Алаяқтықтан сақ болайық

Қазіргі кезде қалалы жерлерде, көптеген сауда орындарында, көпшілік жүретін көліктерде тіптен түнде көшелерде жүрген кезде ұрлық жасап, оңай олжа тауып жүрген адамдар көп екендігі белгілі.Олар көбінесе ақша ұрлап, ұялы телефондарды ұрлап өз нәпақаларын табады.Міне, осындай жағдай ауылдық жерлерде де күн санап өрши түсуде.Ауылдық жерлерде ұялы телефонды алаяқтық пен алдап-арбап ұрлайтын жайттар жиілеп барады.Жақында Сарыағаш қаласында болғанымда, осы жағдайға куә болдым.Құрбымның айтуы бойынша, кеш қарайғанда телефонмен сөйлесіп тұрған оны көрген алаяқ тез арада бір жерге қоңырау шалуы керектігін айтып, жалбарынып телефонды сұрап алып, табанын жалтыратқан көрінеді.Бірақ ізденіс барысында алаяқ достарымен кафеде отырған жерінен қолға түсіп, телефон иесіне қайтарылды.Бірақ алаяқтың жетім екенін біліп, құрбым оған аяушылықпен қарап, оны қоя берді.Ал енді мұндай ұрлыққа не себеп? Жұмыстың жоқтығы ма? Жоқ әлде жасөспірімдердің ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргендігінде ме? Мүмкін бұл жастар үшін әдетке айналған шығар.Олай болса, ауру қалса да әдет қалмайды демекші, осындай жастардың бүкіл жастық шағы, жанын аямай жұмыс істеп, білім алатын кезі алаяқтықпен өтпек пе? Өзінің адал еңбегімен нан тауып, ешкімнің қарғысына, көз жасына ұшырамай, абыроймен өмір сүру қандай бақыт десеңізші! Қазір жастардың психологиясына әсер ететін теріс жәйттар көбейді, солардың жиіркенішті екенін ұғындырып отыру қажет.Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге тиіс жастарымыз жағымды нәрсені жаман нәрседен ажырата білуі керек.Обал деген сөз бен сауап сөзінің мәнін түсінгені абзал.Алғыс, қарғыс деген сөздердің адам өміріне тигізер әсері зор.Сондықтан алаяқтықтан жиреніп,одан бойды аулақ ұстаумен қатар қоғамдағы мұндай келеңсіздікке қарсы күресу біздің міндетіміз болмақ.Ең бастасы қандай жағдай болмасын ұрлыққа бармау керек екенін жастар түсінсе деймін.Себебі өзге адамға зиян келтіру адамды еш уақытта жақсылыққа жеткізбейді.Өзге адамның ақшасын ұялы телефонын ұрлап оңай олжаға қол жеткіземін деген ол ақымақтық деп ойлаймын.Адамдарға қандай жаманшылық жасасаң сол жамандығың өзіңе жамандық болып келері анық.Қазіргі кезде заман өзгеріп бара жатыр деген сөздерді жиі естіп жатамыз.Айтқым келетіні заман орнында тұр.Қазір адамдардар өзгеріп бара жатыр.Дәл осындай адамдар қоғамғада  әсер етеді.Тіптен жанында жүрген адамдарды да осы іске үгіттеуі мүмкін.Солайша өз ортасына да зиянын тигізеді.Алаяқтықтан аулақ болып, тек жақсы істерге қарай ұмтылайық дегім келеді.Қазір к<span;>омпьютерлік технологиялар мен желілік технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде компьютерлік техниканың техникалық құралдарын қолдана отырып, алаяқтық шабуылдардың үлесі артып келеді.Осыған байланысты қаншама адамдар алданып сан соғып қалуда.Қорыта айтқанда осындай жағдайлардан сақ болайық.

Калжанова Жансая

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ университетінің 1 курс студенті

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *