамның бойындағы Табиғат-ананың берген сыйын  қаншалықты өмірлерінде пайдаланып жүргендерін ой елегінен өткізе отырып, адам мінезін де көрініс табатынына көздерін жеткізеді.  Қайсарлық, сабырлылық, төзімділік қасиеттері арқылы,  Дұрыс әрекет құндылығын мәнін ашады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, адам мінезінің табиғатпен үйлесімді екенін ұғынады. Мінез адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы екеніндігіне

көздерін жеткізеді.

 
5.    Шығарма-шылық жұмыс

 (12-15 мин.)

 

 

Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.

 

1-топтың оқушыларына адам мінезі туралы мақал-мәтелдер жазу тапсырады.

(Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.

Ілмектер: жақсыжаман мінез-құлық

Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі.

Ілмектер: адаммінез- құлықжақсыжаман

Екі жақсы қосылса,
Ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасар, таласар.

Ілмектер: жақсыжаман

Пәле түбі – жұт, жақсы мінез – құт).

2-топтың оқушыларына «Адам мінезінің табиғатпен үйлесімі» аңыз әңгімені пайдалана отырып, жағдаяттар құрастырып, сахналауды тапсырады.

3-топтың оқушыларына адам мінезіндегі жағымды қасиеттерді топтастыру барысында кластер қорғауды тапсырады.

Оқушылар адам өз бойындағы міндерін түзеп, әдептілік, қайсарлылық, сабырлық қасиеттерді дамытса, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашады.

Оқушылар сұрақтарға жауап іздеуді, шығармашылық жұмыстарды орындауды  үйренеді.

Тапсырмаларды дәптерге өз беттерінше орындай отырып, жобалық жұмысты жауапкершілікпен атқаруды түсінеді.

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, қазақ күйі  қойылады.

https://youtu.be/c-ppUjbIbr4

 

 

6. Жобалау қызметі

 

Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындау барысында, мұғалім Дұрыс әрекет құндылығы туралы ой қорытуға ықпал етеді.

Мұғалім оқушыларға  жобаның екінші кезеңі «Мен не істей аламын?» деген сұрақтарға жауап іздеуге бағыттайды.

Оқушыларға қиялын, білігін пайдалана отырып, кез келген қолжетімді материалдардан (қатырма қағаз, мата, пластик ыдыстар, полиэтилен пакеттер және басқалар) шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыратындығын түсіндіреді.

Жобаны орындау үшін сыныптастарымен бір топқа бірігеді.

· Жоба тақырыбы: жобамызды қалай атасақ болады?

· Жоба нысаны: кімге және қалай көмек бергіміз келеді?

· Жоба пәні: не істегім келеді?

Жоба жоспарын және жобаның дайындық барысын жүйелі түрде жоба күнделігіне  толтырып отырудың маңыздылығын түсіндіреді.

Дәптерге орындайды, жеке жобалық күнделік арнайды.  
7. Үй тапсырмасы

(1-2 мин.)

1.Ахат Жақсыбаевтың «Халық суретшісі» әңгімесін оқып келу беріледі.

2. 4-тапсырманы орындау ұсынылады.

 

Үй тапсырмасын жазады. Оқулық, №10

сабақ, 40-бет.

Дәптер, оқулық-тағы 4-тапсырма,  42- бет.

8. Топпен ән айту.

(2-3 мин.)

 

«Дос болайық бәріміз» әнін орындайды.

Өлеңін жазған Хасенхан Талғаров,

әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Мұғаліммен бірге ән шырқайды. Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=UHJN4eJD0KE

9. Сабақтың қорытынды сәті.

(1 мин.)

 Мұғалім сабақтың қорытынды сәтінде

оқушыларға мінез адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы екенін, адамның іс-әрекетінен оның мінезін тануға болатынын, адамның мінезі оның өзіне, өзгелерге қарым-қатынасынан байқалатынын тілге тиек етеді. Мұғалім балаларға   бүгінгі сабақтан алған жағымды қасиеттерді жүректеріңе сақтап алуларын  өтінеді.

Адамдардың адал қызмет етуі,

әдепті, қайсарлы, сабырлы болуы, дұрыс әрекет құндылығының  көрініс екендігі туралы қорытындыға келеді.

Баяу композиция қойылады.

https://youtu.be/aqgRreyIyOw?list=PLecPMuZEmEojr_XG5TJtBdvDvM3XFOv5W

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *