Босқа кеткен уақыт

 

Иәә,досым! Бос уақытың пайда болып бұл мақаланы оқып отырмысың? Ендеше соңына дейін оқы.Себебі бұл жазбаны оқып біткен соң уақыттың қадірін түсініп,баяғыдан бекерге кеткен өміріне өкініп қана қоймай, алдағы уақытта бір минуттың өзін бекерге жұмсамаудың маңызын түсінесің.«Ей адам! Бұл күндер міндетті түрде өтеді тіпті басым бөлігі өтіп кетті.Онда еш болмаса қалған өмірініңнің қадірін біл»-деп көрнекті мудхажид Суфьян Саури жазып қалдырған.Мысалы мынадай адамдарды түсіну қиын.Тамақ ішеді, барып ұйықтайды,қалған кездерде бос уақытын теледидар қарап, керексіз ойындар ойнап,қыдырумен, пайдасыз бас қосулармен өткізіп жатады.Әлемнің 70%-ы осындай санасыз надандарға толы.Олар бұл өмірге не мақсатта келгенің,артынан қандай із қалдыруы керек екенін түсінбейді.Күндегі жасап жатқан бір ісі қайталана береді.«Мен бұл өмірге не үшін тап болдым,қол жеткізудегі басты мақсатым қандай?»-деп еш ойланбайды, дамымайды, алдыға қарай талпынбайды.Осының салдарынан қазіргі кезде әлдекімге масыл болып,жұмыссыз отырғандар саны аз емес.Олардың ең басты қателігі -уақытты кезінде дұрыс пайдалана алмауы.Егер уақыттың ешбір баға жетпес құнды байлық екенін түсінгенде, дәл қазір бай адамдардың қатарында болып отырулары ғажайып емес.Өмірді кез-келген уақытта өзгерте аласың,ал уақытты өзгерту мүмкін емес.Осы күнге дейін не істедің, не бітірдің? Өзіңе, өзгелерге қандай пайда әкелдің? Әлде әлі сол жүрісің бе? Уақытты дұрыс пайдаланудың орныңа тезірек өткенін күтіп.Есіңде болсын ештеңенің уақыты ешқашан келмейді, керісінше көз алдында тулап өтіп жатыр.Үлгерсең ұстағанын,үлгермесең ең сорақысы сол.Қорыта келгенде,егер сенде аз мөлшерде табыс тауып, әлемнің түкпір- түкпіріне саяхаттай алмайтын, өзіңді жан-жақты қамтамасыз ете алмайтын, қоғамға пайдасы тимейтін, рухани тұрғыда да, материалдық тұрғыда да кедей адамға айналғын келмесе, қазірден бастап ойлан!Оқу оқы,дамы, сырғып жатқан әр сағатыңды пайдалы іске жұмса,осыншама жасқа келгенде, қалған өмірініңді мәнді де сәнді өткіз.Баға жетпес уақытыңның құндылығын жоғалтпа.Сені алда көп мүмкіндіктер мен жетістіктер,биік шыңдар күтіп тұр!

Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,
Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Мухаммедова

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *